«Күн жүйесіне саяхат»
Сабақтың тақырыбы: «Күн жүйесіне саяхат»
Сабақтың түрі: Физика-астрономиялық кеш
Сабақтың өткізу әдісі: сайыс сабақ
Мақсаттары :
Білімділік: осы пәнге қызығушылықтарыңды арттыру, кейбір мәліметтерді сайыс түрінде түсіндіру, сабақта алған білімдеріңді пайдалана білуге үйрету, білімдерін байқау-бақылау;
Дамытушылық: оқушылардың осы пәндерге қызығушылығын тудыру, арттыру, білім дағдыларын дамыту, ізденіске ұмтылдыру;
Тәрбиелік: шапшаңдыққа, бірігіп жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, әсемдік пен әдемілікке тәрбиелеу болып табылады.
Кластан тыс жұмыстың өткізілу түрі: кеш
Өткізілу әдісі: сайыс
Қолданылатын көрнекі құрал-жабдықтар: «Күн жүйесіне саяхат» кеш тақырыбы жазылған плакат, компьютер, Күн жүйесі туралы «Седмое небо» электрондық оқулығы, кодоскоп, ғаламшарлар суреттері салынған плакаттар, «Бұл қай заң?» торкөздерге жазылған плакат, жеті түрлі футболка, жеті түрлі қағаздан жасалған корона, космостық жылдамдықтарды көрсететін плакат, күн жүйесі салынған плакат.
(«Седьмое небо» электрондық оқулығы әуенімен қосылып тұрады.), тәжірибеге керекті құрал-жабдықтар.
Кештің бағдарламасы:
1-сайыс. Викториналық сұрақтар.
2- Сайыс.Суреттер сырын ашайық.
3-Сайыс.Үй тапсырмасы 8а кл. Ньютон спектрі.
7ә кл. Планеталар парады.
4-Сайыс.Қызықты тәжірибелер.
5-Сайыс. «Формулалар жазайық». Топ басшысы жарысы
Кіріспе сөз: Мұғалім: Бүгін біз сіздермен «Күн жүйесіне саяхат» атты физика пәні бойынша кеш өткізгелі жиналып отырмыз. Кештің мақсаты сіздердің осы пәнге қызығушылықтарыңды арттыру, кейбір мәліметтерді сайыс түрінде түсіндіру, сабақта алған білімдеріңді пайдалана білуге үйрету, білімдеріңді байқау-бақылау, шапшаңдыққа, бірігіп жұмыс жасауға, әсемдік пен әдемілікке тәрбиелеу болып табылады. Негізінен жарысты 9а класының физикадан факультатив сабағына қатынасатын оқушылар көмегімен өткіземіз.
Сайысты жүргізу үшін 9а класс оқушылары Әсел мен Тимурды ортаға шақырайық.
1-Жүргізуші:
ХХ-ХХІ ғасыр ғылыми-техникалық революция ғасыры деп аталады. Мысалы: Адамзаттың ғарышқа ұшуы, Плутонның ашылуы, лазерлік сәулелердің және атом ядросының энергиясының игерілуі т.б.
2- жүргізуші:
Қазақстандық ғарышкерлердің ғарышқа баруы, электронды есептеуіш машиналардың – компьютерлердің қарыштап дамуы, спутниктік байланыстардың мүмкіндігі артуы, бүкіл дүние жүзілік өрмек – интернеттің пайда болуы т.б жаңалықтар жатады.
1-жүргізуші:
Жалпы физика-астрономия жаратылыстану пәндеріне жатады. Физика табиғат құбылыстарының болу себептерін зерттейді, ал астрономия пәні аспан денелерін зерттейді.
2-жүргізуші:
«Физика» сөзі грек сөзінен аударғанда «фюзис»-табиғат дегенді білдіреді.
Бұл сөздің ғылыми мағынасын байытуда тарихта «екінші ұстаз» аталған біздің ұлы бабамыз- Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбегі зор.Орыс тіліне алғаш енгізген орыстың ұлы ғалымы М.В.Ломоносов.
1-жүргізуші :
Ал «астрономия» сөзі де грек сөзі, «астрон» — жұлдыз, номос — заң дегенді білдіреді. Астрономия ғылымының негізін салған Коперник, Исаак Ньютон, Галлилео Галлилей, Кеплер деп айтамыз.
