Физика пәнінен жаратылыстану бағыты бойынша тереңдетіп оқытуға қосымша сабақ (факультатив) жоспары

Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас орта мектебі

Физика пәнінен жаратылыстану бағыты бойынша тереңдетіп оқытуға қосымша сабақ (факультатив) жоспары

11 сынып (68 сағат, аптасына 2 сағаттан)


 

Мақсаты:

  • Оқушылар бойына «физика және техника» ғылымдарына деген шынайы сүйіспеншілікті дарыту, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту, деңгейлік есептер шығару.
  • Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын көрсету мақсатында семинар – сабақтарды ұйымдастырып беру.
  • Пәнаралық байланысты арттыру. Физика есептерін математикалық тәсілдермен шешу әдістерін игеруге баулу. Физика пәнінің информатика, технология саласындағы жетістіктерін ұғындыру, компьютерлік бағдарламалар арқылы физиканы үйрену әдістерін меңгерту.

 

Міндеттері:

  • Пәнге деген қызығушылық қабілетін, логикалық ойлауын қалыптастыру.
  • Оқыту барысында болашақ еңбек қызметіне қажет екендігіне көз жеткізу.
  • Негізгі мектепте қалыптасқан ақпараттарды кеңейту және жетілдіру.
  • Курс барысында алған білімдерін түрлі жағдайларға қолдану және дамыту (рефераттар, зертханалық жұмыстар).

 


Күтілген нәтижелер:

қолданбалы курсты оқытудың соңында оқушылар:

— физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсіне білу.

— физика заңдарының практикалық қолданыстарын түсініп, игере білу;

— есеп шығарған кезде сызбада берілген шамаларды (S, V, a, v, Т, Р т.б) олардың арасындағы тәуелділікті дұрыс тауып анықтай білу;

— нақты мысалдар арқылы механикалық энергия туралы, жылу энергетикасы мен ядролық энергетиканың экологиялық проблемаларын түсіндіре алу;

— электроэнергетика элементтерімен (түрлері, сызбасы, құрылысы) танысып,оны өмірде дұрыс пайдалана білу;

— тарихи материалдар негізінде физиканың электротехника дамуындағы алатын орнын түсіне білу;

— зерттеу әдістерін (эксперимент жүргізу, әдебиетке шолу жасау, мәліметтерді талдау) жоспарлай білу, эксперименттік фактілер және сәйкес кестелер мен статистикалық мәліметтер негізінде қорытындылар жасау, іздену және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін дайындай білу;

— физика пәнінен меңгерген білім, іскерлік, дағдыларын басқа пәндерден алған білімдерімен ұштастыра білу;

— электрондық оқу құралдарын тиімді пайдалана білу;

— ҰБТ –ден жоғары нәтижеге ие болу сияқты нәтижелерге қол жеткізуі тиіс.

 

 

Қосымша сабақ жоспары төмендегі әдебиеттерден пайдаланып жасалды:

  1. Б. Кронгарт В. Кем «Физика 10 сынып». Алматы 2006ж.
  2. «Физика 11 сынып». Алматы 2006ж.
  3. Р. Башарұлы «физика 9 сынып». Алматы 2009ж.
  4. Б. Дүйсембаева «физика 8 сынып». Алматы 2008ж.
  5. Бейінді оқытуды ұйымдастыру (қолданбалы курс бағдарламасы). Алматы 2009ж.
  6. Ы. Алтынсарин атындағы ҚБА «Бағдарламалар 8-9 сынып». Алматы 2006ж.
  7. Ы. Алтынсарин атындағы ҚБА «Бағдарламалар 10-11 сынып». Алматы 2006ж.
  8. Оқушы анықтамасы (7-11 сыныптар). «Арман-ПВ» баспасы, 2005ж.
  9. Электронды оқулық «физика 10 сынып».
  10. В.С Волькенштейн «Жалпы физика курсының есептер жинағы». Алматы «мектеп» 1980ж.
  11. Р. Рымкевич «Физика есептер жинағы».

