Жыл мезгілдері

 

Айтқазиева Майра Оразбайқызы

Атырау облысы, Индер ауданы


Махамбет атындағы орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері

Сабақтың мақсаты: Білімділік: жыл мезгілдері туралы мәлімет беру. Білетіндерін қайталау, тереңдету.Сөздерді дұрыс қолдана отырып, сөйлем құрауға баулу.

Дамытушылық: ой-өрісін дамыту, табиғаттың әр мезгілінде әр түрлі өзгерістер болатынын байқауға дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: туған өлке табиғатына,табиғат заттарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.


Сабақтың түрі: жаңа мағлұмат беру сабағы.

Сабақтың әдісі: мақсат қою технологиясы

Сабақтың көрнекілігі:суреттер, интерактивті тақта, сызбалар

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру                                                                                             І. Білімділік мақсат тапсырмалары

Сұрақ-жауап

  1. Ертегіде не туралы айтылған?

2.Емен мен қара дауылдың іс — әрекетін әңгімеле.

Жан жағындағы теректерді көре алмады                                                                                            

Ықылас пейілі тарылды

Лаң салды

Мазасын алды

Емен желпінді

Зиян келтірді

Гулетіп жел тұрды

Іліп әкетті

Лақтырып тастады

Далада қалды

Ешкімге керегі жок болды

Рахымсыздығынан өзі де, өзгелер де зардап шекті.

Ілгері өсе алмай  қалды.

— Балалар, тақтаға назар аударыңдар.

ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ

ІІ. Түсіну мақсат тапсырмалары

1) Суретпен жұмыс.

2) Сұрақ – жауап.

3) Өлеңді оқу, талдау.

4) Оқушыларға өлеңді оқыту.

5) Алтын күз бен қоңыр күзді салыстыру.

Алтын күзҚоңыр күз
1. Жапырақтар сарғаядыКүн суытады
2. Айнала сары түске енедіҚұстар жылы жаққа кетеді
3. Қамба сары алтынға толадыСуық, ызғарлы жел соғады

 

Сергіту жаттығуы

Түн болды

Таң атты

Жел тұрды

Кенет найзағай тарс етті

Себелеп жаңбыр жауды

Жаңбыр басылды

Тыныштық орнады

ІІІ. Қолдану.

  1. Жыл мезгілдеріне байланысты дыбысты суреттер.

2.Суреттер бойынша әңгіме құрастыру.

ІV. Талдау.

1.Жыл мезгілдерін ерекшеліктеріне қарай топтастыр.

  

 

 

                                                                 

 

            

                                                         

 

 

 

 

  1. Жинақтау.

а) Сызықты диктант

  1. Көктемде қар жауады
  2. Қазір күз мезгілі
  3. Көктемде қар ериді
  4. Көктемнің бірінші айы – наурыз

5.Қыста жапырақтар сарғаяды  

  1. Жаз ең суық жыл мезгілі
  2. Жыл мезгілдері: қыс, көктем, жаз, күз
  3. Күзде бәйшешектер өседі
  4. Қыста құстар жылы жаққа ұшып кетеді
  5. Жазда балалар оқиды

ә) Шығармашылық тапсырма. Көктем мезгіліне өлең құрастыру

 б)

БілемінБілдім Білгім келеді
қысӘр жылдың ерекшеліктерінЖеміс жидектердің сырын білгім келеді
күз
көктемтабиғат құбылыстарының өз ретімен болатынынТабиғат құбылыстарын зерттей білгім келеді
жаз

 

Үйге тапсырма.

  1. Өлең мазмұнына қарай сурет сал.
  2. Өзіңе ұнаған жыл мезгіліне қатысты бір шумағын жаттап ал.
  3. Бағалау.