2-жүргізуші:
Біздің бұл мәліметтеріміз кешіміздің кіріспесі болып табылады. Кеш сайыс түрінде өтетін болғандықтан алдымен әділ қазылар алқасын сайлап алайық:
Ортаға физика пәні аға- мұғалімі Алиева Үрзада апайды, бастауыш класс меңгерушісі Сағынтаева Ғалия апайды, жаратылыс тану бірлестігі жетекшісі Айжарықова Әсия апайды шақырамыз.
1-жүргізуші:
Енді кешімізді бастайық. Кеш 7ә класс және 8а класс оқушылары қатысуымен өтеді. Кешке 7ә класы «Планета» деген атпен, 8а класы «Спектр» деген атпен келіп отыр.
2-Жүргізуші:
Сонымен кешіміз мынадай 5 кезеңнен тұрады:
1-сайыс. Викториналық сұрақтар.
2- Сайыс.Суреттер сырын ашайық.
3-Сайыс.Үй тапсырмасы 7ә кл. Планеталар парады.
8а кл. Ньютон спектрі.
4-Сайыс.Қызықты тәжірибелер.
5-Сайыс. «Формулалар жазайық». Топ басшысы жарысы
1-жүргізуші:
1- сайыс. Викториналық сұрақтар:
Бұл сайыста әр класқа 10 оның ішінде біреуі бейне сұрақ болады. Келесі топ жауап беруге болады.
Қай топ көп сұраққа дұрыс жауап берсе, сол топ жеңіске жетті деп есептеледі. Бағалау өзіміз үйренген 5 ұпайлық болсын.
7 класс өқушыларына қойылатын сұрақтар:
- Тартылыс күші дегеніміз қандай күш?
( Ауырлық күші немесе кез келген планетаның өзіндегі орналасқан денелерді
тартуы, осы күштің әсері әр планета үшін тұрақты, мысалы Жер үшін 9,8 Н/кг, Ай үшін 1,6 Н/кг )
- Өз планетамызда жүріп тұруымыз үшін, ауырлық күші жеткілікті ма, тағы қандай
күштің әсері керек?
( Үйкеліс күші керек, бұл күш болмаса Жер өзіне тарта берсін, біз сырғанап
қозғалуымыз қиындап кетер еді)
- Эклиптика деген не?
( Күннің бір жыл ішінде жүріп өтетін сызығы – эллипс бойымен болады, осы
траекторияны эклиптика деп атайды )
- Аспан денелерін бақылайтын құрал? ( Телескоп )
- Бір астрономиялық өлшем ( а.ө.) деген не?
(Жердің Күннен орташа қашықтығы аспан денелерінің ара қашықтығын есептеуде қашықтықтың бірлігі ретінде қабылданған 1 а. ө. 149597868 км-ге тең ≈ 150·10 6 км )
- Видео сұрақ: Ауа шары туралы көріністе қандай құбылыс болды, түсіндіру керек.?
Ауа шары көтерілу үшін шардың ішіндегі ауаны қыздыру керек, ауа ұлғаяды және тығыздығы азаяды, ауа көлемі ұлғаяды деген оған әсер ететін кері итеруші күш, яғни, Архимед күші артады деген сөз, сөйтіп ауа шары көтеріле бастайды. F=ρgV. Ал ауа шары төмен түсу үшін оған әсер ететін ауырлық күші Архимед күшінен көп болу керек. Бұл көріністе шардың ішіндегі ауа көлемін азайту арқылы Архимед күшін де азайта бастаған.
Жауабы электрондық оқулықтан тыңдалады. Оқушылар жауабы салыстырылады.
- Күн жүйесі қозғалысы ілімін кім ашты? (Коперник)
8.Жазғы күн тоқырау күні қашан? (22 шілде)
- Ең алғашқы қазақ ғарышкері ? (Т.Әубакіров )
- Ең алғаш ғарышқа ұшқан адам? (Ю.Гагарин)
2-жүргізуші:
8 класс оқушыларына қойылатын сұрақтар:
- Жарық жылдамдығы қандай? ( 300000 км/с )
- Жерде Ай тұтылу толық болған кезде Айдағы ғарышкер нені көреді?
( Айда күн тұтылу болады, яғни Жер Ай мен Күннің ортасына келіп қалады)
- Тұңғыш жасанды Жер серігі қашан ұшырылды? (1957 жылы)
- Бізге аспан көк болып, Айдағы бақылаушыға аспан қара болып, Марстағы
бақылаушыға қызғылт болып көрінеді екен, неліктен?
