«Тұрақты электр тогы» тарауы бойынша оқу модулі.

 

«Тұрақты электр тогы» тарауы бойынша оқу модулі.

8-сынып

Түсінік хат

Физика пәнін оқытудың сапасын арттыруда инновациялық технологиялардың ішінен тиімді технологияларды анықтап, пайдалану қазіргі білім беру жүйесінің негізгі талаптарының бірі. Аталған талапты іске асыруда кез-келген физика пәнінің мұғалімі өзіне қажетті технологияларды ғылыми-әдістемелік және практикалық тұрғыдан зерттеп, таңдай білу қажет.

Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралының мазмұны модульдік оқыту технологиясы негізінде құрастырылған. Модуль деп оқыту технологиясының құрылымы физиканы оқытудың оқу бағдарламасынан бастап оқу-әдістемелік кешенді жақсартудың аралығын қамтиды. Бұл тәжірибе 2005 жылдан бастап аталған мектептің көлемінде 9 сыныптарда жүргізілген.

8-сыныптарда физика пәнін оқытуда модульдік оқыту технологиясын қолданудың негізгі бағыттарына тоқталып өтейік.

Технологияны пәнді оқыту барысында қолдану арқылы оларға бөлінген сағаттар 10 модульден тұрады. Әрбір модуль  3 бөлімде қарастырылады: кіріспе, сөйлесу және қорытынды.

Кіріспе бөлімінде оқу модульінің құрылымымен, мақсат-міндеттерімен таныстырылып, оқу материалы тірек-сызба арқылы түсіндіріледі. Бұл бөлімде оқушылар бағдарламаның неге және не үшін оқып-үйренуі керек, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін түсінуі қажет. Мұнда мұғалім:

  • оқу модулінің жалпы құрылымымен және мазмұнымен таныстырады;
  • оқу модуліндегі танымдық қызметтің мақсаттарымен міндеттерін анықтайды;
  • тірек сызбаларға сүйене отырып, оқу модульді тұтас тақырыбы бойынша оқу модулін қысқаша түсіндіреді;
  • оқушыларға қосымша пайдаланылатын әдебиеттер мен қолданбалы бағдарламалық құралдардың тізімі және орындалатын шығармашылық жұмыстардың тақырыптары беріледі.

Сөйлеу бөлімінде оқу материялын өсу бағытымен жеңілден күрделіге қарай деңгейлік жүйеде түрлі ойындарды ойнату және шығармашылық жұмыстарды қорғау арқылы жүргізіледі, оқу материалын тұтас оқып-үйренудің  өзіндік танымдық кезеңін іске асыру болып табылады. Бұл бөлімде Фридманның төмендегі қағидалары жүзеге асырылады. Олар: жеке, жұптық, топтық және ұжымдық.

Сабақ барысында оқушылардың өзіндік және бірін-бірі бағалау процестері жүргізіледі. Сөйлесу бөлімінде оқушыларға қойылатын баға ынталандыру сипатында болады. Аталған процесс жүргізілгеннен кейін мұғалім қорытынды баға қояды.

Сөйлесу бөлімінде берілетін ойындар материалдардың мазмұнына сәкес таңдалып алынады.

Қорытынды бөлім әр оқушының танымдық қызметінің жалпы оқу нәтежиесін анықтайды. Мұнда бақылаудың бірнеше түрлері жүргізіледі:

  • міндетті тестілеу;
  • мұғалім өз таңдауы бойынша сынақ, бақылау жұмысы, диктант.

Көрсетілген жоспар оқушылардың материалды тереңірек меңгеріп, жан-жақты қабылдауын және білім мен біліктілігін шыңдай түсуге әсерін тигізеді.

Тоқсандық қорытынды баға әрбір оқу модулінің бағалары нәтежиесінде қойылады.

