Күш. Деформация.

 

Сабақтың тақырыбы: Күш. Деформация.

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға жаңа физикалық шама-күш ұғымы мен оның

түрлері,деформация   және күштің векторлық шама екенін түсіндірмелі

иллюстративті  тұрғыдан түсіндіру,терең мағлұмат беру.

 

Білімділік:   Оқушылардың жаңа “күш”,”деформация” ұғымы туралы      білімдерін жетілдіру,қалыптастыру.

Дамытушылық:   Оқушының даму жүйесін дамыту, жүйелі түрде ойлауға

ізденуге бағыттау, білімге деген құштарлығын арттыру;

Тәрбиелік:              Өмірдің барлық ағымы физикалық заңдылыққа қатысты

екендігін көрсету,  күш,деформация ұғымын күнделікті

өмірмен байланыстыра білуіне және оны жақсы

жақтарынан қолдана білуге тәрбиелеу.

 

Сабақ типі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндірмелі иллюстративті, демонстрациялық, сұрақ-жауап, есептермен

жатықтыру, СТО

Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, еңбек, дене тәрбиесі, тарих.

 

Сабақтың көрнекілігі : компьютер, слайдтар,пласталин, шар, серіппе, сызғыш, доп, карточкалар,

диномометр, резинка,  Исаак Ньютонның портреті, болат екі шар.

 

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру — оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын , сынып тазалығын тексеру.

І. Қызығушылықты ояту.         Физикалық шамаларға шеру. Оқушыларға суреттер

көрсетіледі.Қандай сурет көрсетіліп тұрғанын тапқан оқушы

суреттің артына жасырылған физикалық шаманың атауы, өлшем

бірлігін айтады.

ІІ.Ой қозғау.  Бұл кезеңде оқушылардан үй тапсырмасы тексеріледі.

  1. Кім білімді, кім жылдам /тес сұрақтары/
  2. Қайсысын қалайсың (есептер шығару)

 

  1. «Кім білімді, кім жылдам» сайысы

Тест сұрақтары

  1. Заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шама

А) Заттың тығыздығы;

В) Дененің массасы;

С) Дененің көлемі;

  1. Заттың тығыздығын табатын формула

А) m=pV;

  1. B) V=m/p;
  2. C) p=m/V;
  1. Тығыздықтың өлшем бірлігі.

А) кг;

В) кг/м3;

С) м3;

  1. Ұзындығы 8 см, ені 5 см, қалыңдығы 3 см алтын кесегінің көлемі қандай?

А) 120 см3;

В) 100 см3;

С) 150 см3;

  1. Бір қалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтайтын формула.

А) v=S/t;

  1. B) S=v∙t;
  2. C) m=pV;
  1. 72 км/сағ неше м/с-қа тең?

А) 10 м/с;

В) 20 м/с;

С) 15 м/с;

  1. Денеге басқа денелер әсер етпегенде өзінің жылдамдығын сақтау құбылысы қалай аталады?

А) диффузия

В) инерция

С) материя

  1. Уақыттың негізгі өлшем бірлігі не алынған?

А) секунд

В)  метр

С) грамм

  1. 1 кг – да неше грамм бар?

А) 1000 гр;

В) 100 гр;

С) 0,001 гр;

  1. Денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарының өзгерту дәрежесін сипаттайтын шама.

А) масса

В) жол

С) уақыт

2 .«Қайсысын қалайсың»

 

Өлшеу құралдарының атын атап, атқаратын қызметтерін айту арқылы суреттің артында жасырын тұрған есептерді шығарады.

 

  1. Секундомер
  2. Мензурка;
  3. Таразы;

ІІІ. Мағынаны ашу. Оқушыларға суреттер көрсетіліп, сурет бойынша өз ойларын айтқызып,

                                  өтілетін жаңа материалды ашу.

 

«Білегі күшті бірді жығады,

білімі күшті мыңды жығады».

«Көптің күші – бірлікте».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күш – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.

 

 

 

Әртүрлі дененің қозғалыс жылдамдығын бірдей шамаға өзгерту үшін әр түрлі күш түсіруіміз керек. Мысалы, автомобильді орнынан қозғалту үшін көп күш жасаймыз.Бұл жағдайда автомобильдің жылдамдығы адам қолымен әсер еткендіктен өзгереді.Бос және жүгі бар арбаларды орнынан қозғалту үшін және олардың қозғалысын жылдамдығын бірдей шамаға өзгерту үшін оларға шамасы әр түрлі күш түсіреміз. Әртүрлі денеге әртүрлі күш түсіреміз.