(Күннен келген жарықты әр ғаламжар әр түрлі шағылдырады. Жер көк сәулелерді, Ай барлық сәулелерді жұтады, аз шағылдырады, ал Марс қызғылт сәулелерді шағылдырып, қалғанын жұтады деп түсіндіреміз )
- 1 парсекте қанша км бар? (Жұлдыздарға дейінгі қашықтық парсекпен өлшенеді, 1пк=206 265 а.ө.= 3·1013 км )
- Видеосұрақ. Бір ғаламшардың бетін екінші ғаламшар жабады?
Әңгіме қандай планеталар туралы, қандай құбылыс туралы?
Жауап:(Ай тұтылуы құбылысы. Түсінірек айтсақ, Айдың бетін Жер жауып қалады немесе Ай Жердің көлеңкесінде қалады)
7.Айға алғаш қонған қай елдің азаматтары?(американдық Армстронг пен Олдрин)
- Қысқы күн тоқырау күні қашан? (22 — желтоқсан)
- Ғарыш туралы теорияның негізін салушы кім? (К. Э. Циолковский)
10.Ғарышқа ұшуды іс жүзінде жүзеге асырған ғалым?( П. Королев)
1-жүргізуші:
2- Сайыс. Суреттер сырын ашайық.
Тақтада екі сурет ілінген. Біріншісі алтын жұмыртқа туралы, бұл суреттегі жұмыртқаны кім сындырды, қалай, физикамен қалай байланыстырамыз?
8 класс сурет сырын ашып тарқатып берсін. Алдымен шартын тыңдап алыңыздар:
Ата мен әже өздерімен-өзі өмір сүріп жатты. Олардың тауығы болды. Осы тауығы алтын жұмыртқа әкелді. Атасы ұрып көрді жарылмады, әжесі ұрды жарылмады. Бір кезде бір бұрыштан тышқан шыға келіп құйрығымен жұмыртқаны қағып кетті ме екен, әйтеуір әлгі жұмыртқа жарылып қалды. Атасы мен әжесі жұмыртқаның жарылып қалғаның көріп жылап жібереді, сонда тауығы: «Ата, әже сіздер жыламаңыздар мен сіздерге енді алтын емес кәдімгі жұмыртқа тауып беремін», — дейді. Сонда жұмыртқаны кім сындырған? Тақтадағы суретті қараңыз.
Бұл туралы 8а класс оқушыларының түсіндірмесін тыңдап көрейік.
Жауабы: Жұмыртқаны кім көрді немесе қозғады сол сындырды: атасы ма, әжесі ма немесе тауық па? Тынышта тұрған кезде жұмыртқада(қарт кісілермен салыстырғанда олар еденнен биікте орналасқан орындықта отыр ғой) потециялық энергия болады, оны көтере бастаған кезде потенциялық энергия кинетикалық энергияға айналады. Бұл жағдайда тышқан құйрығымен іліп жұмыртқаны қозғалысқа түсіреді. Соқтығысу кезінде(тышқанның кинетикалық энергиясы) кинетикалық энергия әсерінен жұмыртқаның пішіні деформацияланып (сынып), яғни жарылады.
2-жүргізуші:
Ал екінші сурет балды жақсы көретін аю туралы. Бұл сұраққа 7 класс оқушылары жауап берсін. Алдымен шартын тыңдап алыңыздар:
Аю балды өте жақсы көреді.Аралар орналасқан ағашқа жоғарғы жағынан жіпке ағаш цилиндр байлап қояды. Аю ағашқа өрмелеп жіпке байланған кесек ағашты итеріп, ара ұясына жетпек болады. Ал кесек ағаш маятник немесе әткеншек сияқты қозғалып, қайта аюға соғады, осылайша қозғалыс бірнеше рет қайталанады, аюды соғып тастайды. Бір кезде аю құлап қалады. Аюды құлатқан кім?
Жауабы: Аюды құлатқан өзі. Бұл жұмыс аюдың өзінің энергиясы есебінен жасалды. Аюды қатты итеріп жіберген ағашы біршама биіктікке көтеріледі. Осы кезде потенциялық энергия ( аюдың потенциялық энергиясы) ағаштың кинетикалық энергиясына айналып, қайта аюға соғады, осылайша жалғаса береді. Ызаланған аю ағашты одан сайын бар күшімен итереді, кесек ағаш болса өзіне қайта соға береді, сөйтіп аю күшінен айырылып, шаршап, оның үстіне кесек ағаш соғып әбден шаршап, құлап қалады. Сөйтіп ол өзін-өзі құлатады.
