Молекула — кинетикалық теорияның негіздері

Сабақтың тақырыбы:  Молекула — кинетикалық теорияның негіздері

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Студенттерге білім тереңдету мақсатында молекула кинетикалық теорияның негізгі қағидалары, заттардың агрегаттық күйлері,  диффузия және броундық қозғалыс ұғымдарын таныстыру, мағлұмат беру;

Тәрбиелігі: Студенттер арасында ұйымшылдықты, сыйластықты ояту, тазалыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу;

Дамытушылығы: Студенттердің ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың өтілу әдісі: Үшөлшемді жүйе технологиясы

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар,бағалау парағы

Басқа пәндермен байланысы: химия, дүние жүзі тарихы

 

Сабақтың барысы:

 

  1. «Көпір» кезеңі (5-7 минут)
    • . Ұйымдастыру

Студенттердің сабаққа қатысуын, оқу құралдарын, кабинет тазалығын қадағалау.

  • «Көпір» тапсырмалары

1.Жылулық құбылыстар дегеніміз не?

2.Заттар қандай бөлшектерден  турады?

3.Табиғаттағы заттардың агрегаттық күйлері қандай?

 

II кезең

Жаңа сабақты студенттердің өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау

А) Студенттер төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері орындайды:

Ә) Жауаптарын оқытушымен бірге талдайды

 

«Білу»

Броундық қозғалыс…

Диффузия…

Термодинамика…

 

«Түсіну». Кестені толтыр: МКТ-ның негізіне үлес қосқан ғалымдар

 

Ашқан ғалымУақытыҚай елдің ғалымыЕңбегі
Тит Лукреций КарІ ғасырРимЗаттардың тегі жайлы
ДемокритV  ғасырГрекияАтомистикалық ілім
ЭпикурV  ғасырГрекияАтомистикалық ілім
ГассендиXVIII  ғасырФранцияАтомистикалық ілім
ЛомоносовXVIII  ғасырРоссияМКТ  жасады

 

«Талдау»  Заттардың агрегаттық күйлері қатты және сұйық түрлерін салыстыру (ВЕЕН диаграммасы)

 

«Жинақтау»  Адасқан әріптер ойыны
1) ХДМИАРЕ Архимед
2) АПСКАЛЬ Паскаль
3) ЕЛИЛБРНУ Бернулли
4) ИТИЧЛЕЛРО Торичелли
5) ЬНТЮОН Ньютон

 

 

III  кезең. Деңгейлік тапсырмалар  (кері байланыс)

I деңгей  (5 балл)

 

«Білу»

1) МКТ – ның қағидаларын ата.

2) Молекула жылдамдығының дене температурасына тәуелділігі.

 

«Қолдану»   Дұрыс жауаптарын белгіле:

  • … өзінің пішінін өзгертеді, бірақ көлемін өзгертпейді

а) сұйық    ә) қатты    б) сұйық және қатты

2) … гректің бөлінбейді деген сөзінен шыққан

а) молеула  ә) газ    б) атом

3) … пішіні мен көлемін өзгертпейді

а) газ    ә) сұйық    б)  қатты

 

II деңгей  ( 5балл + 4балл)

«Түсіну»    Заттардың қандай күйлерінде диффузия жедел өтеді және неліктен?

 

«Талдау»  Кестені толтыр. Физикалық шамалармен жұмыс

Физикалық шамаБелгіленуіӨлшем бірлігі
Абсолют температура
Молекула массасы
Больцман тұрақтысы
Молекула жылдамдығы

 

 

III деңгей   (9балл + 3балл)

 

«Жинақтау»  Физикалық диктант

  1. Табиғатта кездесетін кез-келген дене қатты, ……., газ түрінде болады.
    2. Барлық денелер тұтас емес, олар өте ұсақ бөлшектерден- ……… тұрады
    3. Бар заттың молекулалардың екінші заттың молекулааралық кеңістігіне еніп кетуі ……. деп аталады.
    4. Диффузияның өту жылдамдығы дененің ….. тәуелді
    5. Броундық қозғалыс дегеніміз – ….. қозғалыс, ол температураға тәуелді болғандықтан тоқтамайды.

Физикалық диктант (интерактивті тақтада жазылады.)

  1. Табиғатта кездесетін кез-келген дене қатты, сұйық, газ түрінде болады.
    2.Барлық денелер тұтас емес, олар өте ұсақ бөлшектерден- молекулалардан тұрады
    3.Бар заттың молекулалардың екінші заттың молекулааралық кеңістігіне еніп кетуі диффузия деп аталады.
    4.Диффузияның өту жылдамдығы дененің температурасына тәуелді
    5.Броундық қозғалыс дегеніміз – жылулық қозғалыс, ол температураға тәуелді болғандықтан тоқтамайды.

 

 

«Баға беру»    Суды қыздырса неге буға айналады?