Қазақ мемлекетінің саяси және әлеуметтік құрылымдары

Сабақтың тақырыбы: Қазақ мемлекетінің саяси және әлеуметтік құрылымдары

Сабақтың мақсаты: XV-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының басқару жүйесін, ұлыстық құрылымын, әкімшілік-құқықтық нормаларының ерекшеліктерін көрсету. Сот жүйесі, салықтар мен міндеткерлік түрлерін түсіндіру.

Дамыту:Ойлау дағдысын қалыптастырып,қазіргі Қазақстан Республикасының саяси-әлеуметтік құрылымымен салыстырмалы байланыс

Тәрбиелік:  Ұлтжандылыққа, адамгершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу

1.Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі:_топпен жұмыс

Көрнекі құралдар:

Интерективті тақта  слайд, Карта

Тірек-сызба, суреттер, пайдалану.

ІІ. Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын сұрау

3 топқа бөліп  өткенен сұрақ парақшасына  жауап беру

Қай топ дұрыс жауап берсе «5»  ке қызыл белгі алады,

«4»ке көк белгі алады, «3»ке жасыл белгі алады

1.топ Қасым хан

2 топ Есім хан

3 топ Тәуке хан

.

1 кезең  Қазақ хандары  Хронологиялық жорық

1.Қазақ хандығының құрылуы

2 Сәйкестендіру тест

3 Домино

 

2 кезең «Тарихи тұлға»

  1. Кім жылдам?
  2. Сен білесің бе?
  3. 2

 

 

    3 кезең «Тарихи аумақ»

1.Оқиғалардың аумағын табу

2.Сызба арқылы түсіндіру

ІІІ. Жаңа сабақ

Жоспары

1.ХУ-ХУШ ғ. Қазақ мемлекеті

2.ХУП ғ. Мемлекет нышандары

3.Билер институты.Құрылтай

4.Меншік мәселесі. Салықтар мен міндетткерліктің түрлері

 

1 сызба

                        Қазақ халқының әлеуметтік құрылымы

 

 

феодалдық

 

Қарапайым халық

 

 

Қараша                                                                 Сұлтандар               Билер                                                 Қара кісі

Қожалар                Би-шонжарлар                                 Шаруа

Батырлар                                            Бұқара

Ақсақалдар                                          Құл-құтан

 

        Құлдар,күңдер-бас бостандығы жоқ адамдар
  1. Ханның құқығы мен міндеті
Құқығы

 

 

Міндеті

 

1Мемлекеттің жеріне билік жүргізу

 

Елді сыртқы жаудан қорғау

 

2Соғыс жариялау, билік жасау

 

Әскерді басқару

 

3Шет мемлекеттермен келіссөз жүргізу

 

Мемлекеттің сыртқы саяси бағытын белгілеп отыру
4Өзіне бағынышты адамдарды өлім жазасына кесі не тірі қалдыру

 

 
 5Заң шығару, бұйрық беру

 

 

 

  1. Қасым ханның Қасқа жолы Үзінді көрсету

Бұл заңға енген ережелер:

Мүлік заңы (жер дауы, мал-мүлік дауы);

Қылмыс заңы (кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық   қылу);

(аламан міндеті, қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат);

Әскери заң /қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т.б.).

Елшілік жоралары (майталман шешендік,халықаралық қарым –қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалық);

жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке, думан үстіндегіережелері, ат жарыс, бәйге ережелері, жасауыл, бекеуіл, тұтқауыл міндеттері).

4« Есім салған ескі жол» Үзінді көрсету

Есім ханныңың билігі тұсында (1598-1645) халық жадында «Есім салған ескі жол»деген атпен қалған әдет-ғұрып нормаларын қалыптастырған конституциялық құжат болғаны белгілі.