1-жүргізуші:
3-Сайыс.Үй тапсырмасы 7 кл. Планеталар парады.
(Көмекші оқушылар Айбек пен Мержан Электрондық оқулықтан 9 планетаны көрсетіп қояды.) Оқушылар ортаға ғаламшар суреттерін алдына ұстап шығады, ғаламшарлар өздерінің көлемдері ескеріліп салынады. Үй тапсырмасы болғандықтан, оқушылар мәтінді жатқа мәнерлеп айтулары керек.
1-жүргізуші:
«Планета» грек сөзі, қазақша ғаламшар дейді. Ұлы поляк ғалымы Коперниктің аспан әлемі туралы заңына сәйкес Күнді айнала тоғыз планета қозғалып жүреді. Олардың әрқайсысының көлемі де, температурасы да және Күннен қашықтығы да әртүрлі. Планеталардың Күнді айнала жүретін орбитасы болады. Енді сол планета атынан сөйлейтін 7 «ә» класс оқушыларын ортаға шақырамыз.
Күн: Күн, яғни мен ғаламдағы тіршілік көзімін. Мен барлық планеталарға жарық беремін. Мен олардың ортасында тұрамын, барлық планета менен жарық, жылу алып айналып қозғалып жүреді. Әр планетаның менен қашықтығына байланысты ондағы жылулық жағдайы да әр түрлі болып табылады. Менің массам 2*1030 кг., мендегі тартылыс тұрақтысы g=2,73 Н/кг, ал менің диаметрім 1 390 600 км екен.Күн тәжінің температурасы 1,5*106 К, фотосферамның температурасы 6000 К., жарықтылығым, сіздер білетін электр шамдарының қуаттылығымен айтсам 3,8*1026 Вт.
- Меркурий: Мен Күнге ең жақын ғаламшар- Меркуриймін. Қазақша атым- Болпан немесе кіші Шолпан. Өлшемім де массам да кішкене болғандықтан мен өзімнің айналамда атмосфераны ұстап тұра алмаймын. Күндізгі температура +300°С-қа дейін көтеріліп, ал түнде -200°С –ға дейін төмендейді екен. Массам 36*1022 кг., радиусым 2400 км., мендегі тартылыс тұрақтысы g=3,7 Н/кг, серігім жоқ, Күнді 80 күнде бір айналып шығамын. Менде атмосфераның ізі ғана бар.
- Шолпан. Менің атым- Шолпан. Көлемім мен массам бойынша Жерден аз ғана кішімін. Мен басқа планеталарға қарама-қарсы немесе Күнді айнала қозғалатын жаққа қарсы бағытта өз осімнен бойымен айналып қозғаламын. Мендегі бір тәулік Жердегі 117 тәулікке тең екен. Менде магнит өрісі табылған жоқ. Менің массам 482*10 22кг., радиусым 6050 км., мендегі тартылыс тұрақтысы 8,9 Н/кг.Атмосфера өте тығыз болып келеді.
3.Жер: Мен бүкіл адамзат мекен ететін Жер ғаламшарымын. Мен адамдар өмір сүруге барлық жағдай жасадым. Барлық планеталармен бірге мен де Күнді айналып қозғаламын және өз осімнен де айналып қозғаламын. Өз осімнен бір тәулікте, яғни 24 сағатта бір айналамын, ал Күнді бір жыл ішінде немесе 365 күн мен 365 түнде бір рет айналып шығамын. Осы Күнді айналуыма байланысты менде жыл мезгілдері алмасып тұрады. Менің массам 6*1024 кг., тартылыс тұрақтым 9,8 Н/кг., радиусым 6371км. Менде атмосфера тығыз.
3а.Ай: Мен ғаламшар емеспін, бірақ сіздер тұрып жатқан Жер ғаламшарының жалғыз серігімін. Мен Жерден 384 400 км қашықтықта орналасқанмын. Менің радиусым 1738 км. Ауырлық күшім Жердегіден 6 есе аз, яғни 1,63 Н/кг. Мен әрқашан Жерге бір жағыммен қарап тұрамын. Айдағы бір тәулік Жердегі бір айға тең, түсініктірек айтсақ Айдағы түн 2 апта, күн 2 апта болады екен. Күндіз 130ºС-қа дейін қызамын, ал түнде -170°С-қа дейін салқындап кетемін. Менде атмосфера сирек.
