Физикалық шама. Шамаларды өлшеу. Өлшемдердің метрлік жүйесі

Сабақтың тақырыбы: Физикалық шама. Шамаларды өлшеу. Өлшемдердің метрлік жүйесі

 

Сабақтың мақсаттары:

а) білімділік: физикалық шамалар және шамалардың өлшем бірліктерімен танысу, өлшеу құралдарының бөлік құнын анықтауды үйрену;

ә) дамытушылық: оқушылардың математикалық есептеу шапшаңдықтарын, ой-өрістерін, білім-білік дағдыларын, физикалық шамаларды айыра білу қабілеттерін дамыту;

б) тәрбиелік: адамгершілігі мен имандылығы мол, физикалық құбылыстар мен шамалардың мән-мағынасын білетін тұлға қалыптастыру.

 

Сабақтың әдіс-тәсілдері: практикалық, түсіндіру және баяндау әдістері, СТО элементтері

Сабақтың көрнекілігі: ЭО, таратпа материалдар, телескоп, таразы, әр түрлі денелер т.б.

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, олардың сабаққа дайындықтары мен толық қатысуларын тексеру. Журналмен жұмыс. Сабақтың мақсатын айқындау.

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақтар:
  • Эксперименттік әдістің негізгі қызметі қандай?
  • Эксперимент жүргізуге қандай талаптар қойылады?
  • Физикалық теория қандай құрамдас бөліктерден тұрады?

 

  1. Мотивация. Сандарды өсу ретімен орналастырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын аламыз:

 

9221552111142181224717
ДҮТМЖҢЕЛІЕЕЛ
161823102561942032613
РӨРЙІСДКЕШІМ

 

  1. Жаңа сабақ. Теориялық түсінік

Табиғаттағы құбылыстарды бір-бірімен салыстыра отырып сипаттау үшін физикалық шамалар қолданылады. Физикалық шамалар құбылыстардың қасиеттерін сандық тұрғыдан сипаттайды. Физикалық шамалар құбылыстарды ғана емес, денелердің де қасиеттерін сипаттау үшін де қолданылады. Мысалы, денелердің беріктік қасиеттерін сипаттау үшін қаттылық деген шама енгізіледі. Ең қатты дене – алмас, одан кейін – шыны (шынымен болаттың бетін тырнауға болады), ал болаттың қаттылығы мыстан жоғары. Негізгі өлшем бірліктерді қарастырайық:


Метр – ұзындық бірлігі,

Килограмм – масса бірлігі,

Секунд – уақыт бірлігі,

Градус – температура бірлігі,

Моль – зат мөлшерінің бірлігі,

Ньютон – күш бірлігі.

 

 

Физикалық шаманың мәні деп, оның өлшем бірлігі көрсетілген сандық  мәнін айтады. Мысалы, 10 с, 15 км, 200 кг т.с.с. 1 км = 1000 м; 1,5 км = 1500 м; 1 мин = 60 с;

Физикалық шамалардың мәндерін физикалық аспаптар жәрдемімен арнайы өлшеулер жүргізу арқылы анықтайды. Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз – оны өлшем бірлік ретінде алынған біртекті басқа бір шамамен салыстыру.

Сызғыш – ұзындықтың өлшеу құралы,

Таразы – массаның өлшеу құралы,

Секундомер – уақыттың өлшеу құралы,

Термометр – температураның өлшеу құралы,

Динамометр – күштің өлшеу құралы.

 

Аспаптардың бөлік құнын анықтау үшін келесі әрекеттерді орындау керек:

  • Аспап шкаласындағы кез келген екі мәнді аламыз;
  • Олардың айырмасын табамыз;
  • Екі мән арасындағы бөлік сызықтарының санын анықтаймыз;
  • Айырма нәтижесін бөлік сызықтарының санына бөлеміз.

Бұл сан шкаладағы ең кіші бөлік мәні, яғни анықтама бойынша бір бөліктің құны болып табылады.

 

Кило қосымшасы мыңды білдіреді, сондықтан

1 км = 1000 м;

1 киловольт = 1000 Вольт.

 

Милли қосымшасы бірліктің мыңнан бір үлесін білдіреді, сондықтан

1 мм = 0,001 м;

1 мг = 0,001 г.

