Әкем әнім

Әкем әнім

Өлеңін жазған Бертай Төкеев

Музыкасын жазған Қайрат Абдалимов

Әкетайым, асқар тауым, ақылшым,

Пейіліңмен, ниетіңмен жақынсың.

Сағыныштың сазы ерітіп жанымды,

Әнімменен өксік шерін шақырсын.

 

 

Асыл әкем жаралғандай алыптан,

Аса алмаған адамдық пәк қалыптан.

Перзенті үшін парасатты биік шың,

Қол жетпейтін арман болар анық таң.

 

 

Перзентіне әке мәңгі жақындау,

Қамқорымен биік тұрар ақыл тау.

Ата-ананың қадіріне жетуден,

Басталады құдіретті мақұлдау.