Физика пәнін оқытуда модульдеп оқыту технологиясын қолданудағы мұғалімнің іс-әрекетінің алгоритімі:

  1. Оқушыларды оқу мақсаттарымен таныстыру;
  2. Оқушыларды мазмұны жақын тақырыптар тобы немесе тарау бойынша жасалған жалпы модульмен таныстыру;
  3. Мұғалімнің материалын қысқаша (сызбалар, сұлбалар, кестелер және тағы басқа) баяндау;
  4. Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және әрбір оқушы қызмет нәтежиесін әр сабақта бағалап отыру;
  5. Жалпы тақырыпқа, тарауға (“өсу” бағытымен) 4-7 рет қайта оралып отыру;
  6. Тұтас тақырып бойынша тестілеу;
  7. Тақырып бойынша қалыпты немесе “релелік”сынақ (диктант, бақылау жұмысы және тағы басқа) жүргізу;

Сонымен, физика пәнін оқытуда модульдеп оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі, біріншіден, оқу материалдарын сабақтастыру (материалды блоктап беру), екіншіден, мұғалім ↔ оқушы, оқушы ↔ мұғалім, оқушы ↔ компьютер, компьютер ↔ мұғалім байланысы жүзеге асырылады, басқаша айтқанда,оқушының өзіндік білім алуы мен өзін-өзі және жолдастарын бағалауы қамтамасыз етіледі.

 

Модуль № 5

Тұрақты электр тогы

БөліміСағат саныСабақтың мазмұны мен жүрісіБөлінетін уақыт
 

 

Кіріспе бөлім

 

 

1,2 сағат

1.Модульдің құрылымымен, мақсат-міндеттерімен таныстыру.

2.Тірек-сызбамен тақырыпты түсіндіру

3.Оқулықпен, дәптермен жұмыс

4.Қорытынды, үйге тапсырма

10 мин

 

40 мин

30 мин

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөйлесубөлімі

 

3 — сағат

Тақырыпты меңгерту

1.“Қарлы кесек” ойыны

2.Қорытынды, үйге тапсырма

 

40 мин

5 мин

 

4 — сағат

Білім, іскерлік дағдыларын дамыту

1.“Өрмекші” ойыны

2.Қорытынды, үйге тапсырма.

 

40 мин

5 мин

 

5  — сағат

Тақырыпты дамыту.

1.“Алгоритм” ойыны

2.“Шпаргалка” оқыта үйрету ойыны

3.Қорытынды, үйге тапсырма.

 

20 мин

20 мин

5 мин

 

6 — сағат

Білім, іскерлік дағдыларын қорыту.

1.“Рөлдік” ойыны

2.Қорытынды, үйге тапсырма.

 

40 мин

5 мин

 

 

 

7 — сағат

Білім іскерлік дағдыларын бекіту

1.№3. Зертханалық жұмыс.

Электр тізбегін жинау және оның әр түрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу.

№ 4. Зертханалық жұмыс.

Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тексеру.

2.Үйге тапсырма

 

40 мин

 

5 мин

 

 

8 — сағат

Мақсатты анықтау

1. №5. Зертханалық жұмыс.

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.

2. Қорытынды, үйге тапсырма

 

40 мин

5 мин

 

9 — сағат

Мақсатты анықту.

1. №6. Зертханалық жұмыс

Электр тогының жұмысы мен қуатын өлшеу.

2. Қорытынды, үйге тапсырма

 

40 мин

5 мин

Қоытынды

бөлім

10  сағатБақылау жұмысы

Қорытындылау

40 мин

5 мин

Оқушы нені білуі тиіс:

  • Электр зарядының екі түрі бар екенін / оң және теріс/;
  • Электр зарядтарының тыныштықта болатынын;
  • Элементар зарядтың бар екенін;
  • Электр өрісі болатынын;

Оқушы нені үйренуі тиіс:

  • Электр тогының пайда болуын;
  • Ток көздерін;
  • Токтың жылулық, химиялық магниттік, физиологиялық әрекеттерін.
  • Ток күші, кернеу көздерінің белгілеуін, өрнегін, өлшейтін құралдарды;
  • Электр тізбегінің сызбанұсқасында қолданылатын шартты белгілерді;
  • Өткізгіштерді тізбектей және параллель аралас жалғауларды;
  • Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын;
  • Токтың жұмысы мен қуатын есептеуді;
  • Джоуль – Ленц заңын;

Кіріспе бөлім

1,2- сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты электр тогы.

Сабақтың мақсаты:    Электр тогы, электр тізбегі, ток көздері ток күші, кернеу, кедергі, тізбек бөлігі үшін Ом заңы, өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауды үйрету, токтың жұмыс мен қуаты туралы түсінік беру, өлшеу бірліктерінің таныстыру, токтың жылулық әсері және оның әр түрлі қолданылатын түсіндіру.