 

Санти қосымшасы бірліктің жүзден бір үлесін білдіреді, сондықтан

1 см = 0,01 м;

1 мг = 0,001 г.

 

Өлшемдердің метрлік жүйесі бір өлшемнен екінші өлшемге өтуді, соның ішінде квадраттық және кубтық бірліктерге ауысуды жеңілдетеді. Мысалы,

1 м =100 сантиметр (см) болғандықтан,

1 м2 =1002 см2 =10 000 см2, сондай-ақ

1 см = 10 миллиметр(мм) немесе 1 мм=1 см: 10=0,1 см болғандықтан,

1 мм3 = (0,1 см)3=0,13 см3 = 0,001 см3.

 

Ұзындық өлшемдері:

1) елі ≈ 2-2,5 см (орта шамадағы бір саусақтың ені);

2) тұтам ≈ 8-10 см (жұдырық ені);

3) сынық сүйем ≈ 13-15 см (бүгілген сұқ саусақ пен бас бармақ арасындағы қашықтық);

4) сүйем ≈  17-20 см (көсілген бас бармақ пен сұқ саусақ арасындағы қашықтық);

5) қарыс ≈  20-22 см (көсілген бас бармақ пен ортаншы саусақ арасындағы қашықтық);

6) кез ≈  70-75 см (саусақтардың ұшынан иыққа дейінгі ара қашықтық);

7) 1 кез ≈  7-9 тұтам.

 

Биіктік өлшемдері:

1) оқ бойы ≈ 1,0-1,5 м жебе ұзындығы;

2) найза бойы ≈ 3-5 м

3) арқан бойы ≈10-12 м т.б.

 

Сұйыққа арналған өлшемдер:

1) қасық ≈ 50 г;

2) ожау ≈ 0,5 л;

3) тостаған ≈ 0,5 л;

4) аяқ ≈ 1 л;

5) шара ≈ 1,5-2 л;

6) тегене ≈ 8-10 л;

7) тосық ≈ 8-10 л (ешкі терісінен тігілген ыдыс)

8) көнек ≈ 15-16 л (бие сауғанда пайдаланылатын былғарыдан тігілген   ыдыс)

 

Салмақ өлшемдері:

 

1)  1 пұт ≈ 16 кг, жарты п.ұт ≈ 8 кг;

2)  қадақ ≈ 400 г, ширек қадақ ≈ 100 г.

3)  1 қап немесе 4 п.ұт ≈ 65-66 кг;

4)  1 мысқал ≈ 4,46 г;

5)  1 жамбы күміс ≈ 6 кг;

6)  1 пітір. бидай ≈ 3 кг;

 

  1. Жаңа сабақты бекіту.

1) Практикалық тапсырма. Кестені толтыр.

 

Аспап атыӨлшенетін физикалық шамаАспап шкаласының бөлік құныФизикалық шаманың мәні
1. Сызғыш

2. Мензурка

3. Секундомер

 

2) Енді ертедегі қазақтар қолданылған өлшем бірліктер жайлы есептерін қарастырайық.

 

Шөп. Үйде 40 қой, екі құлынды бие, 4 бұзаулы сиыр бар болатын.  Бір күнде 10 қойға 1 тай шөп, 1 құлынды биеге 1 тай шөп, екі бұзаулы сиырға 3 тай шөп беріледі. 9 күнде бір тай шөп рәсуа болып тапталып қалады. Мал 108 күн қолға қарады, шөп таусылды. Қанша тай шөп бар еді?

Жылқыға  жем  беру. Біреу алты жылқысына күн сайын он қадақ сұлы беріп жүреді. Жем жылқының жасына қарай бөлінеді: биеге – үш қадақ, құнандарына – екі қадақтан, ал тай басына бір қадақтан жем береді.   Мал иесі үйіне алыстан келіп, қонақ болып отырған жекжатына әңгіме арасында өзінің осы тіршілігін айтып қалады. «Сонда бие нешеу, құнан нешеу, тай нешеу болғаны?» — деп, қонақ жылқы санын іштей есептеуге көшті.

 

  1. Үйге тапсырма.

1) §6 оқу, мазмұндау

2)  Тақырыптардың соңында берілген сұрақтарға жауап беру және 1-жаттығудың 4-5 тапсырмалары.

 

  1. Сабақты қорытындылау. Алдымен оқушылардың білімін бағалаймын.

Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!