Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы.
Сабақ тақырыбы: Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы.
Сабақ мақсаты: Импульстің салыстырмалы шама екені, ал импульстің сақталу заңы барлық инерциялық санақ жүйелерінде орындалатындығы жайлы мәліметтер беру.
Міндеттері:
- Оқу мақсаты: Тың мәліметтер бере отырып, теорияны практикамен ұштастыра білу.
- Тәрбиелік мақсат: Жауапкершілікке, еңбектенуге тәрбиелеу, мамандаққа баулу.
- Дамыту мақсаты: Формулаларды қорыта білу, формулаларды тиімді пайдалану қабілеттерін дамыту.
Сабақ түрі: Жаңа білім беру сабағы.
Әдіс-тәсілі: Ауызша, практикалық, иллюстративті.
Көрнекілік: Әртүрлі шарлар.
Пәнаралық байланыс: Математика,
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу, сынып дайындығы, оқушы бейнесі.
ІІ. Қайталау.
- Күш дегеніміз не және қандай шама?
- Қандай күштерді білесің?
- Ньютонның І, ІІ, ІІІ заңдарының мәні неде?
- Дененің массасы нені сипаттайды?
- Жылдамдық нені сипаттайтын шама?
- Қозғалысты қалай түсінесің?
- Пысықтау.
ІІІ. Түсіндіру.
Қозғалыстың масса m және жылдамдыққа υ тәуелділігін сипаттайтын шама дене импульсі немесе қозғалыс мөлшері деп аталады.
(1) []
Мысал, жылдамдықпен қозғалып келе жатқан денеге күш әсер етсе, оның жылдамдығы өзгереді (1-сурет).
ескерсек Ньютонның ІІІ заңы келесі түрде жазылады:
1-сурет
егер және
онда немесе (2) [Н·с]
(2)-формула күш импульсін анықтайтын формула.
Дене импульсінің өзгерісі күш импульсіне тең.
- Тұйық жүйе дегеніміз сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін денелер бір-бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйе.
Мысал: және жылдамдықпен бір-біріне қарама-қарсы бағытта қозғалып келе жатқан массалары m1 және m2 екі шардың өзара әрекеттесуін қарастырайық. Ньютонның ІІІ заңы бойынша олар былай байланысады:
немесе
Шарлардың әректтесуге дейінгі және әректтесуден кейінгі импульстерін теңдіктің екі жағына біріктіргенде:
(3)
(3) формуладан келесі шығады:
Тұйық жүйедегі өзара әректтесетін денелер импульстерінің қосындысы өзгеріссіз қалады, яғни
(4)
(4)-формула импульстің сақталу заңы.
Есептер шығару:
17-жаттығу.
- Берілгені: Шешуі:
υ=6 км/сағ р=mυ=60кг*1,7 м/с=102
m=60 кг
т/к: р-?
- Берілгені: υ1=20 м/с; υ2=0; m1=2 кг; m2=3 кг.
т/к: рж, рж’, υ
Жауабы: ;
pж=pж1
ІV. Бекіту.
- Дене импульсі дегеніміз не? Ол қандай шама?
- Импульс қалай бағытталған?
- Дене импульсінің өзгерісі қандай шамаға байланысты?
- Тұйық жүйені қалай түсінесің?
- Импульстің сақталу заңы қалай тұжырымдалады?
- Пысықтау.
- Үй тапсырмасы.
- 19, § 20 (сұрақтарға жауап беру)
17-жаттығудың қалған есептері.
Рымкевич, Есептер жинағы, №314, №315
- VI. Бағалау.