Күш. Деформация.

 

Сабақтың тақырыбы: Күш. Деформация.

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік:Күш,деформация ұғымдарын,оның айырмашылықтары мен қасиеттерін түсіндіру,практикалық маңыздалығын ашу.

Дамытушылық:Әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуын,есте сақтау қабілетін арттыру,өзбетінше қорытынды жасауға,өз-өзіне сынкөзбен қарауға машықтандыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды шығармалықпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың әдісі:Топпен,жұппен,жекелей жұмыс.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Ракетка,доп,ермексаз,динамометр,сызғыштар,электрондық оқулық.

Сабақта қолданылатын стратегиялар:

1.«Ой қозғау».

2.Инсерт

3.Венн диаграммасы

4.Не білемін?Не білгім келеді?Не білдім?

Сабақтың құрылымы:

1.Қызығушылығын ояту.

2.Мағынаны ажырату.

3.Ой толғаныс.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй жұмысын тексеру

Өткен тақырыптар бойынша сұрақ-жауап.

Оқушылардың білімдерін тексеру үшін сұрақтарды экранға түсіремін.

Сұрақтар төмендегідей:

1.Дененің массасы дегеніміз … Белгіленуі … Өлшем бірліктері …

2.Қандай мысалдар келтіруге болады?

3.Екі дененің массаларының қатынасы … формуламен анықталды.

4.Заттың тығыздығы дегеніміз …

5.Формуласы,өлшем бірліктері …

6.Осы формулаларды пайдалана отырып, V-ді,m-ны қалай табуға болады?

1.1г =…кг               100г=…г

2.1кг=…г                50г=…кг

3.1кг=…мг             5т =…кг

4.1кг= …ц

Есептер шығару:

№1 есеп.Массасы – 4кг,көлемі – 200см металдың тығыздығы қандай?

№2 есеп.Бөлменің ұзындығы – 5м,ені 3,5м,биіктігі – 2м.Егер осы бөлмені толтырып тұрған ауаның массасы қандай?

ІІІ.Оқушылардың жауабын толықтыра отырып,үй жұмысын қорытындылау.

ІV.Жаңа тақырып

Оқушыларды екі топқа бөліп,оларға  «Күш»  және  «Деформация» деген атаулар беремін.

І-кезең.  «Ой қозғау» .Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып түсіндіремін.Сосын олардың өз ойлары қандай екенін білу үшін Не білемін?стратегиясын қолданамын.

 

 

 

 

шамасы әр түрлі

Өмірде                                                                                                      әрекет

Жылдамдық

сан мәні көп те                                                                          аз да болуы мүмкін

ғылымда физиканың                                                          Исаак Ньютон

негізгі ұғымы                      Ғ бағытына байланысты

 

Күш және деформация туралы не білесіңдер?

Оқушылар өз топтарымен біріге отырып,білімдерін көрсетеді.Топ басшысы олардың білімдерін бағалап отырады.

V.Мағынаны ажырату

Не білгім келеді? Стратегиясын қолданамын.

Сынып оқушыларына топтарына қарай бүгінгі өткелі отырған  «Күш» және  «Деформация» тақырыптарының мәтінін бөліп беремін.Өз-беттерінше топпен бірге,одан кейін жұппен,сосын жекелей дайындалады.Соңында топтың ортасынан бір оқушы толық түсінігін айтып береді.

І-топ. «Күш тақырыбы».

ІІ-топ.«Деформация тақырыбы».

Тақырып бойынша ассоциация құрылады.

 

 

 

Оқушылар өздерінің топтарының арасында күш дегеніміз – денелердің өзара әрекеттесуін және сандық мәнімен бірге бағытымен сипатталатын физикалық шама екендігін,оны ашқан ағылшынның ұлы физигі Исаак Ньютон,өлшем бірлігі – Н(Ньютон) екендігін мысалдар келтіре отырып,түсіндіріледі.Әр түрлі дененің қозғалыс жылдамдығын бірдей шамаға өзгерту үшін әр түрлі күш түсіру керек екендігін де біледі.Мұғалім күнделікті өмірмен байланыстыра отырып,бірнеше қосымша мысалдар келтіруіне болады.Мысалы:садақ ату, желдің жапыраққа әсері,магниттің шегеге,найза лақтыру,ауыр шкафтарды көтеру,бос арба мен су толтырған арбаны қозғалту.Әрі қарай оқушылардың өздеріне жауап беруге сұрақтар қоямын.

Енді деформация туралы не білеміз?Топ басшысы кім айтатынын ескертеді.Оқушылар жауап береді.Сол жауаптары негізінде ассоциация құрамыз.

Оқушылар өздерінің дәптерлеріне:«Деформация деп – дененің пішіні мен көлемін өзгертуін айтамыз.Егер күштердің әрекеті тоқталғаннан кейін дене өзінің бастапқы пішіні мен өлшемін өзгертетін болса,пластикалық,ал егер пішіні мен көлемі өз қалпына келетін болса, ол серпінді деформация деп аталады» деп жазып алады.

IV.Ой толғаныс.Не білдім?

Топтарға сұрақтар қоямын.

1.Күш не арқылы болады?

2.Күш қандай шама?

3.Дене басқа денемен әрекеттескенде,ол санақ денесіне қатысты қалай қозғалады?

4.Деформация қалай пайда болады?

5.Оның қандай түрлері бар екенін білдіңдер?

6.Деформацияланған денені қалпына келтіретін қандай күш бар?

7.Егер үстел,еден,кітап,тақта,ыдыстар,қаламсап жұмсақ болса,әлемде өмір сүру қандай болар еді деп ойлайсыңдар?

Оқушылар өз жауаптарын айтып,дәлелдейді.

VII.І-топқа тапсырма беріледі.Қазақтың ұлттық ойыны – «Садақ ату».

Оқушылар сұрақтар арқылы өз ойларын айтады.Садақ неден жасалады?Оғы не?Адырна дегеніміз не?

ІІ-топқа «Найза лақтыру» беріледі.

Оқушылар сұрақтар арқылы өз ойларын айтады. Бұл құбылыста серпінділік күшінің пайда болуының себебі қандай?Найза неден жасалады?

VIII.Демалыс сәті.

1.Сынып оқушылары «Күш» тақырыбын өтуде…(Оқушылар түрегеліп тұрып,қолдарын бір-біріне ұрады.Денелерге күш түсіретіндей етіп қисайып,оңға-солға қарай қозғалады).

2.Сынып оқушылары деформацияға ұшырады(Оқушылар орындарынан тұрып,бір-біріне иықтарын тигізеді.Содан соң қолдарын жоғары,төмен керіліп,созылады).

3.Сынып оқушылары «Күш» және «Деформация» тақырыбын өте жақсы түсінді.(Оқушылар осы екі жаттығуды бірге қосып қайталйды).

ІХ.Сабақты қорытындылау.Венн диаграммасы

 

X.Insert

Бүгінгі «Күш» және «Деформация» тақырыбы бойынша әр оқушы толтырып жазады.

         Не білемін?          Не білдім?      Не білгім келеді?

 

ХІ.Үйге тапсырма.§33,34

ХІІ.Оқушыларды бағалау.Топ басшылары оқушылардың бүгінгі сабақ бойынша алған бағаларын айтады.