Ән: Сағындым сені

Ән: Сағындым сені

 

Сағындым сені, сағыныш толы, күй бөлек,

Шарқ ұрып жүрек, мыңдаған сұрақ кимелеп,

Өмірге налып, көңілің қалып, жүрсің бе?

Өзіңе өзің: «Ешкімге сенбе, сүйме»-деп.

 

Тұп-тұнық едің, жаның да таза бұлақтай,

Жауабын таппай қиналам мың бір сұраққа-ай…

Бір-бірін аңсап, зарыға жеткен жігіт,қыз,

Кездесе қалса тұрғандай болады ұнатпай…

 

 

Өмірге келер үлесін адам алуға,

Жастыққа тән ғой жалындау,лаулау, жану да.

Өзгеге түгіл, өзіңе қимас адаммен,

Бақыт та шығар, «Мәңгілік дос» боп қалу да!

1997жыл.