- Марс. Мен – Марс ғаламшарымын, қазақша – Аңырақай деп те атайды .Мендегі тартылыс тұрақтысы 3,7 Н/кг., массам 66*1022кг., радиусым 3397 км. Менің Деймос және Фобос деген екі серігім бар. Диаметрі жағынан Жерден екі есе кішімін. Жазда –күндіз ең жылы жеріндегі температура +20°С, ал қыста- түнде -125 °С-қа дейін төмендейді. Көбінесе көмірқышқыл газдан тұратын атмосферам Жердегіге қарағанда жүз есе сирек. Мен күнді 2 жылда бір рет айналып шығамын. Мендегі атмосфера сирек.
- Юпитер. Алып планеталардың ішіндегі ең жақсы зерттелгені – мен Юпитер боламын, қазақша атым — Есекқырған. Мен диаметр бойынша Жерден 11есе, ал масса бойынша 300 есе үлкенмін. Менің айналу осім орбита жазықтығына перпендикуляр болғандықтан, менде ешқандай жыл мезгілдері ауыспайды. Мен басқа алып планеталар сияқты өз осі төңірегінде өте тез айналып қозғаламын. Массам 2*1027 кг., тартылыс тұрақтым 25,8 Н/кг, радиусым 69900 км. Күнді 11,86 жылда бір рет айналып шығамын. 16 серігім бар.Атмосфера тығыз болып есептеледі.
6.Мен Сатурн ғаламшарымын. Мені қазақша Қоңырқай деп те атайды. Мені айнала қоршаған жалпақ сақинаның қалыңдығы бірнеше километрге созылып жатыр. Мен 30 жыл ішінде Күнді бір рет айналып шығады екенмін.Менің массам 571,2*1024 кг.,тартылыс тұрақтым 11,3 Н/кг., радиусым 58000км. Менің 17 серігім бар. Менде атмосфера өте тығыз болып келеді.
- Уран. Менің атым –Уран. Мен Күнді 84 жылда бір рет айналып шығамын. Яғни сендер Күнді 84 рет айналғанда мен бір рет қана айналамын деген сөз. Менің де Шолпан сияқты өз осімнен айналу бағытым өзге планеталардың айналу бағытына қарама-қарсы. Менің массам 911*1023 кг., тартылыс тұрақтым 9 Н/кг., радиусым 25400 км. Менің 6 серігім бар. Атмосфера өте тығыз болып келеді.
- Нептун. Мен — Күннен ең қашық орналасқан ғаламшар Нептунмын. Мен туралы алдымен теориялық болжаулар айтылған. 1846 ж ғалымдардың болжаған жерінен телескоппен тапқан екен. Менің массам 103*1024 кг., 11,6 Н/кг., радиусым 24300км. Атмосфера өте тығыз. Мен Күнді 164,7 жылда бір рет айналып шығады екенмін. Менің 8 серігім бар. Менің қозғалысымды мұқият зерттей келе менің арғы жағымда орналасқан тағы бір ғаламшардың бар екені анықталды.
- Ол мен Плутон болатынмын. Плутон – мен ХХ-ғасырдың 30 жылдары ашылған, адамзат үшін жаңа ғаламшармын. Адамдар менің сырларымды әлі де білмейді. Мен Күн жүйесінің ең кіші ғаламшары болып табыламын. Менің радиусым бар болғаны-1140 км. Мен Күннен 6млрд км. қашықтықта баяу қозғаламын, яғни Күнді 248 жылда бір рет айналып шығамын. Менің массам 12*1021 кг, мендегі тартылыс тұрақтысы 0,6 Н/кг. Менің бір серігім бар. Менде атмосфера өте тығыз болып есептеледі.
2-жүргізуші:
8 кластың үй тапсырмасы. Ньютон спектрі
(Көмекші оқушылар Физикон оқулығынан Оптика бөлімінен спектр суреттерін көрсетіп қояды.)
Ақжарық: Мен кәдімгі ақ сәулемін. Күн сәулесін барлақтарыңыз да менімен көресіңдер.Менің 7 балам бар. Яғни менің құрамымда 7 сәуле бар, сол 7 сәуле қосылып, маған ақ түс береді. Бірақ менің осы жеті түстен тұратынымды көпшілігің біле бермейсіңдер, бұдан былай білетін боласыңдар. Ендігі сөзді менің балаларымнан естисіздер, олар сіздерге өздерінің қасиеттері туралы айтып береді.