 

Негізгі ұғымдар.

Электр тогы дегеніміз – еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы.

   Еркін шапшаң электр зарядтарының тасымалдаушылары бар болғанда ғана өткізгіште электр тогы пайда болады.

Электр тогының пайда болуы үшін  еркін зарядты тасушыларға әрекет ететін электр өрісінің бар болуы қажетті болып табылды.

сынып 4 адамнан жеке топтарға бөлінеді, мұнда бір оқушы  “сарапшы”, екіншісі “сыншы” / бұл рөлдерде білім деңгейі жоғары оқушылар болуы тиіс/, тапсырмаға жауап беретін “оқушы” /жақсы оқитын бала/ рөлін орындайды. Әр топтың тапсырмалары әр түрлі, бірақ берілетін тапсырмалар бір деңгейде болуы шарт.

“Оқушы” 7-10 минут ішінде тапсырмаға жауап береді, ал басқалары оны зейін қойып тыңдайды және жауабын жазып отырады: “сыншы” жауаптың осал, мәнсіз жерлерін, “сарапшы” есептегенін талдайды /жауаптың дұрыстығын және толықтығын/ , “қорғаушы” жауаптың жағымды жақтарын көрсетеді. “Оқушының” жауабынан кейін кезегімен “қорғаушы” /мақтап/ “сыншы” /жауаптың жекелеген жақтарына күмән келтіре/ , “сарапшы” /қорыта/ шығып сөйлейді. Топтың барлық ойыншылары сөйлеп шыққанан соң, “жауап үлгілері” беріледі, баға қойылады. Бағалау парақтары мұғалімге беріледі.

Ойынның тапсырмалары:

А тобы.

1.Тұрақты токтың жұмысы неге тәуелді? Өткізгіштердің қызуы тек ток күшіне ғана байланысты ма?

2.Қуаты 300 Вт электр үтігінің күйіп кеткен спиралінің ? — ін қысқартты. Осыдан кейін оның қуаты қандай болды?

Б тобы

1.Радиоқбылдағыштғы немесе теледидардағы күйіп кеткен сақтандырғыштың орнын жуан сымды қоюға бола ма? Не себепті?

2.Көлденең қимасының ауданы 0,5 мм2 және ұзындығы 5 м нихром өткізгіштің екі ұшына 40 В кернеу беріледі. Өткізгіштен өтетін ток күшін анықтаңдар.

В тобы

1.Электр тогының пайда болуы және ұзақ сақталуы үшін қажетті және жеткілікті шарттарға не жатады?

2.15 секундт өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 120 Кл электр заряды өтеді. Тізбектегі ток күшін табыңдар?

Г тобы

1.Өткізгіштің кедергісінің оның ұзындығына, көлденең қимасының ауданынан және материалын тәуелділігін тәжірибе

 

 

бірі бағалайды. Ү турда мұғалім дұрыс жауапты береді, дұрыс жауап бойынша оқушы дәптердегі жауаптарға тағы да қайталап қарап шығады.

 

ІІІ деңгей тапсырмасы

 

ІІ деңгей тапсырмасы

 

І деңгей тапсырмасы

 

Тексер бағала

Өзің қарап шық

Ойынның тапсырмасы:

ІІІ деңгей тапсырмасы.

Параллель жалғанған өткізгіштердің ұштарындағы кернеу туралы не айыруға болады? Тізбектей жалғанған өткізгіштер туралы ше?

ІІ деңгей тапсырмасы.

Не себепті тізбектің басқа бір бөлігіне қарағанда, алдымен балқымалы сақтандырғыштар істен шығады?

І деңгей тапсырмасы.

Кернеуі 220 В ток көзіне электр шамы қосылған. Шамнан өтетін ток күші 0,3 А-ге тең, оның 20 с ішіндегі жұмысын анықтаңдар.

Қорытынды: ойынның соңында оқушылардың белсенді жұмыстарына алғыс айта отырып, білімдеріне сәйкес баға қойылады.

Үйге тапсырма: Тарауға шолу жасап келу.

Сөйлесу бөлімі

3 – сабақ

“Қарлы кесек” ойыны.

