Жайнай бер, жарқырай бер Қазақстан!

Жайнай бер, жарқырай бер Қазақстан!

Маңғыстау облысы,Қарақия ауданы,Құрық селосы, МКҚК «Болашақ» мектепке дейінгі қазақ гимназия әдіскері Амирова нургуль Ануарбековна

Жайнай бер, жарқырай бер Қазақстан!

Құшағын айқара ашқан қонағына,

Қазақтың пейілі кең әрқашанда.

Қонақжай қазақ жерін «Отаным» деп,

Сан түрлі ұлт сыйып жүр шаңырағына.

 

«Татулық», «бірлік», «тірлік» болды ұраным,

Күн санап қуатым мен өсті бағым.

Мемлекеттік тіл деген мәртебе алып,

Тіліменен  табысты қайта халқым.

 

Құдіретін әлемге мойындатқан,

Бейбіт ел, егенменді Қазақстан.

Барыстай батылдықпен алға ұмтылып,

Азияның төрінен орын алған.

 

Қазақстан келеді дамып жойқын,

50-елге ілесу-мақсат айқын.

Астана көркіменен дәлелдеп тұр,

Уақыттан озатынын қазақтардың.

 

24-жыл егемен ел болғалы,

Қарқыныңа бар әлем таңданады.

Жайнай бер, жарқырай бер Қазақстан,

Биікте желбіреген көк байрағы.