Күш. Деформация.

 

Сабақтың тақырыбы: Күш. Деформация.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жаңа физикалық шама-күш ұғымы мен оның түрлері,деформация және күштің векторлық шама екенін түсіндірмелі иллюстративті  тұрғыдан түсіндіру,терең мағлұмат беру.

Білімділік: Оқушылардың жаңа “күш”,”деформация” ұғымы туралы білімдерін жетілдіру,қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың білім сапасын,ойлау қабілетін,өз ойларын сөзбен жеткізуге дамыту.

Тәрбиелілік: Оқушылардың күш,деформация ұғымын күнделікті өмірмен байланыстыра білуіне және оны жақсы жақтарынан қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндірмелі иллюстративті, демонстрациялық, сұрақ-жауап, есептермен жатықтыру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, еңбек, дене тәрбиесі, тарих.

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, карточкалар, диномометр, сызғыш, таразы, резинка, шар, Исаак Ньютонның портреті, болат екі шар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

    1.Бәріміз біріміз үшін!

    2.Формуланы еске түсірейік

    3.Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін сәйкестендіріңдер.

    4.Есептер шығару(кеспе қағаздары арқылы)

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру

IV.Сабақты бекіту:

1.Ой ашар

    2.Ойға шабуыл

    3.Болжау стратегиясы

    4.Мағынасын табу.Инсерт

    5.Ой-толғаныс(Венн диаграммасы)

    6.Осы тақырыпқа өлең құрастыру.

    7.Кім көп біледі.

V.Үйге тапсырма.

VI.Қорытындылау.

І.Оқушылармен амандасу.

ІІ 1.Бәріміз біріміз үшін! (Сұраққа жауап ауызша)

а) Болат шармен ойын добы бір-бірімен соқтығысқаннан кейін қайсысы жылдам қозғалады?Неліктен?

Жауабы: Соқтығысқаннан кейін ойын добы жылдам қозғалады.Өйткені,болат шарға қарағанда оның массасы аз.(кіші)

ә) Үлкен жылдамдықпен келе жатырған машұинаның алдына неліктен жүгіріп шығуға болмайды?Бұл қандай құбылыс?

Жауабы: Машина үлкен жылдамдықпен келе жатырғанда тежеуішін басса да, ол жылдамдығын сақтап қалуға тырысады.Инерцияның сақталу заңы.

б) Массасы 100г және 1кг екі дене соқтығысқаннан кейін қайсысының жылдамдығы артады?

Жауабы: Массасы 100г дененің жылдамдығы артады.

в) Бір қалыпты қозғалып келе жатырған арбада отырған бала жоғары қарай доп лақтырса,баланың лақтырған добы қолына қайта дәл түсе ме?Осы құбылысты түсіндір.

Жауабы: Түспейді.Себебі бала арбамен бірге лақтырған доппен салыстырғанда орын ауыстырады.Бұл қозғалыстың салыстырмалылығы.

г) Егер екі дене соқтығысқаннан кейін оның біреуі-0,007м/с,ал біреуі-0,5м/с жылдамдықпен қозғалса,онда денелердің қайсысының массасы кіші болады?

Жауабы: Жылдамдығы 0,5м/с дененің массасы кіші.

д) Заттың тығыздығы дегеніміз не?

Жауабы: Дене массасының оның көлемінің қатынасына тең физикалық шама.

2.Формуланы еске түсірейік!

Оқушыларға суреттер көрсетіледі.Қандай сурет көрсетіліп тұрғанын тапқан оқушы,суретін артында жасырын тұрған формуланы айтады.

3.Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін сәйкестендіріңдер.

Тақтаға магнит арқылы формулалармен орын алмастырып,өлшем бірліктері беріледі.Өлшем бірліктерін өзінің жанына қою керек.

4.Есептер шығару(кесте қағаздар арқылы).Кесте қағаздары сабақ басталмас бұрын таразының үстіне жабық түрде қойылады.Әр оқушы алдарындағы таразыдан алып берілген есепті шығарып,таблицаға жауаптарын жазады.Таблица аттары,әр қатарға:Нақты жауап,сапалы шешім таба біл.

ІІІ.Жаңа сабақ.

ІV.Сабақты бекіту

1 Ой ашар.

Қысқаша   1) баяу

2) жылдам

3) тез өткендерге көз жүгірту, ой ашу.

Ньютон өміріне 1 оқушыға мәнжазба оқыту.

Түсу нүктесі

2 Ойға шабуыл (көз алдымызға не елестейді)

3.Болжау стратегиясы(суреттер,Б Ж бойынша тақырып табу)

 

 

4.Мағынасын табу. Инсерт (түртіп алу)

 

 

 

 

 

Білеміз           Білмейміз        Бізді толғандырады

 

  1. 4. Ой толғаныс ( Венн диаграммасы)

 

 

 

 

Күш                  Деформация

 

 

 

 

Екеуіне ұқсас

 

5 Осы тақырыпқа  өлең құрастыру

 

Күш

Үш

Піш

Іш

Бүгін оқыған тақырыбымыз  —

Шала білсек алатынымыз  —

Он ойланып, жүз толғанып –

Ең керегін бестік қылып –

 

  1. Кім көп біледі? әдісін қолданып,

сабағымызды қорытындылайық.

Үйге тапсырма