Физика Қысым (ашық сабақ).

 

Сабақ тақырыбы: Физика Қысым (ашық сабақ).
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға күштің әрекет тіреу ауданына тәуелді болатыны, қысым, қысымның бірліктері туралы түсінік беру.
2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,
Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, көрнекіліктер,

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгендеу. Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабаққа дайындығын тексеру.
Сынып тазалығын тексеру.

ІІ.а) Өткен «Масса және күш» тарауын қайталау.
Сұрақ- жауап алу(ауызша) :
1. Табиғат туралы ғылым. (физика)
2. 10-6 дәрежесі қалай аталады? (микро)
3. «Жұпардың иісін жасыра алмайсың»-бұл қай құбылысқа негізделген? (диффузия)
4. «Фюзис»-грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? (табиғат)
5. Заттың үш күйін ата. (қатты, сұйық газ)
6. Жарық жылдамдығының шамасы неге тең? (3*108 м/с)
7. Аспан денелерін зерттейтін ғылым. (астрономия)
8. Жердің серігі. (Ай)
9. Екі дененің жанасқанда, олардың молекулаларының араласу құбылысы…(диффузия)
10. Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы (ақиқат) болжамды ұсынған ғалым. (В.Франклин)
11. Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы? (телескоп)
12. 1 жұмыртқа 4 минутта піседі. Ал 4 жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минутта)
13. Ұзындықтың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не? (метр)
14. Жәй көзге көрінбейді,
Қозғалуға ерінбейді. Ол не? (молекула)
15. Күн шығатын жақ. (шығыс)
16. Кемпірқосақта неше түс бар? (7 түс)
17. Уранның басқа планеталардан айырмашылығы неде? (өз белдеуіне перпендикуляр бағытта айналады)
18. Күн бататын жақ. (батыс)
19. Астеройдтар қатарына жатқызылған планета. (Плутон)
20. Траектория нешеге бөлінеді? (2-түзу сызықты, қисық сызықты)
21. Қандай планеталарды төменгі деп атаймыз? (Жер орбитасының ішіндегі)
22. Ауырлық күші деген не? (Денелердің жерге тартылу күші ауырлық күші деп аталады)
23. Динамометр әрекеті қандай заңға негізделген?(Гук заңына негізделген)
24. Деформация деген не?(дене пішімінің немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация деп атаймыз)
25. Күш деген не?(Күш – денелердің өзара әрекеттесуінің сандық өлшемі)

ІІІ. «Сиқырлы текше» эксперимент жүргізу.
№1 қалта. Шикі жұмыртқаны піскен жұмыртқадан қалай ажыратуға болады? Тәжірибе жасап көрсет. Берілген құралдар: Тарелка, 2 жұмыртқа, сызғыш.(жұмыртқаны айналдыру керек, піскен тез айналады).
№2 қалта. Конверт ішінде кілт жатыр. Осы кілтті конвертке қол тигізбей қалай алуға болады? Берілген құралдар: Кілті бар конверт, қайшы, су, сіріңке. (конвертті жағып жіберу керек)
ІҮ. Жаңа сабақ.
• Мұғалімнің кіріспе сөзі: Біз өткен тақырыптаүйкеліс күші тақырыбымен таныс болдық, сонымен:
1.Үйкеліс күші деген не?
2. Үйкеліс түрлері?
3. Үйкелістің пайда болу себептері?
4. Нормаль қысым күші?

Енді қысым – деген тақырыптармен танысамыз.

Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:

р-қысым;
Ғ-бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күш немесе қысым күші;
S-күш түсетін беттің ауданы.

ХБЖ-да қысым паскальмен өлшенеді. .
гПа=100 Па=102 Па
кПа=1000 Па=103 Па
МПа=100000 Па=106 Па
Қорытынды сөз: қорыта келе, белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды, оны р әріппен белгілейміз және ХБЖ-де қысымды Па өлшейміз.

V.Сабақты бекіту.
а) Жаңа материалды есептер шығару арқылы бекіту.
Кітаппен жұмыс: 15-жаттығу.№1, №2
ә) Қосымша материалмен жұмыс: Лукашик В.И. 7-8 сыныптарға арналған «Есептер жинағы»-нан есептер шығарамыз.
№95. Шаңғышының шаңғымен қосқандағы массасы 70 кг. Екі шаңғы тіректерінің ауданы 3500см 2 тең. Шаңғышының қар үстіне түсіретін қысымын есептеңдер.

 

Берілгені:    ХБЖ            Талдау.           Шешуі:
m=70кг                               F=mg            F=70кг*9,8Н/кг≈700Н
S=3500см2 = 35*10-2м2    p=F/S

p-?

 

 

№101. 0,2м2 ауданға 8кПа қысым әсер етеді. Осы ауданға қанша күш беріледі?

Берілгені:      ХБЖ             Талдау.         Шешуі:
S=0.2м2                               p=F/S
p=8кПа = 8000Па                                      F=0.2м2*8000Па= 1600Н

F-?

б) Физикалық диктант:
1. Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама
2. Қысымды қалай анықтайды?
3. Қысымның қандай бірліктерін білесіңдер?
Жауаптары:
1. Қысым
2. p=F/S
3. Па, гПа, кПа, МПа
VІ. Қорытындылау. Сонымен қысым дегеніміз не екен?
Қысым (орыс. давление ) бір дене екінші дене бетіне әсер еткенде пайда болатын қалыпты күштің қарқындылығын сипаттайтын физикалық шама.

Олай болса, сіздермен мына кестені толтырайық. Бүгін сабақта не білдім, не білгім келеді, нені үйрендім?…..

 

 

 

 

 

Оқушылардың қысым туралы ойын білу үшін ассоциация толтырайық.

 

 

 

ББҮ стратегиясы

БілемінБілгім келедіҮйрендім
 

 

 

 

  

VІІ. Бағалау.

 

 


Бағалау парағы

Оқушының аты-жөніБелсенділігіҮй тапЕсеп шығаруФизикалық диктантҚорытынды
бағасы
Сейтбай М++++5
Базар Ж++++5
Максотов Ж+ +3
Құмаров Ж+ +3
Нағым Н+++ 4
Амангелдиева А++ +4
Нағымкереев А++ +4
Қазиханов Ж++++4

 

VІІ. Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Қысымнан алған білімді,
Ұмытпай есте сақтайық.
Үйге тапсырма: §43. 14-тапсырма. 15жаттығу №3. Эксперимент тапсырма.