- Қызыл сәуле: Мен ең ұзын сәулемін. Менің ұзындығым 8*10-7 м. Мен ең аз сынатын сәулемін. Менің түсім адамдарға қуаныш сыйлайды. Сондықтан сән-салтанат болатын жерді безендіруге менің түсімді пайдаланады.
- Қызғылт сары жолақ: Мен қызғылт сары жолақпын. Мен де ұзын толқынмын, менің ұзындығым қызыл толқыннан сәл ғана кіші – яғни, -7*10-7 м. Мен анық көрінемін, ұзындығым да енім де баршылық. Сыну көрсеткішім мына тұрған сәулелерден аз, (өзінің сол жағында тұрған сәулелерді көрсетеді) яғни, бір ортадан екінші ортаға өткенде бағытымды өте көп өзгертпеймін.
- Сары жолақ: Мен сары жолақпын. Мен кемпірқосаққа ең әдемі түс беріп тұрмын. Менің ұзындығым -6,5*10-7 м. Менің алдымдағы мына толқындарға (оң жағындағы толқындарды көрсетеді) қарағанда зат ішінде аздап сынамын. Менің түсіммен сары күз деп жатады, егін піскен кез, ең молшылық уақыт осы шақты менің түсіммен байланыстыруы мен үшінде үлкен бақыт, байлық деп есептеймін.
4.Жасыл жолақ: Мен ең әдемі жолақ-жасыл жолақпын. Менің ұзындығым -6*10-7 м. Мен ұзын да қысқа да емеспін, алтын ортадан алған орным бар. Өте қатты сынбаймын да, өте тік мінезім де жоқ. Жасыл шөп, жасыл желек табиғатқа аса көрік беріп қана қоймайды, тіршілік үшін маңызды оттегі бөліп, көмір қышқыл газын өзіне жұтады. Мен де осындай тіршілік атаулының қажетін қанағаттандырума байланысты өзімді керемет бақытты сеземін.
5.Көгілдір жолақ: Менің атым-көгілдір жолақ. Бүкіл аспан әлемі менің түсімдей. Қазақстанның мемлекеттік тууының түсі де менімен бірдей. Менің ұзындығым қысқадан жоғары болып есептеледі. Сан жағынан айтсам -5,5*10-7 м. Сыну көрсеткішім айтарлықтай сына аламыз. Әр қашан салтанатты, жеңісті күндерде сіздермен бірге мен де желбірейтін боламын. Бұдан асқан бақыт бар ма?!
- Көк сәуле: Мен көк сәулемін. Менің ұзындығым 4*10-7 м. Мен де көп сынатын сәуле болып есептелемін. Менің түсім басқа түстерге сән береді. Сіздерге салтанаттарда, тойларда қызыл сәулемен бірігіп, гармониялық үйлесім тауып мен де қуаныш, бақыт сыйлаймын.
7.Күлгін сәуле:Мен ең қысқа күлгін сәулемін. Менің ұзындығым бар болған 4,5*10-7 м. Бірақ мен осы қысқалығыма байланысты зат ішінде ең көп сынатын сәулемін. Менен кейін менің ультра күлгін сәуле деген бауырым бар. Бірақ ол көбінесе атмосфераның қалын қабатынан өте алмай биік шыңдардын басында қалып қояды. Соңғы кездерде қызыл, көк сәулелермен бірге салтанатты шараларға, презентацияларға мені де шақыратын болды. Барлық шараларға әсемдік сыйлау үшін үлкен ықыласпен қатысамын.
1-Жүргізуші:
4-Сайыс. Қызықты тәжірибелер.
9 класс оқушылары дайындап келеді. Әр класқа өтілген материалға байланысты тәжірибе жасатады. Алдын-ала дайындалып келген 9а класс оқушылары құралдарымен алма кезек шығып өздері көрсетеді немесе қатысушыға жасатады.
8-класқа арналған тәжірибелер:
1.Тәжірибе: суы бар стакан, мұз кесектері, жіп, тұз. Осы заттарды пайдаланып, мұзды стаканнан алу керек.
