«Білім беруді ізгілендіруде пәнаралық байланыстар арқылы жеке тұлғаның дамуын қалыптастыру»
«Білім беруді ізгілендіруде пәнаралық байланыстар арқылы жеке тұлғаның дамуын қалыптастыру»
«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет ауыр” – деп Ел басымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, бүгінгі ұстаздардың алдыңдағы міндет жоғары да әрі жауапты.
Ғылымда ізгілендіру проблемасы – өзекті проблемалар қатарынан орын алып отыр. Өйткені ғылым мен техниканың қарқынды дамыған тұсында адамдар білімнің күшін тек жақсылыққа, игі істерге ғана жұмсамай, жамандық пен қатыгездікке де жұмсауда. Сондықтан да табиғаттың аялы алақанын бағалауға, оның өмір сүруі үшін маңыздылығын ұғындыруға жас ұрпаққа адамгершілік тұрғысынан түсіндіру аса қажет. Осы кезде ғана біз адамгершілік ұғымын кең ауқымда, яғни адамдардың бір-біріне ғана емес, мәдениетке, табиғатқа деген ізгі қарым-қатынасын қалыптастырамыз.
Біздің шығармашылық топтың тақырыбы «Білім беруді ізгілендіруде пәнаралық байланыстар арқылы жеке тұлғаның дамуын қалыптастыру».
Мақсаты: «Оқытудың инновациялық әдістемелері негізінде, білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып жеке тұлғаны қалыптастыру».
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін алдымызға мынадай міндеттерді белгілейміз:
- Оқушының сана сезім, ақыл-ой қызметінің дамуына ықпал жасай отырып, шығармашылық қабілетін ашу, қозғау салу;
- Оқушылардың алған білім, білік дағдыларын одан әрі дамытып, терендету, өздігінен жұмыс істеу қабілетін ашу;
- Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың логикалық ойлауын, интеллектуалдық дамуын жетілдіру;
- Пәнаралық байланыстар арқылы жеке пән әдістемелерінің бір-бірімен байланысын ашу, ғылыми білім негіздерінің бірлігін көрсету және оқушының ізденісін арттыру;
- Адами мәдениетке жеке құндылық ретінде адам табиғатында өзгеше, таптырмайтын құбылыс – дарынды оқушылармен жұмысты жүргізу.
Осындай міндеттерді жүзеге асыру үшін бүгінгі білім беру мен тәрбиелеудің бағытына сәйкес оқытудың инновациялық технологияларын қолданып отырамыз:
- Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – оқушылардың белсенділіктері жоғарылап, өздерінің күштеріне деген сенімдері арта бастайды;
- «Тест бойынша жүйелеп оқыту» әдісі – мемлекеттік стандарт талабына сай тексеру арқылы білім, білік дағдылары бақыланады;
- Ж. Қараевтың «Оқытудың педагогикалық технологиясы» – шәкірттерге деңгейлік тапсырмалар беру арқылы дамыта оқыту идеясы жүзеге асырылады;
- М. Жанпейсованың «Модульдік оқыту технологиясы» – оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық потенциялы дамиды;
- Ақпараттық технология – оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырады, яғни алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білуі, өз еркіндігін шектей отырып қолдана білуі артады.
Пәнаралық байланыс тиімділігі:
- Оқушыларға берілетін ғылыми білім негіздерінің бірлігін, пәнаралық байланысын сақтау;
- Жеткіншектердің ойының тиянақталуына, қиялдауына, ұғымды меңгеруге, ойда сақтауына мүмкіндіктер тудырып, жағдай жасау.
- Оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастыруда, оқытудың тиімді әдістерін іздестіру жолдары пәнаралық байланысты күшейтуге себебін тигізеді;
- Дербес компьютерді қолдану, оның графикалық мүмкіндігі арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығы артады;
- Жұмыс түрлері топпен, жеке дара, ұжымдық түрде ұйымдастырылып, оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынасы нығаяды, әрі үйрету, шешім қабылдау, зерттеу қабілеттері қалыптасады;
- Теорияда алған білімдерін практика жүзінде қолдана білу арқылы іскерлік қабілеттері және тәжірибелік біліктілігі артады, бүкіл дүниемен, табиғатпен, қоғаммен қатынасы жүзеге асады;
- Политехникалық оқыту және кәсіби бағдар беру жұмыстары пәнаралық мазмұндағы есептерді шығару мен орындау барысында жүзеге асады.
Пәнралық байланыстар – ғылыми циклдағы физика сабағында жеке тұлғаны дамытудағы кешенді мәселе болып табылады. Оны үш бағытқа бөлуге болады: 1) Пән бойынша алғашқы білім мен дағды; 2) Пән бойынша екінші білім мен біліктілік; 3) Осы білім мен дағдылардың бірлігі, оны оқу үрдісінде қолданылу үрдісін кеңейтеді, яғни аннимациялық тәжірибелер арқылы.
Педагогикалық тәжірибемізде пәнаралық байланыстарды ашық кіріктірілген сабақтар, семинар сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар, ғылыми-практикалық конференциялар арқылы жүзеге асырып отырамыз.
Осы бағытта өткізілген кіріктірілген ашық сабағымызды ұсынамыз.