Тұрақты электр тогы тарауын қайталау.
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты электр тогы тарауын қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін тексеру және
нақтылау, бекіту,қорытындылау.
Дамытушылық:Белсенділіктерін,оқуға деген ынтасы мен қызығушылықтарын
дамыту.
Тәрбиелік: пәнге деген қызығушылықтарын оятуға, шапшаңдыққа,
ұжымдылыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі емес.
Сабақ әдісі: ойын, жарыс.
Пән аралық байланыс: математика, информатика.
Сабақ көрнектілігі: тірек сызбалар, портреттер, компьютер, тәжірибеге
арналған құрал-жабдықтар.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Сабаққа келмеген оқушыларды анықтау.
II.Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз күнделікті сабақтардан сәл өзгешелеу болып өткелі отыр. Бүгінгі физика сабағы ойындар, жарыс түрінде өтеді. Осыған дейін өтіп келген тарауды қайталау сабағы. Тарау бойынша алған білімдеріңіздің деңгейін көрсетейік, сарапқа салайық. Ол үшін 3 топқа бөлінеміз: «Тоқ күші», «Кернеу», «Кедергі»
III.Сабақ бағдарламасымен таныстыру.
IV.Викториналық сұрақтар.
Жауап нақты тез болуы керек. Қай ойыншы бірінші қолын көтерсе, сол оқушы жауап береді. Бағалануы-1 балл.
1)Электр тогы деген не?
2)Тоқ бағыты үшін, ток көзінің қай полюсінен қандай полюсіне қарайғы бағыт алынады?
3)Ток күшінің бірлігі?
4)Тізбектегі ток күші, кернеу және кедергі арасындағы байланысты тағайындаған кім?
5)10кОм неге тең?
6)Меншікті кедергінің өлшем бірлігі?
7)«Р» әріпінің математикалық және физикалық мағынасы қалай?
8)Электр тогын үйде өлшейтін құрал?
9)«Керуен» сөзін физикалық шамаға өзгерт?
10) Вольт қандай физикалық шаманың бірлігі?
V.Формулалар сайысы.
Әр топқа 2 формуладан беріледі. Осы формуланың мәнін түсіндіру керек.
Q=I2RΔt, I= , I= , I= , A=IUΔt, P=IU.
VI.Шапшаңдық сайысы.
Әр топқа есеп беріледі. Мұнда есепті шешу тәсілі мен уақыт есепке алынады.
Есеп: Жарықтандыру желісіндегі пайдаланатын сымның ұзындығы 100 м, көлденең қимасының ауданы 2 мм2. Осы сымның кедергісінеге тең? (ρ=1,7*10-8Ом*м)
Шешуі:R=ρ 1,7*10-8Oм*м* =0,85 Ом
VII.Ойлан тап сайысы.
“тоқ күшіне”:
J= , E= , R= , A=q***
“кедергіге”
J= , U=J*** , R , P
“кернеуге”
E=J(***+r) , J=***nVS , J= , A=J2R***
VIII.Білім сайысы. (Тест)
1) Джоуль-Ленц заңының формуласы.
А)A=U*I*t; Ә)Q=J2RT; Б)I= ; B)U=IR.
2) Электр тогының жұмысы қандай құралмен өлшенеді:
А)Волтьметр Ә)Омметр Б)Есептегіш В)Амперметр
3)Тұрғын үйлерде өткізгіштің қандай қосылыстары қолданылады?
А)Тармақталған Ә)Тізбектей Б)Параллель
4)Өткізгіштерді тізбектей қосқанда қай шама бірдей болады:
А)Тоқ күші Ә) Меншікті кедергі Б)Кернеу В)Кедергі
5)Тоқ күшінің өлшем бірлігі.
А)В Ә)Кл Б)А В)Ом
6)Өткізгіш ұштарындағы кернеу 6В, кедергі 2Ом. Тоқ күші неге тең?
А)12А Ә)6А Б)3А В) А
7)Меншікті кедергі қандай өлшем бірлікпен өлшенеді:
А)Ом Ә)Гн Б)Ом*м В)Ф
8)Кернеуді өлшейтін құрал:
А)Амперметр Ә)Вольтметр Б)Ваттметр В)Омметр
9)Электр тізбегі ішкі кедергісі 2Ом-ға тең тоқ көзінен және кедергісі 1Ом-ға тең өткізгіштен тұрады. Тізбектегі тоқ күші 6А. Тоқ көзінің ЭҚК неге тең?
А)18В Ә)12В Б)6В В)3В
10)Өткізгіштерді параллель қосқанда қай шама бірдей болады?
А)Тоқ күші Ә)Кернеу Б)Кедергі В)Ішкі кедергі
6.Ол кім? Бұл не?
Әр топ өздеріне тапсырылған тапсырмаларын ортаға салады. Мұнда Ампер, Вольт және Ом туралы әңгімелеп береді.
IX.Тәжірибе.
X.Сабақты қортындылау .Бағалау.