Электроскоп.Электр өткізетіндер және өткізбейтіндер. Электр өрісі. 8 кл

 

Сабақ тақырыбы:  Электроскоп.Электр өткізетіндер және өткізбейтіндер. Электр өрісі. 8 кл

Сабақтың мақсаты: 1. Электроскоп пен электрометрдің құрылысымен,жұмыс істеу

принципімен таныстыру.

  1. Электр өткізгіші мен өткізбейтін материалмен таныстыру.
  2. Электр өрісі ұғымын түсіндіру, оның техникалық және практикалық

маңызымен таныстыру.

Сабаққа қажетті құралдар: эбонит,шыны, пластмасса таяқшалар,жүн,тері,жібек мата, гильза,

электрофор машинасы,электрометр,электроскоп,  интерактивті тақта

Сабақтың түрі:   аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:  а) ауызша баяндау.

ә) демонстрация.

Сабақтың барысы:

   1.Ұйымдастыру.

  1. 2. Жаңа сабақ. (30-35 мин)

І. Өткен сабақта денелердің электрленуі мен зарядтардың екі тегі болатынын білдіңдер. Енді осы құбылыстарды қалай байқап және қалай өлшеуге болатыны жөнінде түсінік аласыңдар.

Үй тапсырмасы бойынша интерактивті тақтада жазылған сұрақтарға оқушылардың білімі тексеріледі.

ІІ.

  Не арқылыҚалай білуге болады ?
Қағаз қиқымдарының гильзаға разрядталғанда екі дене де зарядталсаТартылуы

жақындату

зарядтардың сытырлауы

олардың өзара әсерлесуі

ІІІ. Салмақты,ұзындықты,жылуды өлшейтін құралдар сияқты электр зарядын да өлшейтін құралдар бар.

 

салмақұзындықжылуЭлектр заряды
таразыМетр,сызғыш, (лента)термометрЭлектроскоп, электрометр

Электроскоп: а)денелердің қаншалықты электрленгенін көрсетеді.

ә) электр зарядының аз не көп екенін көрсетеді.

Электроскоптың жетілдірілген түрі – электрометр деп аталады. Бұл екі құралмен оқушыларды таныстыру және олардың жұмыс істеу принципін демонстрациялап көрсету.

б) электр зарядтарының дененің сүйір ұшына жинақталу қасиетін Франклин

дөңгелегі арқылы және электрофор машинасының жәрдемімен демонстрциялап көрсету.

ІҮ. Электрофор,электроскоп,электрометр арқылы металл пластинка, стержень мен сымның электр зарядтарын,яғни электр тогын өткізетіндігін, ал резеңке,шыны, эбонит денелердің зарядтарды өткізбейтіні тәжірибемен көрсетіліп,денелердің өткізгіштер, өткізбейтіндер болып бөлінетіндігі айтылады.

 

  өткізгіштерМеталдар,қышқылдар мен тұздар ерітіндісі, ылғал топырақ, адам денесі т.б.
  өткізбейтіндерРезеңке, шыны,эбонит, фарфор, жібек, керосин, ауа т.б.

Ү. Электрленген денелер алыстан әсер ететінін байқадық. Бұл қалайша, әсер не арқылы беріледі деп ойланып көрдіңдер ме ? Екі дененің арасындағы ауа – диэлектрик , басқа әсерді көріп тұрғанымыз жоқ.

Бұл құбылыстың сырын ашумен көптеген елдердің ғалымдары ұзақ жылдар айналысқан. Ағылшын физиктері М.Фарадей мен Д. Максвелл, Ресей ғалымдары М. Ломоносов, Г. Рихман,америка физигі Б.Франклин найзағайды зерттеген.

Бізді қоршаған айналамызда жан — жануарлардың, малдың жайлау өрісі, тұрғын үй,мектеп ауласы,алаң сияқты электрленген дененің әсері байқалатын кеңістік бар екенін білеміз. Мұндай кеңістік электр өрісі деп аталады. Ол — электрленген дененің қасиеті – материяның бір түрі. Электр өрісінің оған енгізілген электр зарядына әсер ететін күші – электр күші деп аталады, яғни электр заряды орналасқан кеңістікте электр өрісі болады.