Демек, күштің сан мәні көп те, аз да болуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

Үстел үстімен шарды домалатып жіберейік. Онда бұл шар бірқалыпты қозғалады.Егер

шардың жолына кесе көлденең дене қойсақ, онда шар тоқтап қалады.Ал егер қозғалыстағы шардың жолына басқа бір шарды қойсақ,олардың соқтығысуы нәтижесінде бірқалыпты қозғалып жатырған шар қозғалысын баяулатады да қозғалыс бағытын өзгертеді.

Демек, күш қозғалыс жылдамдығын өзгертуге себепші.

Күш сандық мәнімен және бағытымен сипатталатын физикалық шама болып табылады.

 

 

 

 

 

Күшті Ғ әрпімен белгілейміз.

SІ жүйесінде күш бірлігіне ньютон (Н) алынған. 1Н – тыныштық күйіндегі массасы 1 кг денеге 1 с ішінде 1 м/с жылдамдық беретін күш. Бұдан үлкен күш бірлігі – килоньютон (кН) да қолданылады. 1кН = 1000 Н.

 

ІV. Тарихи мәлімет. Исаак Ньютон туралы.

                                                                           

                                                    

 

                            

                                               46 жаста

     Исаак Ньютон, Корольдік қоғамның мүшесі (Үлгі:PronEng; 1643 жылғы қаңтардың 4-і — 1727 наурыздың 31-і (жаңа стиль бойынша) — ағылшын физигі, математигі, астрономы, табиғи философы, алхимигі және геологы. Оның 1687 жылы жарық көрген Табиғи философияның математикалық бастамалары (латынша: «Philosophiæ Naturalis Principia Mathematica») деген кітабы ғылым тарихындағы ең ықпалды шығарма болып саналады. Осы еңбегінде Ньютон бүкіләлемдік тартылыс заңын және қозғалыс заңдарын тұжырымдап, содан кейінгі үш ғасырда үстемдік еткен және қазіргі заманғы инженерлік ғылымның негізі болып табылатын классикалық механиканың негізін қалады. Ньютон өзінің тартылыс заңы мен Кеплердің ғаламшарлар қозғалысының заңдарының арасындағы сәйкестікті дәлелдеп, жер бетіндегі заттардың қозғалысы мен аспан денелерінің қозғалысы бірдей заңдарға бағынатынын көрсетті. Осылайша ол гелиоцентризм туралы соңғы күмәнды сейілтіп, ғылыми революцияның басын бастап берді.Механикада Ньютон импульстың және бұрыштық импульстың сақталу заңдарын алға тартты. Оптикаға қосқан үлесі: ол рефлекторлы телескоп жасап шығарып, үшбұрышты призманың жарықты көзге көрінетін жеті түске бөлетінін ашты. Ол Ньютонның суу заңын тұжырымдап, дыбыстың жылдамдығын зерттеді. Математикада Ньютон Готтфрид Лейбницпен қатар дифференциалдық және интегралдық санақты ойлап шығарды. Сонымен қатар ол биномдық теореманы көрсетіп, функцияның нөлін шамалауға қолданылатын Ньютон әдісін тапты. Дәрежелік қатарларды зерттеуге де үлес қосты. Ньютонның дінге деген қызығушылығы да зор болды, оның діни еңбектері көлемі жағынан ғылымға қосқан үлесінен үлкен. Денелердің Орталық күш әсерінен қозғалу траекториясы конустық қима болатынын, оған себеп барлық планеталар мен кометалардың Күнге, ал планета серіктерінің өз планеталарына ара қашықтықтың квадратына кері пропорционал күшпен тартылуы екенін дәлелдеп, бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдады. Физикада Ньютон қызған денелердің суыну заңын, ақ жарықтың монохромат сәулелерге жіктелуін, сфералық мөлдір денелердің түйіскен нүктесінің айналасында интерференц. сақиналардың пайда болатынын, т.б. ашты. Ол – термометрді ойлап шығарған алғашқы ғалымдардың бірі.[1] Астрономияны телескоптық бақылау мен математикаға сүйенетін жаңа ғылыми сатыға көтерді. Өзі жасаған екі айналы телескоп арқылы (1668) аспан құбылыстарын тікелей бақылады. Аспан денелерінің қозғалыс теориясын жасап, аспан механикасының негізін салды. [2] Ньютонның астрономиялық еңбектері механика мен физикадағы табыстарына ұштасып жатады. Математикада дифференциалды және интегралдық есептеулерді (Г.Лейбницке тәуелсіз) ойлап тапты, шамалардың ең үлкен және ең кіші мәндерін табу, қисық сызыққа жанама жүргізу, қисық сызықтың ұзындығын, жазықтықтағы тұйық сызықтың қоршайтын ауданын табу, функцияларды қатарларға жіктеу, т.б. жаңалықтар ашты. Бұлар математикалық анализдің негізі болып табылады. Ньютонның ғыл. шығармаларының жинағы 5 том болып 1779 – 85 жылы Лондонда латын тілінде басылған. 2005 жылы өткізілген сауалнамаға сұралғандардың көпшілігі Ньютонның ғылым тарихына жасаған ықпалы Альберт Эйнштейндікінен әлдеқайда күшті болған деп ойлайтындарын айтқан.

