Күш. Ньютонның екiншi заңы. Масса.
| Пән: физика, 9-сынып | |||
| Тақырыбы: | . Күш. Ньютонның екiншi заңы. Масса. | ||
| Мақсаты | Денелердің механикалық қозғалысын зерттеу барысында ауырлық, серпімділік, үйкеліс күштері туралы түсіндіру. Механиканың заңдарының бірі Ньютонның екінші заңын тұжырымдау. | ||
| Күтілетін нәтиже | А. Оқыған материалды айтып береді. В.Күштердің түрлерін, күш пен үдеудің арасындағы байланысты қорытып, мысалдар келтіреді. С.Ньютонның екінші заңын тұжырымдап, есептер шығарады. | ||
| Керекті жабдықтар | оқулық, ресурс парақтары, жұмыс дәптері, АКТ интернет желісі, суреттер топтамасы, бағалау парақтары, есептер жинағы, постерге критерий, Фличарт, өз жобаларын қорғау | ||
| Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Диалогтық оқыту, зерттеушілік әңгіме, «қораптағы хат», кеңейтілген тапсырмалар,жоғары дәрежелі сұрақтар, «Ойлан.Жұптас.Бөліс», «Он сұрақ» | ||
| Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |
| Кіріспе 12 мин | Ұйымдастыру.Оқушылармен амандасу. 2 мин. Коңілді музыка қосамын, оқушылардың зейінін өзіме аударамын; Ынтымақтастық орта қалыптастыру. Оқушыларды жаңа тақырыпқа сай келетін сөздер бойынша топқа бөлу. Топтардың атауы: І топ:«Қыс», ІІ топ: «Жаз», ІІІ топ: «Күз», ІVтоп: «Көктем». 1 мин Топтағы оқушыларға бағалау парақтары беріледі. Үй тапсырмасын «қораптағы хат» әдісімен тексеремін. 9 мин. Сұрақтар:1.Қандай санақ жүйесі инерциялық деп аталады? 2.Ньютонның І заңын тұжырымда. 3.Галилей мен Ньютонның қозғалысқа көзқарасы олардың ізіашарларының көзқарасынан немен ерекшеленеді?4.Ньютонның І заңын дәлелдейтін мысалдар келтір. Денелердің жерге қатысты қозғалысының қандай жағдайларында инерция заңының бұзылуы байқалады?5.Оны классикалық механиканың атасы деп атаған.6. Оны “сэр” деп атаған. | Мұғаліммен амандасады.  Оқушылар сабақ құралдарын тексеріп, орналасады.Топтарға бөлінеді. 
 
 
 Топ мүшелері сұрақтардың жауабын айтады. 
 | |
| Тұсау- кесер 2мин | 1. Суреттер топтамасы беріледі. 
 | Жаңа тақырыпты болжап айтады. | |
| Негізгі бөлім 23мин | Оқулықпен, ресурс парақтарымен жұмыс. Жаңа тақырыпты талқылау үшін суреттер топтамасы беріледі. Ауырлық күші серпімділік күші үйкеліс күші 
 Зерттеушілік әңгіме: Осы суреттер топтамасы бойынша әр топ жаңа тақырыппен танысып, постер қорғайды. Есептер:9-жаттығу (1,3),10-жаттығу(1,2) | Оқушылар тақырыпты оқып тапсырманы жеке орындап,топта талдайды. 
 Оқушылар постер қорғап, жұмыс дәптерімен жұмыс істейді,талқылайды Топтық жұмыс. диалог , зерттеушілік әңгіме, өзін-өзі және өзара бағалау | |
| Қорытын-ды. 5минут | «Соңғы 5 минут» әдісімен аяқтаймын. 
 
 | ||
| Үйге тапсырма 1мин | Дайындық сұрақтары. | Үй  тапсырмасын күнделікке жазады.§11,12. 9,10-жаттығуларды аяқтау. | |
| Бағалау 2мин 
 | Постерге критерий 
 
 | «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» | |
Постерге критерий
| Критерий | Дескриптор | Жетістік деңгейі | 
| А Мазмұны | Тақырып мазмұны ашылмады | 0 | 
| Тақырып мазмұны ашылды, бірақ толықтыру қажет | 1 | |
| Тақырып мазмұны толық ашылды | 2 
 | |
| В Безендірілуі | Бояуы қанық емес, сурет салмаған | 1 | 
| Әсемделген, бірақ эстетикалық талғамға сай келмейді | 2 | |
| Жақсы әсемделген, сурет, символ, белгілер қолданылған | 3 | |
| С Баяндау шеберлігі | Ойды жеткізу тілі түсініксіз болды | 1 | 
| Ойды жеткізе білді, бірақ шешендік жетпеді немесе ой қайталана берді, қыстырма сөздер көп қолданылды | 2 | |
| Тіл байлығы жақсы, ойды жетік жеткізе білді, өз пікірін пайымдады | 3 | |
| Д Шығармашылық | Тақырыпты өзге қырынан аша білді | 3 
 | 
| Жаңашылдық, идея болды | 3 | 