Электрлік өрісі ұғымын тақтаға сызып талдау:

Электр өрісі: 1. Электр заряды орналасқан кеңістік; 2. Электрленген дененің қасиеті; 3. Материяның бір түрі.

  ҮІ. « Электр өрісі» ұғымын алғаш атақты ағылшын физигі Джеймс Максвелл енгізген. Д. Максвелл Англияның Эдинбург қаласында 1831 жылы туған. Гимназияда 5-6 сыныптан бастап зеректігімен көзге түскен. Айрықша қабілеті ескеріліп,гимназияны бітірмей университетке қабылданады. Д. Максвелл 19 жасында физика мен математикадан жаңалықтар ашты.

ҮІІ. Дененің электрленуі нәтижесінде болатын электр өрісінің әсерлері көптеген өнеркәсіп салаларында синтетикалық материалдарды қолданғанда және кейбір ауруларды емдеу мақсатында кеңінен пайдаланылады.  Мысалы: а) целлюлоза – қағаз,мақта-мата комбинаттарында қағаз ,лента және иірілген жіп оралғанда үйкелістен эдектрленіп, электр өрісінің нәтижесінде басқа денелерге тартылып үзілетіні және электр зарядының разрядталуы әсерінен өрт шығу жағдайлары көп болады.

ә) Авиацияда , ұшақ ауамен үйкелісуі нәтижесінде электрленеді. Ол қонғанда оған бірден металл трап қоймайды. Ұшақты алдымен металл трос арқылы жермен қосып, разрядтайды.

б)Тұрғын үйдің линолеум еденімен, синтетикалық кілеммен жүргенде,нейлон көйлекті шешкенде электрлік разрядталу құбылысы байқалады. Синтетикалық заттар электр зарядын өткізбей сақтайтындықтан, үйді ( 60-70%) ылғал етіп ұстау керек.

в) Медицинада синтетикалық киімдерді киіп жүргенде үйкелістен электрленіп,электр өрісі пайда болуы радикулит, полиартрит ауруларынан жазады. Электроаэрозоль әдісімен ішкі ағзаларды емдеу, электрлеу арқылы адамды ұйықтатуға болады. Кейбір балықтар мен жәндіктердің денесінде электр өрісі бар екендігі анықталған. Мысалы: Сом (лақа), скат, угорь балықтарының өте күшті электр өрісі бар.

г) Денелердің электрленуі мен электр өрісі сұйықтардың ыдысқа шланг пен шүмектен сыздықтап ағуынан,дененің деформациялануынан (созылу мен сығылу) заттың бөлшектенуінен,бір-бірінен ажыратылуынан,ұсақ бөлшектердің (құмшекер,құм,ұн,дәрі ұнтағы т.б.)төгілуінен де пайда болады.

ғ) Электр өрісі құбылысы – заттарды жалтыратып лактауда,бидайды тазалап сорттауда , түтінді тазартуда, матаның бетіне түк салуда және түбіт тұрғызуда қолданылады.

Сондықтан шлангпен бензинді цистернаға немесе автомашина багына құйғанда өрт шығып кетуінен сақ болуы керек.

Қорыта айтқанда,біз ұдайы электр зарядтары мен электр өрісі ішінде өмір сүреді екенбіз. Мұны өзіміз байқамаймыз,ал енді бұл құбылыс туралы білетін болғандықтан,күнделікті өмірде тиісті шаралар қолдануымыз керек!

ҮІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Электроскоп не үшін керек құрал ?
  2. Электр өрісі дегеніміз не ?
  3. Электрометрдің шар кондукторын газетпен үйкесе электр заряды пайда бола ма ?
  4. Электр өткізбейтіндерге не жатады ?
  5. Электрометр не үшін қажет ? Құрылысын,жұмыс істеу принципін түсіндір.
  6. Электр өрісі қандай денелерде болады?
  7. Дененің электр өрісін қалай білуге болады ?

ІХ. Үйге тапсырма :§27,28.

  1. Газетті жыртып,оның қиқымдарының электрленгенін немен, қалай байқайсыңдар?
  2. Үйдегі су құбырының шүмегімен ағызған суды пластмасса воронка арқылы төгіп, воронканың электрленуін байқаңдар.
  3. Қараңғы бөлмеде синтетикалық киімдерді шешкенде, электр зарядтары сытырлап, жарық ұшқындары шығатынын бақылаңдар.