Интернет-дүкендерден сауда жасаудың тиімділігі

Интернет-дүкендерден сауда жасаудың тиімділігі

Егерде сіз интернет-дүкендердің қызметін пайдаланған болсаңыз, онда бұл ақпарат сізге белгілі. Ал егерде сіз, осындай дүкендерден сауда саттық жасамасаңыз, онда ары қарай оқып тұжырымдама жасаңыз.

Сонымен, интернет-дүкендерден сауда жасаудың тиімділігі қандай және осы дүкендерден қалай дұрыс сатып алуды игеру керек? Интернет-дүкендердің сенімділігін қалай бағалауға болады?

Интернет-дүкен (электрондық дүкен) – әрбір тауардың сипаттамасы (қасиеті), суреті, сондай-ақ бағасы көрсетілген тауарлардың топтамасы. Электрондық дүкеннен сіз өзіңізге қажетті тауарды іздейсіз және тапсырыс бересіз, сонымен қатар төлем жасау, таңдалған тауарды жеткізу орыны мен уақыты туралы ақпаратты қажет болады. Тауарды жеткізу курьер арқылы немесе пошта бөлімшелері арқылы іске асырылады.

Интернет-дүкендердің артықшылықтары:

— Тауарлардың бағасы біршама арзан болады. Себебі интернет-дүкенді құру, қарапайым дүкенді тұрғызғаннан біршама арзан. Сонымен қатар, жөндеу жұмыстарына, залдағы сауда жабдықтарына, электр энергиясына, коммуналдық қызметтерге және т.б. шығын бойынша дүкен иесі ақы төлемейді.

— Интернет дүкендердің ең бір анық артықшылығы – уақыттыңызды үнемдеуге мүмкіндік береді. Сіз қажет тауарды іздеу және оны алып келуге біршама уақыт жоғалтасыз. Ал интерне-дүкеннің көмегімен үйде отырып-ақ тапсырып жасауға болады.  Дүкендердің жұмыс кестесі бойынша өз жоспарыңызды өзгертпейсіз. Себебі олар тәулік бойы және демалыссыз жұмыс атқарады. Кассада төлем жасау үшін кезекте тұрмайсыз. Интернет дүкенде тапсырыс жылдам және жеңіл түрде іске асады.

— Тауар туралы анық ақпарат ала аласыз. Қарапайым дүкендерде тауар жөніндегі кеңесшілерге көптеген сұрақтарыңыз қоюға тура келеді. Сонымен қатар, кеңесші тауар туралы ақпаратты толық білмейтін жағыдайлар жиі ұшырасып жатады. Ал интернет-дүкендерде тұтынушылардың тауарға берген бағасы мен пікірлерін оқи аласыз.

Интернет дүкендердің кемшіліктері:

— Барлық интернет-дүкендердің кемшілігі – ол тауарды қолға алып, ұстап көре алмау мүмкіндігінің жоқтығы.

— Тағы бір кемшілігі, сізге өте қажет болып тұрған тауарды, жеткізуді тағатсыздана күту. Алайда бұл кемшіліктің өзіндің оңтайлы жағы да бар. Себебі біз қарапайым дүкендерде жүрген кездерде, түр түсіне қарап қызығып, керексіз заттарды сатып алып, артына осы затты не үшін алдым деп өкініп жататын кездер жиі кездесіп жатады. Ал, интернет-дүкен арқылы тауарды алатын болсақ, тапсырыс келмес бұрын, сіз бірнеше рет ой елегінен өткізіп, тіпті сатып алудан бас тартуыңызда мүмкін.

— Кейбір адамдар, интернет-дүкеннің операторларымен жеткізу орыны және уақыты туралы келісудің қажеттілігі өзіндік ыңғайсыздық тудырып жатады.

Интернет-дүкендердің сенімділігіне қалай көз жеткізуге болады?

Сенімді және жақсы интернет дүкеннің ең бірінші белгісі — Google, Yandex, Rambler және т.б. танымал іздеу желілеріндегі рейтингтегі алатын жоғары орыны. Тауарлардың ассортиментінің көптігі. Берілген тауарға кепілдіктің болуы. Сенімді интернет-дүкендерде нақты мекен-жайы мен байланыс көздері туралы ақпарат бүкпесіз жазылады. Сондай-ақ төлем жасау мен жеткізу әдістері туралы толық ақпарат көрсетіледі. Жақсы интернет дүкеннің маңызды көрсеткіші болып кері байланыс табылады.

Дамыған елдердің тұрғындары үшін интернет-дүкендерден сауда саттық жасау, қарапайым дүкендерді пайдаланатындай бүгінде олардың әдеттеріне сіңісіп кеткен. Көпшілігі тіпті, қарапайым дүкендерден қарағанда, интернет дүкендерді пайдаланғанды жақсы көреді, себебі жеңіл, жылдам, пайдалануға ыңғайлығымен көпшіліктің көңілінен шығып отыр.

загрузка...
Loading...