Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары
Сабақ тақырыбы: Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік. Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары туралы оқушыларға алғашқы түсініктер беру, жаңа білімді қалыптастыру.
- Дамытушылық. Оқушылардың табиғат танушылығын, табиғатқа қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
- Тәрбиелік. Оқушыларды сүйіспеншілікке, мейірімділікке, адамгершілікке, еңбекшілдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, формулалар түрлендіріп, есептер шығару.
Көрнекіліктер: Кітап, физика мен астрономиядан тестік тапсырмалар жинағы.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру.
- Үй тапсырмасын сұрау.
- Нақты және орташа күн тәуліктерінің бір-бірінен айырмашылығы неде?
- Қазақстан жері арқылы қанша және қандай сағаттық белдеулер өтеді?
- Өліаралық және жұлдыздық ай строномиялық жолмен қалай аныұқталады?
- Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт аралығында қандай айырмашылық бар?
- Тропиктік жыл ұзақтығы қалай анықталады? Оның ұзақтығы қандай?
Жаңа сабақ
Иоганн Кеплер (1571-1630) заңдары:
- Кеплердің бірінші заңы – планета орбитасының пішінін анықтайды: барлық планеталар Күнді эллипс бойымен айналады, оның фокустарының бірінде Күн орналасады.
Элипстің симметрия центрі – О, үлкен АА1 = 2 a және кіші ВВ1 = 2 b екі симметрия осі бар, мұндағы а – үлкен жарты ось, b – кіші жарты ось деп аталады. Оның фокусы центрден OF1 = OF2 = C = a2 – b2 қашықтықта орналасқан.
Эллипстің негізгі қасиеті: эллипстің кез келген нүктесінің фокустардан қашықтықтарының қосындысы үлкен ось ұзындығына тең болатын тұрақты шама:
MF1 + MF1 = 2 a .
e = c/a қатынасы эллипстің эксцентрисиенті деп аталады.
Астрономияда Жердің күннен орташа қашықтығы Күн жүйесінде қолданылатын қашықтық өлшеу бірлігі ретінде қабылданған. Ол астрономиялық бірлік (а.б.) деп аталады: 1 а.б. = 149 600 000 км.
- Кеплердің екінші заңы – аудандар заңы планета қозғалыстарының бірқалыпты емес екендігін анықтайды: планетаның радиус-векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандар сызып шығады.
- Кеплердің үшінші заңы планеталардың орбиталық периодтары мен олардан Күнге дейінгі қашықтық арасындағы байланысты анықтайды: кез келген екі планетаның Күнді айналу периодтары квадраттарының қатынасы олардың орбиталарының үлкен жартыосьтерінің кубтарының қатынасына тең болады.
Сабақты қорыту:
Есеп. Марс орбитасының үлкен жарты осі 1,5 а.б. оның Күнді айналу периодын есептеп шығарыңдар.
| ||||||
| ||||||
т/к: T1 — ?
Үйге тапсырма: §45 оқу. 35- жаттығу есептерін шығару.
Бағалау: Оқушыларды бағалап, журналға, күнделікке баға қою.