«Инерция». «Техникадағы инерцияның көрінісі».

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы:  «Инерция». «Техникадағы инерцияның көрінісі».

Сілтеме: қосымша материалдар

Мақсаттары: ой қозғау, қызығушылықты ояту, мұғалім оқығанын оқушыларға елестете отырып, оқиғаның қалай, не себептен өтіп жатқанын қағазға жазу арқылы білімін көтеру.

Оқыту нәтижесі: топтық жұмысқа дағдыландыру, ғылым мен техника жетістіктеріне қызығушылық тудыру.

Түйінді идеялар: Елестету . Слайд жасау. Ресурстар дайындау.  Интерактивті тақтамен жұмыс.

УақытыСтратегияларРесурстар

 

Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс- әрекеті
 

 

 

 

 

 

 

 

Елестету

1)      Сыныппен амандасу, оқушыларды түгендеп,  назарларын сабаққа аудару

 

2)      Фигуралар арқылы топқа бөлу

 

 

3)      Мұғалім тақырыпқа байланысты мәтін оқиды.

—          Осы демалыс кезінде мен анаммен қалаға баратыныма қатты қуандым. Ертеңіне жолға шықтық, автобусқа кіріп , ішіне жайғастық. Автобус жүрмей біраз тұрып алды. Бір кезде «О, біз жүрдік!» деп қуандым. Терезеден далаға, қарсы үйлерге қарап отырмын. Тоғайлар,үйлер, малдар керісінше артқа қарай зымырап барады. «Қандай қызық!» деп ойладым. Біраздан соң терезеге қар түйіршіктері тарсылдап тие бастады. Олар тайғанақтап барып қисық сызықты траекториямен төмен қарай құлдилап кетіп жатты. «Неге бұлай?» деп тағы ойладым. Енді қарасам автобус саяжайға жетіп қалыпты. Күтпеген жерден жүргізуші тежегішті басты. Сол кезде бәріміз де соғылып, жантайып қалдық. Неге осылай болады екен? –деген ойлар мені мазалады.

 

4)      Әр топтың жауабын тыңдап, жауаптарды салыстырып бағалайды.

 

 

 

 

1)      Мұғаліммен амандасу, кезекшілер жоқ оқушыларды түгендейді.

 

2)      Оқушылар топқа бөлініп алып, сабақтың мақсатына назар аударады.

 

3)      Оқушылар мәтінді көздерін жұма отырып тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4)      Айтылған әңгімені әр топтың оқушылары өздерінше елестетеді, сол елесті қағаз бетіне түсіреді. Ойларын қорытындылап жазады.

Оқушылар сурет салады (топ ақылдасып тақтада бір қорытынды сурет салады).

Салған суреттерінің қорытындысын шығарады.

 

 

Оқушылар өздерінің ойлары, жазғандарының барлығы бүгінгі танысқалы отырған инерция құбылысы екенін түсінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мағынаны ажырату

5)      Мұғалім оқушылардан сұрақтарға қимылмен жауап берулерін сұрайды:

—          Бәріміз автобус ішінде отырмыз. Автобус орнынан жұлқына тартылып қалды, тепе-теңдік бұзылды. Сонда қалай қимылдаймыз? Қай жаққа қисайдық?

—          Ұзын жолмен автобус зулап келеді. Ол бірқалыпты қозғалады. Кенет тежелді. Қалай қимылдаймыз? Қай жаққа қисайдық?

—          Бірқалыпты келе жатқан автобус оңға қарай тез бұрылды, қалай қимылдаймыз?

6)      Мұғалім осы үш тапсырманы қалай орындағанын белгілеп отырып, тақтаға жазатын оқушылар белгілейді.

 

 

5)Оқушылар көздері жұмулы, еркін отырады. Мұғалімнін айтқанын мұқият тыңдап, қимылмен көресетіп отырады. Бұл олардың сұраққа жауаптары болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6)Оқушылар санап тақтаға жазады.

 

І-топ                                            ІІ-топ

1)      Артқа                            1) Артқа

алдыға                               алдыға

2)      Алдыға                          2) Алдыға

артқа                                  артқа

3)      Оңға                                3) Оңға

Солға                                  солға

 

7)      Мұғалім әр топқа таратпа материалдарын ұсынады.

8)      Үй жұмысын беру

9)      Бағалау.