Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
Сабақтың тақырыбы: §.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
Сабақтың білімділік мақсаты: Электр тізбегіндегі кернеу мен кедергінің және ток күштерінің тәуелділігін анықтау.
Дамытушылық мақсаты: Эксперимент пен теорияның сәйкестігіне көз жеткізу. Ой — өрісін, қиялдарын, еркін сөйлеуін дамытып, формулаларды түрлендіре білуге үйрету
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың формуланы есте сақтауына және пәнге деген қызығушылын арттыруға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Кодаскоп, слайдтар, деңгейлік тапсырмалар, интерактивтік тақта
Құрал-жабдықтар: Амперметр, вольтметр, ток көзі В-24, кілт, резисторлар,шам, қосқыш сымдар, Омның суреті
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру бөлімі.
- «Қызығушылығын ояту» Оқушыларға қайталау сұрақтарын қойдым.
Сабақ міндеттері.
- кедергі тұрақты болған жағдайда өткізгіштің ұштарындағы кернеудің ток күшіне тура пророционал болатынына көз жеткізу
- Егер кернеу тұрақты болса, онда өткізгіштегі ток күші кедергіге кері пророрционал болатынын дәлелдеу;
- Тізбек бөлігі үшін Ом заңын білу;
- Демонстрациалық тәжірибені бақылау арқылы одан қорытынды шығара білуі қажет
- Ом заңын қолданып есеп шығара білу;
Сабақ жоспары.
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Миға шабуыл (қызығушылығын ояту)
ІІІ. Мағынаны ажырату. Жаңа сабақ.
ІV. Есеп шығару
- Үй тапсырмасы.
VІ. Қорытынды. Оқушыларды бағалау
ІІ. Қызығушылығын арттыру. Миға шабуыл
- Электр тізбегін сипаттайтын шамаларды атаңдар?.
( Ток күші, кернеу, кедергі)
- Енді осы шамаларға қысқаша тоқталайық ( 1. Шаманың белгіленуі, 2. сипаттамасы, 3. өлшем бірлігі)
Тақтаға мына сөздер ілінеді: кернеу, ток күші, кедергі
Мұғалім: біз өткен сабақтарымызда ток күші мен кернеуді жеке- жеке қарастырдық. Енді бүгінгі сабағымыздың мақсаты ток күші мен кернеу және кедергілердің арасындағы өзара байланыстарды анықтап, Ом заңымен танысу.
ІІІ. Жаңа сабақ .
Жаңа сабақ тақырыбы: “ Тізбек бөлігі үшін Ом заңы ”.
Мұғалім: Мына суреттегі құралдарды атаңдар? 1және 2 нөміріндегі құралдарды ата, неге олай ойлайсың?
( кілт, ток көзі, резистор, амперметр, вольтметр, қосқыш сымдар. 1нөмір вольтметр, себебі ол тізбекке параллель жалғанады, ал 2 нөмір амперметр – ол тізбектей жалғанып тізбектегі ток күшін анықтайды.)
Мұғалім: Өткізгіштегі кедергі өзгермесе, онда ток күші кернеуге қалай тәуелді болады?
R – const. I ~U тура пророрционал
Мұғалім: Осы эксперимент арқылы қандай график алуға болады?
Бұл графикті: Вольт- Амперлік сипаттама деп атайды
I, А | ||||
U, Вт |
Мұғалім; Енді біз ток күшінің кедергіге қалай тәуелді екенін қарастырайық. Реостат арқылы тізбектегі ток күшінің өзгеруін бақылайық. (Кернеуі тұрақты кезде.)
Оқушы: Ток күші артқан сайын кедергі азаяды.
Мұғалім: Бұл график ток күші кедергіге кері пропорционал деп оқылады.
.
(Мұғалім тақтаға жазады. Егер U = const, I ~ ).
Мұғалім: Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын 1827 жылы неміс ғалымы Георг Ом ашты
Мұғалім: Осы екі қорытындыдан формула құрастырайық:
Мұғалім; Бұл формуланы Тізбек бөлігі үшін Ом заңы деп атайды
Ом заңының тұжырымдамасы; “ Тізбектің бөлігіндегі ток күші – осы бөліктің ұштарындағы кернеугу тура пророционал да, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал болады”.
(Оқушыларға бірнеше рет қайталап айттыру керек).
Георг Ом суреті тақтаға ілінеді.
Мұғалім: Ом заңын қолданып есеп шығарған кезде белгісіз шаманы қалай анықтаймыз.
(Мұғалім тақтаға үшбұрыштың суреті салынған формуланы іледі).
U=I*R
R=U/I
Кедергі бірлігі: R= 1В/1А= 1 Ом
Кедергіні өлшейтін құрал: резистор( кедергі) , реостат
ІV. Бекіту Есеп шығару
( Мұғалім тақтаға кодоскоп арқылы мына графикті көрсетеді).
Суретте А және В өткізгіштеріндегі ток күшінің кернеуге тәуелілік графигі берілген.График бойынша қай өткізгіштің кедергісі үлкен? |
Оқушы: В өткізгіштің кедергісі көп.
Мұғалім: Неге олай ойлайсың?
Оқушы: Ом заңы бойынша ток күші кедергіге кері пропорционал. Кернеуі екі өткізгіште 6В, ал ток күші В өткізгіште 1А, А өткізгіште 3А ге тең.
Мұғалім: Осы айтылғанды есеп шығару арқылы дәлелдейік. Тақтаға 2оқушы шығады.
Мұғалім: Қазір біз бүгін сабақтың қорытындысын шығарайық. Ток күші, кернеу, кедергінің арасында қандай байланыс бар?
Оқушы: Ом заңы бойыша ток күші кернеуге тура, ал кедергіге кері пропорционал болады.
Мұғалім: Формула бойынша қалай оқылады?
Оқушы: I = . Ом заңы
V. Үй тапсырмасы:
Үйге тапсырма: § 44, 21жаттығу (1,2).
VІ. Қорытынды. Оқушыларды бағалау.