5 Тәуке хан «Жеті Жарғы» Үзінді көрсету

«Жеті Жарғы» — қазақ қоғамындағы қоғамдық қатынастарды белгілі бір жүйеге түсірген жеті тараудан тұратын ережелер жинағы. Яғни, ол қоғамдық өмірдің мынадай жеті саласындағы даулы мәселелерді заңдық тұрғыдан шешіп отыруды көздеді:

жер дауы,
жесір дауы,
құн дауы,
ұрпақ тәрбиесі және отбасы қатынасы,
қылмыс үшін жауапкершілік (ұрлық, барымта, адам қорлау, т.б.),
ру-тайпа аралық дay және елді жаудан қорғау.

Қасым хан, Есім хан заманында адам өлтірген айыпкер өте ауыр жазаланды, яғни оның өзі ғана өлім жазасына кесіліп қоймастан, отбасы да ойрандалды. «Жеті Жарғы» енді айыпкерге жеті түрлі жаза белгілейді. Олардың арасында

1«қара қазан» (айыпкерге өлім жазасы),
2«қара нap» (айыпкерге өлтірілген аса беделді кісіні Түркістанға апарып жерлетіп, құнын төлету),
3«қара мылтық»,
4«қара кілем» т. б. жазалар болды.

Салық түрлері

1Зекет- мал басынан ханға төленетін салық

2Хараж-жер салығы

3Тағар-әскер үшін алынатын салық

    

Халықтың атқаратын міндеткерлігі

1Хан мен сұлтанға сыбаға, соғым беру.

2Ақсүйектерді қонақ етіп күту

3Салық жинаушыларды, т.б. көлікпен қамтамасыз ету

 

Икта — дәстүр лі мағынасында Орталық Азияда Қарахан мемлекеті кезінен белгілі. Арабша «кесінді жер» деген мағынаны береді. Әскери-азаматтық қызметі үшін сыйлық ретінде уақытша жер пайдалану және салық жинау құқын білдіреді.XIV ғасырдың соңына қарай бұл уақытша жер иелену түрі неғұрлым кеңейтілген құқықтар берілген сойырғалмен ауыстырылды.

Сойырғал «сыйға тарту» деген мағына білдіреді. Иктадан айырмашылығы — өмір бойына берілді, демек, мұрагерлікке қалдырылды. Салық жинаумен қатар сот-әкімшілік істерін де басқару мүмкіндігіне қол жеткізді.

Вакуфтық жер — салық салынатын мұсылман дінбасы мен мекемелеріне тиесілі жерлер.

Милк — жер телімдеріне және халықтан жиналатын салыққа жеке меншік құқы.

Райаттар — негізінен, қаладағылар және жер өңдеушілерден тұратын салық төлеуші сословие.

Алым-салықтардың мынадай түрлері өмір сүрді:

1 Хараж — жер өңдеуші егіншілерден алынатын салық.
2 Баж— саудагерлерден алынатын жол салығы
3 Жасақ— көшпелі малшылардан алынатын салық.

Қамсыздандыру үшін алынатын заттай  алым:

1 Зекет— мұсылмандардан сауда мен жылжымайтын мүлік үшін алынатын заттай алым.

ХУІ-ХУШ ғасырларда Қазақстан аумағын мекендеген тұрғындар төмендегідей міндеткерліктер атқарды:

Мадикар— суландыру арықтарын қазу, тазарту, көпірлер, жолдар салу, жөндеу жұмыстары, парсыша «мард» — адам, «кар» — іс, жұмыс.
Құналғы— әскер бөлімдерін лайықты қабылдау
Жамылғы — әкімшілік адамдарын қабылдау (үй-жаймен, құралмен, тамақпен қамтамасыз ету).

Салықтар, алымдар және міндеткерліктер қарапайым халық үшін ауыр салмақ болып саналды

ІV. Жаңа сабақты бекіту

Қазақ хандары қандай заңдар шығарды?

Жазаның қандай түрлерін білдіңдер?

Құқық пен міндет арасында қандай айырмашылық бар?

Салықтардың түрлерін атаңдар?

  1. Бағалау

VІ. Үйге тапсырма

Пайдаланылған әдебиет
Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2010. — 146-151 бет