Сабақтың мақсаты: “Тұрақты электр тогы” тарауын меңгерту.

Ойынның шарты:

Құрал — жабдығы:

1.Бағыттаушы парақтар /қатысушылардың санына қарай/ Қатысушылардың нөмірі жазылған жетондар.

2.Үстелдерді белгілеуге арналған сілтемелер.

3.Жалпы бағалау парағы / оны тақтаға сызуға да болады/

 

Ойынның жүру барысы:

Үстелдердің орналастыру үлгісі:

Қатысушылардың саны 12-ден 25 адамға дейін болуы мүмкін. Егер қатысушылар саны 25- тен кем болса-онда “Д-5” бағыттау парағы және жетоны ойыннан алынып тасталынады; егер 23 болса “Д-5”, “Г-5”, егер 22 болса – “Д-5”, “Г-5”, “В-5” және т.с.с алынып тасталынады.

А әрпі бар бағыттаушы парағын және жетонын /кеудесіне қадалады/ алған оқушылар “А үстелінің” басына отырады , Б әріпін алғандар “Б үстелінің” басына отырады тағы с.с Мұғалімнің бір келелі мәселе көтереді, проблемалы сұрақ қояды немесе қандай да бір тапсырма береді / бәріне ортақ немесе әр топқа жеке-жеке/

5 адамнан тұратын топ 5-7-15 минут шамасында оқулықты және қосымша әдебиетті пайдалана отырып жауап іздейді, оны тезистер түрінде жазып алады. Дайындыққа бөлінген уақыт аяқталған соң,

1 – тур жарияланады. Оқушылар орындарынан тұрып, әрқайсысы өздерінің бағыттау парағы бойынша жаңа орынға отырады. Бір турдың уақытын мұғалімі үстел басында отырған барлық оқушылар сөйлеп, өз көзқарастарын айтып үлгеретіндей есеппен белгілейді. /10-15 минут/ Топ ішінде уақытты жүргізуші қалдағалап отырады. Алдымен жетонды “А” әріпі бар ойыншы, содан соң кезегімен – “Б” , “В”, “Г” әріптері бар ойыншылар сөйлейді. Топ мүшелері тыңдап болған соң, әрбір оқушы өзі жауабын неғұрлым қызғылықты, жоғары танымдылық, ақпараттық деңгейдегі және дәлелдеген деп есептейтін сөйлеушінің нөмірін анықтап, оның нөмірін өзінің бағыттау парағындағы “Ең жақсы сөйлеуші” жолына жазып алады. 1 – тур аяқталғаннан соң, балалар бағыттау парағына сай орын алмастырады да, ойынның 2- туры басталады.

Барлық тур /3-4-5/ біткенен соң оқушылар өздерінің алғашқы орындарына қайта оралып, мұғалім олардың бағыттау парақтарын жинап алды және нәтижесін ортақ параққа жазады. Сол ортақ парақ бойынша ең жақсы ойыншы және ең жақсы команда анықталады.

Ойынның тапсырмасы:

 

А: Электр тоғы. Ток көздері.

Б: Ток күші. Амперметр. Электр кернеуі. Вольтметр.

В: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі. Меншікті кедергі.

Г: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.

Д: Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы.

 

Қорытынды: бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау.

 

Үйге тапсырма:  “Тұрақты электр тогы ”тарауын оқып келу.

 

4 – сабақ

“Өрмекші ойыны”

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім іскерлік дағдыларын пысықтау.

 

Ойынының шарты:

Сынып 5 топқа бөлінеді, әр топтағы оқушылар нөмірленеді. Тақтаға өрмек сызылды, тапсырмалар үш деңгейде жазылады.

1.Әр оқушы өз нөміріне байланысты тапсырмаларға дайындалады.

2.Тапсырма орындалғаннан кейін бірдей нөмірдегі оқушылар топтасады, сұрақтар бойынша талдау жүргізеді және өздерін  бағалайды.

3.Мұғалім сұрақтардың дұрыс жауаптарын береді.

4.Дұрыс жауаптар арқылы оқушылр бірін-бірі бағалайды.

5.Қайтадан өз топтарын келіп отырады, өз сұрақтары бойынша материлдарын түсіндіреді және бір-бірін бағалайды.

  1. Қорытынды баға мұғалім қояды.

