Алтын күз мерекесі (ертеңгілік)

Алтын күз мерекесі (ертеңгілік)

І. Мұғалім сөзі:

Қайырлы күн , құрметті қонақтар!

Асыға күткен күз мерекесі де келіп жетті. Алтын күз мерекесі құтты болсын! Күз мерекесін ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

 

Хормен :

Үлкенге де сіз

Кішіге дн сіз

Құрметпенен сіздерге,

Бас иеміз біз!

 

1-оқушы

 

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін

Мерекелі осы күн.

 

Шеңберге тұрып: хормен

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

 

Аналарына жасаған жапырақтарын беріп, орындарына отырады.

 

ІІ. Енді ортамызға «Күз ханшасын» шақырып, қарсы алайық.

 

Күз ханшасы:

 

Армысыздар, қадірлі қонақтар!

Күз мерекесі құтты болсын!

Күз бақыт,береке әкелсін!

-Айтқаныңыз келсін, күз ханшасы.

Сіз бізге күз дегеніміз не? Неге күзді  « Алтын күз » дейді деген сұрақтарға жауап беріңізші?

 

Күз ханшасының жауабы:

 

Күз дегеніміз 1-ден байлық,молшылық,қап-қап астық, картоп,жүгері,өрік , алма. Осының бәрі күзде піседі. Әне, қараңдаршы !

Дала да , егін де , тоғай да  сап-сары.Сондықтан халық күзді «Алтын күз»

дейді.

ІІІ. Кірпіге алма жинасайық. Өрнектер шығару.

ІY. Тазша бала келеді. /жүгіріп/

-Сүйінші,сүйінші ,сүйінші! Күз келді.

— Тазша бала , біз күз келгенін біліп алдық.

-Ой, мен тағы кешіктім.

— Қапаланба , тазша бала, бүгін бізде қонақта бол.

Тазша бала:

  • Ендеше мен ойын ойнатайын.

Ойын шарты: Екі топқа бөлініп, шашылған көкөністерді жинау.

Бір,екі,үш

Ал,кәнеки ұш!

 

  1. Y. Күз ханшасының өнері.

-Күз ханшасы қандай өнер көрсетеді екен?

-Ертегілер елінен келген достарыммен би билеп берейін. Қабыл алыңыздар.

  1. Ойын: Ата-аналарға жұмбақ жасыру. Жауабына сәйкесінше сурет көрсету.

 

YII. Енді ортаға күз белгілерін шақырайық.

Біздің дайындаған әдеби монтажымызды қабыл алыңыздар!

 

YIII.

 

Сыныбымыздың сәнқойлары «Күздік киім » үлгісін көрсетеді.

Әншілеріміз «Етікші ата» өлеңін орындайды.

«Түрік биін» қабыл алыңыздар.

 

ІХ. Сонымен күзде қандай өзгерістер болатынын достарымыз айтып берсін.

*Күн суытады

*Жапырақтар сарғаяды

*Жеміс-жидектер піседі

*Құстар жылы жаққа кетеді

*Жаңбыр жауады

*Егін жиналады

*Үйлерін ақтайды, сырлайды

-Күзім-ау, күзім-ау

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенін қызық –ау!