 

Күнтізбелік жоспар

ТақырыбыСағат саныҰйымдастыру формасы
Жылу құбылыстары5 
1Ішкі энергия, оның өзгерісі, жылу берілу, жылу мөлшерін есептеу, меншікті жану жылуы1Лекция
2Балқу және қатаю, меншікті балқу жылуы, Булану, қайнау, меншікті булану жылуы1Лекция
3Термодинамиканың 1 заңы, ПӘК1Лекция
4Жылу құбылыстарының есептері1Есеп
5Қазақстанның жылу энергетикасы1Оқушы рефераты
Электр құбылыстары5 
6Электр өрісі, заряды, өткізгіштер, электр өріс кернеулігі мен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс. Электр тоғы, өткізгішті тізбектей және параллель жалғау. әр түрлі ортадағы электр тоғы, электролиз3Лекция / есеп
7Электр тізбегіне арналған есептер1 Есеп
8Жылу құбылыстары және электр бөліміне арналған тест1Емтихан
Электр – магниттік құбылыстар  2
9Магнит өрісі, тоғы бар өткізгішке магнит өрісінің әсері, электро – магниттік индукция1Лекция
10Электр – магнитті құрастыру және оның әсерін сынау1Зерт. жұмыс
Жарық құбылыстары2
11Жарық жылдамдығы, жарық шағылуы, линзалар1Лекция
12Линза көмегімен кескін алу1Зерт. Жұмыс және есеп
Қозғалыс және денелердің өзара әсері5
13Тең айнымалы, еркін түсу, шеңбер бойымен қозғалыстар. Ньютонның 2,1 заңдары, масса және салмақ. Дене импульсі, энергияның айналу және сақталу заңы3Лекция және есеп
14Қозғалыстарды электронды бейнелеу1Электронды оқыту
15Электр – магнит, жарық және механика бөліміне тест1Емтихан
Тербелістермен толқындар3
16Тербелістер, резонанс, эм тербелістер1Лекция
17Маятник көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау1Зерт. Жұмыс
18«Қазсәт 2» және Қазақстан ғарыш әлемінде1Оқушы рефераты
Аспан сферасы2
Жұлдызды аспан, жергілікті, белдеулік және бүкіл әлемдік уақыт. Кеплер заңы.2Лекция және есеп
Атом ядросы, ядролық энергияны пайдалану 4
19Фотоэффект, радиоактивтілік3Есеп және лекция
20Қазақстанда атом энергиясынан пайдаланатын өндіріс орындарын құру керек пе?1Сөз сайысы
Механика 5
21Кинематика, динамика, сұйықтармен газдардың қозғалысы4Лекция және есп
22Үйкеліс коэффицентін әр түрлі тәсілмен анықтау1Зерт. Жұмыс
Молекулалық физика және термодинамика6
23Молекулалық – кинетикалық теория негіздері3Лекция және есп
24Термодинамика негіздері2Лекция және есеп
25Қазақстан жылу энергетикасы1Оқушы рефераты
Электродинамика9
26Электростатика, тұрақты электр тоғы, магнит өрісі, электромагниттік индукция, әр түрлі ортадағы электр тоғы7Лекция және есептеулер
27Электромагниттік индукцияны зерделеу1Зерт. Жұмыс
28Механика, молекулалық физика, электродинамика бөліміне арналған тест1Емтихан
Электродинамика (жалғасы)6 
29Электромагниттік тербелістер, айнымалы ток, электромагниттік толқындар5Лекция және есп
30Айнымалы токтың пайда болу заңдылығы1Зерт. Жұмыс
Оптика3
31Жарық толқындары, дифракция, жарықтың сынуы, линзалар2Лекция және есеп
32Проекторды пайдаланып электронды оқыту1Электронды сабақ
Кванттық физика 5
33Жарық кванты, атом физикасы, атом ядросының физикасы5Лекция және есеп
әлем3
33Жұлдыздар және күн, планеталар3Электронды сабақ және лекция
34ҰБТ – ке дайындық3Тест