Ойынның тапсырмсы:

 

№ 1 оқушы.

3.Электр тогы дегеніміз не? Электр қозғаушы күші деп нені атайды?

2.Қыздыру шамындғы ток күшінің шамасын өлшегенде, оқушы қателесіп, амперметрдің орнын вольтметрді қосты. Бұл жағдайда не болады?

1.Кедергілері 150 және 30 Ом екі өткізгіш тізбекке праллель қосылған. Қай өткізгіште ток күші көбірек және неше есе?

 

№2 оқушы.

  1. Ток күші деп нені айтады? Ол нені сипаттайды. Ток күшін өлшейтін құрал.

 

5 — сабақ.

“Шпаргалка” оқыта үйрету ойыны.

Сабақтың мақсаты:оқушылардың алған білімін, іскерлік дағдыларын дамыту.

“Шпаргалка” ойынының шарты: Сынып 5 топқа бөлінеді, әр топ берілген тапсырма бойынша конспект түрінде шпаргалка жасайды. Алдымен жоспар конспект құрайық /1 бетке 1 мин 50 секунд/ беріледі. Небары бірнеше түйінді сөздер керек.

Ал кіраптарыңызды дайындаңыздар. Жүргізуші беттерді жүгіртіп қарап шығуға уақыт береді. /жылдам оқу тәсілін пайдаланамыз/

Әр беттің конспектіленетін бөлігін сызықпен көрсетеміз. Содан соң осы мәтін бойынша тезистер құрамыз. Сіздерге әр бетті конспектілеуге 1 минут уақыт беріледі. Әр беттің мазмұнын тезистер түрінде бейнелеуге тырысыңдар. Мұнда түйінді сөздерден басқа, осы беттің мәнін құрайтын сөйлемдер де болуы мүмкін.

Жұмыс аяқталғанда, оқу мәтіні бойынша сұрақтар құралады. Ал, кімнің конспектісі ең жақсы, кімнің сұрақтары ең ұтымды екенін мұғалім жүргізушімен бірге жүріп анықтайды. Жеңімпаз топ дұрыс жауаптар мөлшерімен анықталады.

Ойынның тапсырмасы:

А тобы: Ток күші. Электр кернеуі. Электр кедергісі.

Б тобы: Электрқыздырғыш құралдар. Қыздыру шамдары.

В тобы: Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы.

Г тобы: Қысқа тұйықтау. Балқымалы сақтандырғыш.

Д тобы: Электр тогы. Ток көздері.

 

“Алгоритм” ойыны.

 

Сабақтың мақсаты: оқушылардың алған білімін, іскерлік дағдыларын дамыту.

“Алгоритм” ойынының шарты:

Сынып 4 адамнан топқа бөлінуі тиіс. І-ІІІ турда сағат тілінің бағытымен дәптерлерін жылжытып бір-бірінің дәптерлеріне берілген тапсырмаға нақты жауап жазады. ІҮ турда тексеріп, бірін-

 

  1. Өткізгіштің кедергісі неге және қалай тәуелді? Өткізгіштің кедергісінің оның ұзындығына, көлденең қимасының ауданына және материалына тәуелділігін тәжірибе жүзінде қалай көрсетеді?
  2. 120С температурада 1 л су электр шәйнекке құйылған. 220 В желіге қосылған шәйнектің қыздыру элементіндегі ток күші 2 А. Судың қайнау уақыты.

 

№ 3 оқушы

  1. Электр кернеуі деп нені айтады? Ол қандай бірлікпен беріледі? Кернеуді қалай өлшейді?
  2. Асқын өткізгіштік құбылысы туралы не білесің? Асқын өткізгіштік дәлеліміз не?
  3. Егер тізбектегі тоқ күші 2 А тұрақты өткізгіштің кедергісі 20 Ом болса, онда 5 с ішінде оның шығаратын жылу мөлшері қанша?

 

№ 4 оқушы.

  1. Тізбек бөлігі үшін Ом заңын тұжырымда. Кедергі деп нені айтады? Оның өлшем бірлігі қандай?
  2. Тізбектей жалғанған тізбектегі ток күші өзгере ме? Тізбектің параллель жалғанған бөліктерінде ше?
  3. Қыздыру шамының құрамды бөліктерін ата. Қыздыру элементі қандай материалдан жасалады?