Жауабы: тұздың әсерінен мұз ериді де, жіп мұзға кіріп, лезде салқындап жабысып қалады.(кристалдану, балқу)
2.Суы бар тәрелке, 100 теңге. Алғашында су жоқ кезде теңгені ең соңғы шеті көрінетіндей етіп қараймыз. Осы қалыпты өзгертпей, ішіне су құямыз. Сол кезде теңге түгелімен көрінеді, неліктен? (жарықтың екі ортада таралуы)
3.Кәдімгі үрілген балалардың шарын газетпен ысқылап, бөлме төбесіне апарып жіберіп қалу керек. Шар төбеде ұзақ уақыт тұрады. Неге? (Шар электрленеді)
- Үріліп жіпке байланған 2 шарды газетпен үйкеп-үйкеп жақындатпаймыз. Олар бірін-бірі тебеді, неліктен? ( аттас зарядтар тебіледі)
- Бір шарды газетпен үйкеп, ал екіншісін жүнмен үйкеп оларды бір-біріне жақындатайық. Олар бірін-бірі тартады. Неліктен? ( әр аттас зарядтар бір-бірін тартады)
- Суы бар тәрелкенің ішінен булавканы алу керек. Магнит бар. (су ішіндегі темір түйреуішке, яғни су бетіне магнитті жақындатамыз, сонда түйреуіш су ішінен магнитке жабысады. Магнит айналасында магнит өрісін тудырады, ол өріс су арқылы да тарайды.)
7-класқа арналған тәжірибелер:
1.Бөтелке, қағаз, шырпы, қабығы ашылған жұмыртқа. Бөтелкенің ішіне қағазды жағып, аузына жұмыртқаны қойғанда, ол ішіне кіріп кетеді. Неліктен?(бөтелкенің ішіндегі ауаның қысымы атмосфералық қысымнан азаяды)
2.Стакан, су, қағаз. Стакандағы суды қағазбен жауып тұрып төңкергенде, су ақпайды. Неге?(Атмосфералық қысым төменнен жоғары қарай да әсер етеді.)
- А4 2 қағазы керек. Біреуін бүктемей, екіншісін бүктеп, бір уақытта жіберіп қаламыз. Не байқауға болды?
Жауап: Жалпы қысымның түсірілген бет ауданына байланысты екенін білеміз, шеге, ине сияқты заттардың неліктен ұшты болатынын білеміз, сол сияқты атмосфералық қысым да беттің ауданына байланысты, екеуіне де бірдей атмосфералық қысым түсіп тұр, бірақ шиыршықталған қағазға әсер ететін қысым оның ауданының кіші болуы есебінен бүктелмеген қағазға әсер ететін қысымнан көп болады да жерге бірінші жетеді.
- Тәрелке, сабын керек. Тәрелкеге су құйып, төгіп тастаймыз да, сабынды тәрелкеге қатты басып тұрамыз. Сосын сабынды көтергенде тәрелке бірге көтеріледі, неге? (молекулалардың өзара байланысы)
- Пластмасалық баклашканы бір жағынан бірдей етіп 3 жерден тесеміз де тесіктерді шырпымен бітеп қоямыз да ішіне су құямыз. Шырпыларды алып тастағанда су тесіктерден әр түрлі қашықтыққа ағады. Неліктен? (Сұйықтардың әр түрлі деңгейдегі қысымдары әр түрлі болады, тереңдеген сайын қысым артады)
- Суға: картоп, сіріңке, жұмыртка, өшіргіш саламыз. Сонда нені байқауға болады? (Архимед күшіне байланысты денелердің жүзуі балқуы, қалқуын)
Жауабы: Энергия ешқайда жоғалмайды және ешқайдан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге ауысады немесе бір денеден екінші денеге көшеді.
1-жүргізуші:
5-Сайыс. «Формулалар жазайық». Топ басшысы жарысы
Екі топтың топ басшысы шығып слайдқа физикалық формулалар жазады. Қай топ көп, дұрыс формула жазса сол топ жеңіске жетеді.
Сайыстарымыз мәресіне жетті. Енді кешті қорытындылау үшін әділ қазылар алқасына сөз береміз.
Пән мұғалімі : Қорытынды сөз сөйлейді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.7-8-9 класс физика-астрономия оқулығы;
- ИФМ журналы
- «Седьмое небо» электрондық оқулығы ;
4.Физикон оқулығы.
- «Занимательное опыты по физике», Л.А.Горев, М- «Просвещение» 1985