“ К і м б і л г і р? ” Сыныптан тыс жұмыс (7 — сыныптар арасында)

 

К і м   б і л г і р?

Сыныптан тыс жұмыс

(7 — сыныптар арасында)

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділігі: сабақтан тыс уақытта оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру;

 

Тәрбиелілігі: тез ойлау қабілеттерін, ауызша есептеу қабілеттерін дамыта отырып, шапшаңдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу;

 

Дамытушылығы: физика пәнінен алған білімдерін тексеру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

 

Түрі:  сайыс сабағы

 

Әдіс тәсілдері: ауызша жауап беру, тәжірибе жасау

 

Көрнекілігі:  интербелсенді тақта, компьютер, слайдтар, буклеттер.

 

Барысы:

Құрметті  ұстаздар мен оқушылар! Мектебімізде физика және информатика  пән апталығы өткізіліп жатыр. Олай болса, 7 сыныптар арасында ұйымдастырылған  «Кім білгір?» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Уа, жарандар, жарандар!

Бәрің бері қараңдар,

Бәріңе жар салайық,

Бүгінгі сайыс төрінде.

Физика теңізі елінде,

Физика теңізі тілінде,

Жылдам шешіп жарасып,

Сұрақ пенен есепті,

Приборларды сөйлетіп,

Жасайық тәжірибені.

Асықпайық, саспайық,

Физиканың еліне

Батыл қадам жасайық.

Осылайша шабытпен,

Сайысымызды бастайық.

Ойынға қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

 

Сайыстың шарттары:

  1. Таныстыру. (топтар өздерін таныстырады)
  2. «Мәңгі өлмес ғалымдар»
  3. «Физикалық терминдерді білесің бе?»
  4. «Тәжірибе – аса қажет өмірге» (үй тапсырмасы)
  5. «Ойланайық, ойлайық»
  6. «Формулалар жазайық»

 

Ойынға үш топ қатысады.

  1. 7 «А» сынып намысын қорғап келген «Ойшылдар» тобы.
  2. 7 «ә» сыныбын туын көтеріп келген «Тапқырлар» тобы.
  3. 7 «Д» сыныбынан келген «Алғырлар» тобы.

 

Енді әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1………………………………………………………………………………..

2………………………………………………………………………………..

3………………………………………………………………………………..

 

1-бөлім

 

 

Ойынға қатысушы топтар өздерін таныстырады.

 

1 топ. Ойшылдар тобы.

Ұраны. Жарыс десе жанамыз, бүгінгі күнгі ойында, ойшылдықпен аламыз!

Сәлемдесуі:

Достарым ерігіп жүрме бос,

Қол ұстас, бірігіп тізе қос.

Жеңіспен мәреге барайық,

Жеңістің ұранын алайық.

 

2 топ. Тапқырлар тобы.

Ұраны:  Қандай сынақ болса дағы беріспе, әрқашан да үміткерміз жеңіске!

Сәлемдесуі:

Біз дайындыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

 

3 топ. Алғырлар тобы.

Ұраны: Алынбайтын қамал жоқ.

Сәлемдесуі:

Шақырып жарыстарға сан -саланы,

Алғырлар топ жарғалы жар салады.

Ту етіп достық пенен  татулықты,

Қашанда тапқыр бол деп ой салады.

 

 

 

 

 

2 бөлім.

Ұлы          физиктер жайлы 2 сұрақ және бір бейнесұрақ беріледі.

Әр жауап 20 ұпаймен бағаланады.

1 топ.

  1. Александр Македонскийдің шәкірті?  (Аристотель)
  2. Саяхат жасауға аттанған сөзі «Ал кеттік!» дейтін саяхатшы

(Ю. Гагарин)

  1. Бейнесұрақ

2 топ.

  1. Итальян ғалымы, инерцияны ашыпты, оны білген балалар, залда жүруден қашыпты. Бұл кім? (Г.Галилей)
  2. Өзінің табысына шаттанып қуанғанда «Таптым!» деп айғайлаған кім? (Архимед)
  3. Бейнесұрақ

3 топ.

  1. Ауаның салмағын есептеген. (Торричелли)
  2. Жұмыстың халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі ( Джоуль)
  3. Бейнесұрақ

 

Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.Екі бөлім бойынша әр топтың ұпай саны айтылады.

3-бөлім

Бұл сайыста оқылған сөздердің қай елдің сөзінен шыққандығын анықтау қажет.

 

  1. Пробирка (орыс)
  2. Электрон (грек)
  3. Үтік (түрік)
  4. Инерция (латын)
  5. Ракета (неміс)
  6. Орбита (неміс)
  7. Барометр (грек)
  8. Геоцентр (грек)
  9. Диффузия (латын)
  10. Планет         (грек)
  11. Деформация (латын)
  12. Динамометр (Грек)
  13. Гидравликалық (грек)

 

Әділ қазылар алқасына сөз беріліп, қатысушы топтардың ұпай саны айтылады.

4-бөлім

 

Топтардың үй тапсырмасына дайындап келген тәжірибелерін бағалаймыз.

 

5-бөлім

Мұнда әр  топқа 10 сұрақтан тапсырмалар беріледі.

 

Ендігі сөз әділқазыларға беріледі.

 

6 –бөлім.

 

Бұл сайыста топ басшылардың білімдері сынға алынады.Сайыстың ережесі:

Әр топтың топ басшысы шығып, конвертте көрсетілген физикалық формулаларды  слайдқа жазады.

Қай топ басшысы көп, дұрыс формула жазса сол топ басшысы жеңіске жетеді.

Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды,

Ал қазір, әділқазылар сөз алады.

Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтап,

Мақтау қағазын тапсырады.

 

Қорытынды.

Бүгінгі сайысымызды қазақ халқының «Күш – білімде» атты мағыналы мақалымен аяқтап, еліміздің болашағы сіздердің қолдарыңызда.

Білім мен өнер егіз «Білім» атты ғажап әлемнің сырларын бойға дарыту үшін ерен еңбек етіп, зерек те зейінді, алғыр да ашық, білгір де білікті, көңілді де көрікті болуларыңа тілек білдіремін.

 

«Кім білгір?» сайысы

Әділ қазылар үшін

 

р/сСайыс бөлімдері7 «а»

Ойшылдар тобы

7 «ә»

Тапқырлар тобы

7 «Д» Алғырлар тобы
1Таныстыру    
2Мәңгі өлмес ғалымдар   
3Физикалық терминдер   
4Тәжірибе аса қажет өмірге   
5Ойланайық, ойлайық   
6Формулалар жазайық   
 Барлығы