 

№ 5 оқушы.

  1. Тұрақты токтың жұмысы неге тәуелді. Джоуль – Ленц заңы қалай тұжырымдалады?
  2. Қысқа тұйықтау дегеніміз не? Электр тізбегіне сақтандырғыш не үшін керек?

1.Кедергісі 80 Ом сымның бөлігін төрт бөлікке тең бөліп, оларды параллель қысқанда сым кедергісі қаншаға тең болады?

 

Қорытынды: оқушылардың белсенді жұмыстарына алғыс айта отырып, біліміне сәйкес баға қою.

Үйге тапсырма: “Тұрақты электр тогы” тарауын шолу жасау

 

6 — сабақ

“Рөлдік” ойыны

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін шыңдау және оларды тексеру.

  Ойынның шарты:

Рөлдік ойынды үй тапсырмасын, алынған білімді және тағы басқа әрекеттерді тексеру үшін де пайдалануға болады. Бұл үшін

 

Алғаш рет “Электр тогы” түсінігін физикаға енгізген Француз ғалымы Ампер Андре Мари / 1775 – 1836/ болды.

Электр қозғаушы күші деп бөгде күштер жұмысының орын ауыстыратын электр зарядына қатынасына тең шаманы айтады.

   Амперметр ток күшін өлшейтін құралмен тізбектеп қосылады.

Кернеу деп тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасын айтады.

Өткізгіштерді тізбектей  жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады.

Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады.

Электр тогының жұмысы – ток күші, кернеу және жұмысты істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең.

Токтың қуатын ток күшін және кернеуді өлшеп, олардың көбейтіндісін табу керек.

Өткізгіш бойымен ток жүрген кезде, өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және ток жүру уақытына тура пропорционал болады.

Қазіргі таңда қыздыру шамдарының қылдарына балқу темпертурасы 33700болатын вольфрам сымдарын қолданады.

Қылдың қызу темпертурасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым шығатын энергияның көп бөлігі жарық түрінде таралады.

Eб = Аб / q

1В  = 1Дж/Кл

J = q/t

1A = 1 Кл/с

U = A /q

1B = 1Дж/Кл

J = U/R       U = JR    R = U/J

ρ  = RS / l

R = R0 (1+ α t )

α=  R – R0 / R0t

α= 1 K-1 / 273

Тізбектей жалғау

U = JR

U1 = JR1

U2 = JR2

U = U1 + U2

U = JR1 + JR2 = J /R1+R2/

R = R1 + R2

J = J1 = J2 = ….. = Jn

U = U1 + U2 + ….

 

Параллель жалғау

J = J1 + J2

U1 = J1 R1

U2 = J2 R2

U1 = U2 = U

J1 = U / R1

J2 = U/R2

J1+ J2 = U/R1 + U/R2

J = U/R1 + U/R2

U/R = U/R1 + U/R2     немесе        1 / R = 1/R + 1/R

U= U1 = U2 = ….. = Un

J = J1 + J2 + …. + Jn

1/R = 1/R1 + 1/R2

Токтың жұмысы мен қуаты.

Джоуль – Ленц заңы.

U = A/q

A = q U

q = J t

A = Jut       1Дж = 1А *1В *1с

J = U/R   және    U = J * R

A = J2R t   A = U2 / R t

P = A/t = JU

P = U2/R  және  P = J2R

Q = J2 R t

 

7 — сабақ

Мақсатты анықтау.

№ 3. Зертханалық жұмыс.

“Электр тізбегін жинау және оның әр түрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу”.

 

№ 4. Зертханалық жұмыс.

“Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тексеру”.

 

Қорытынды: Оқушыларды бағалау.

 

Үйге тапсырма: №5 Зертханалық жұмысқа “Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау” дайындалып келу.

 

8 сабақ.

Мақсатты анықтау.

 

№5 Зертханалық жұмыс.

“Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау”

Қорытынды: оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма: №6. Зертханалық жұмыс. “Электр тогының жұмысы мен қуатын өлшеу” дайындалып келу.

 

9 — сабақ

Мақсатты анықтау.

 

№6 Зертханалық жұмыс

“Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау”

Қорытынды:оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: “Тұрақты электр тогы” тарауы бойынша бақылау жұмысына әзірленіп келу.