Кембридждағы өмірбаяны

1664 жылы Кембридж университетінің бөлімшесі Тринити колледжін бітірді

1665 жылы бакалавр дәрежесін алды

1669 жылы Кембридж университетінің профессор және физика-математика кафедрасының меңгерушісі болды

1672 жылы 1 қаңтарда Лондон Корольдік қоғамының мүшесі болып сайланды (1703 жылдан өмірінің соңына дейін президенті болды)

Шығармашылығы

1687 жылы “Табиғат философиясының математикалық негіздері”

1704 жылы “Оптика”

* Күштің әсері

Деформация түрлері: созу, сығу, бұрау

Күштің әсерінен туындаған қозғалыстағы өзгерістер денені:

  • Қозғалта баcтайды;
  • Тездетеді немесе тоқтата тұрады;
  • Тездетеді немесе тоқтата тұрады;

 

 

Затқа күш қолдану деформацияға немесе қозғалыстың өзгеруіне әкеп соқтырады.

 

 

Дене пішінің немесе өлшемдерінің өзгеруін дефомация

(латынша деформация – бүліну, бұзылу) деп атайды.

 

 

Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін, дене                       күштің әрекеті тоқтағаннан кейін

өзінің бастапқы пішіні мен өлшемін                              дененің бастапқы пшіні мен өлшемі

өзгертетін болса, мұндай деформация                           қайтадан қалпына келетін болса,

пластикалық деп аталады.                                              мұндай деформация серпімді деп аталады.

 

 

 

 

пласталин, саздан жасалған денелер                                                серіппе, резинка, т.б

 

Тәжірибелер деформациялаушы күшке қарама қарсы бағытталған жаңадан бір күш пайда болатынын көрсетеді. Бұл күш серпімділік күші деп аталады.

 

 

  1. Ғылым- жұмыс үстінде. Оқушыларға күнделікті   тұрмыста  қолданылатын  денелер               

                                                  арқылы  деформация  құбылысын  жасап  көрсету.

 

VІ. Мағынаны ажырату. 1.Екі жақты күнделік стратегиясы. Мәтіндегі негізгі ұғымдарды сипаттау.

 

күшдеформация
  • мәтінді оқыту;
  • мәтінге қарап отырып толтыру;
  • топқа талқылау, ой бөлісу;

 

  1. Сызықтық диктант. Әр оқушы дәптерге орындайды. «-» -қате, « ^ »— дұрыс

1.Күш сандық мәнімен ғана сипатталатын шама болып табылады.

  1. SІ жүйесінде күш бірлігіне 1Н алынған.
  2. Физикалық негізі мақсаты табиғатта болып жатырған құбылысты зерттейді.
  3. Күш – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.
  4. Күш -қозғалыс жылдамдығын өзгертуге себепші.
  5. Күшті Е әрпімен белгілейміз.
  6. Дене пішінің немесе өлшемдерінің өзгеруін дефомация (латынша деформация – бүліну,

бұзылу) деп атайды.

  1. Деформация екіге бөлінеді: пластикалық, серпімді

 

VІІ.Тұлғаны танып біл! М.Мақатаевтың «Сонарда» өлеңі

Қаңтарда ма, ақпанда ма,

Із кесіп қансонарға аттанғанда,

Іздер жатыр қар бетін шиырлаған,

Шұбырынды іс шықса қиындаған.

Қызыл түлкі қырқадан қылаң етсе,

Құмай тазы құйындаған.

Қорыта келе, Мұқағағалидың табиғат жайындағы өлең шумақтарын, оның әрбір сөйлемін, әрбір сөзін талдап көретін болсақ, олардың сыры физикалық тұрғыдан ашылмақ.

 

VІІІ. Үйге тапсырма беру.

  • 33. Күш. §34. Деформация. « Ғылым-халық өмірінде» эссе жазу.Венн диаграмасын сызу.

 ІХ . Багалау.

Х. Қорытындылау.