Қорытынды бөлім

10 — сабақ

Сабақтың мақсаты: оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылау.

Шарты: оқушыларға екі нұсқада есептер беріледі, оқушылар жазбаша түрінде дәптерлеріне шығарады. Мұғалім тексеру арқылы бағалайды.

І нұсқа

  1. Тізбек бөлігінде 3 Кл заряд орын ауыстырғанда электр өрісі 120 Дж жұмыс атқарды. Осы бөліктегі кернеуді анықтаңыз.
  2. 15 секундта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 120 Кл электр заряды өтеді. Тізбектегі ток күшін табыңдар.
  3. 100 В кернеуге және 0,5 А ток күшіне есептелген электр шамының қуатын анықта.
  4. Әрқайсысы 6 Ом резистордың қосылу сызба нұсқасы суретте келтірілген. Электр тізбегінің барлық бөлігінде жалпы кедергісін анықта.
  5. Бір электрлік қыздырғыш кернеуі бар ток көзіне қосылғанда 12 мин ішінде Q-ға тең жылу мөлшерін бөледі. Сол кернеудегі ток көзіне параллель жалғанған екі қыздырғыш осындай жылу мөлшерін бөлетін уақыты.

ІІ нұсқа

  1. Кернеуі 220 В ток көзіне электр шамы қосылған. Шамнан өтетін ток күші 0,3 А-ге тең, оның 20 с ішіндегі жұмысын анықтаңыз.

жүзінде қалай көрсетеді? Өткізгіштің меншікті кедергісі дегеніміз не? Өлшем бірлігі қандай?

2.1800 м тереңдіктегі бұрғылау ұңғымасына токты жеткізетін сымның көлденең қимасының ауданы 6,2 мм2 жалпы кедерегісі 4,7 Ом. Сымның меншікті кедергісін анықта.

  1. 36 В кернеуі бар тізбекке кедергілері 12 және 6 Ом екі өткізгіш тізбектей қосылған. Осы тізбекке қосылған амперметрдің тілшесі токтың қандай мәнін көрсетеді?
  2. Ұзындығы 5 м және көлденең қимасының ауданы 0,75 мм2 нихром сымының кедергісі / Нихромның меншікті кедергісі 1,1 Ом*мм2 / м /
  3. Электр энергиясының құнын 1 кВт*сағ-қа 5,26 теңге тарифі бойынша есептеп, ток күші 4,55 А электр үтіктің 220 В кернеу ток көзіне қосылғандағы 4 сағат ішіндегі атқарған жұмысының құнын анықтаңдар.

Қорытынды:  Бақылау жұмысы бойынша оқушыларды бағалау.

 

 

Д тобы.

1.Электр тізбектеріндегі элементтерді параллель жалғаудың қандай мысалдарын білесің?

2.Кедергілері 100 Ом және 300 Ом болатын екі шам электр желісіне тізбектей жалғанған. Шамдардың қайсысы артық және қанша есе артық қуат тұтынады?

Е тобы.

1.Ток күші деп нені атйды? Ол нені сипаттайды? Электр заряды және уақыт арқылы ток күшін қалай өрнектеуге болады?

2.Қуты 0,5 кВт электр плита 90 с ішінде қанша жылу бөледі?

Қорытынды: бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: № 3,4 Зертханалық жұмысқа дайындалып келу.

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны оқыту құралы ретінде. Алматы, 2002 ж.
  2. Б.М. Дүйсембаев. Г.З. Байжасарова. А.А. Медетбекова. “Физика және Астрономия” 8 класс. Мектеп баспасы. 2004 ж.
  3. В.И. Кем. Б.А. Конгарт. “Есептер жинағы”. 8 класс. Алматы.2004ж
  4. Ғ.З. Байжасарова. Б.М. Дүйсембева. А.А. Медетбекова. “Физика және астрономия” 8 класс. Алматы 2004 ж.
  5. Ж.О. Бақынов. “Дидақтикалық материалдар” 8 класс

Алматы 2004 ж

  1. Н.А. Закирова. Е.П. Гаврилова. “Физика мен астрономиядан тестік тапсырмалар жинағы” 8 класс. Көкшетау. 2030 ж.