«Магнит өрісі» тарауын қайталау

 

Сабақтың тақырыбы:  «Магнит өрісі»  тарауын  қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Магнит өрісі ұғымын және оны сипаттайтын шамаларды оларды өлшейтін құралдарды жұмыс принципін үйреніп практикалық жұмыстар мен есептерді шығаруда алған білімдерін күнделікті қажеттілікке қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен ізденуге, білімін практикалық тұрғыдан дамытуға баулу, дәстүрлі емес әдістер арқылы талабын ұштап, алған білімдерін кеңейтіп, мамандық таңдауына көмектесу.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, олардың ойлау қабілеттерін  дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету,

Сабақтың типі: Қайталау сабағы

Сабақтың түрі: Сайыс сабағы.

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, тест, есептер шығару, эксперименттік тәжірибе.

Сабақтың көрнекілігі: тапсырмалар, сызбалар, ток көзі, амперметр, вольтметр, электрометр, слайдтар,  эмблемалар.

Сабақтың құрылымы:

1.Командалар танысуы.

  1. Алау жағу – Физикалық тест эстафетасы. (Әр қатардағы оқушылар соңғы партадан бастап, алдыңғысымен аяқтайтындай етіп, бір-біріне жалғастыра, берілген сұрақтарға дұрыс әрі жылдам жауап берген команда жеңімпаз атанады.Алау жағу құрметіне ие болады.)
  2. «Жұмбақ конверт» (Оқушылар өздері дайындайды. Онда тақырыпты баяндау, сөзжұмбақ, және тақырыпқа байланысты мақал және жұмбақ ).
  3. «Кім жүйрік!» сайысы (физикалық шамалардың өлшем бірліктерін бір минут ішінде айтып үлгірулері қажет).
  4. «Кім көп біледі?» (Әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Топтан бір оқушы шығады. Ол 30 секунда сұрақтарға дұрыс жауап беріп үлгеруі керек).

6.Кім зерек! (Әрбір топқа 3 деңгейдегі есептер беріледі).

7.Ойлан тап! (формулада белгісіз шаманы анықтау).

8.Физикалық тәжірибелер (тәжірибелер жасап, оны түсіндіру)

9.Қорытынды

10.Рефлексия

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу. б) Оқушыларды түгендеу в) Сабақтың құрылымы, жоспарымен  таныстыру

Мұғалім:  Оқушылар осы уақытқа дейін  «Магнит өрісі» тарауы бойынша көп нәрсені оқып үйрендік. Негізінен магнит өрісі және оның қасиеттері, магнит индукция векторының,  магнит өрісі тарапынан әсер ететін Ампер, Лоренц күштерінің модулдері мен бағыттарын анықтау,  заттың магниттік қасиеттері туралы ұғымдарды түсініп, біліп техникада, өмірде күнделікті қажеттілікке қолдана білуіміз қажет. Сол алған білімдеріміздің нәтижесін тексереміз.

Оқушылар үш топқа бөлінеді. Физика әлемінде екі бағыт бар. Біріншісі  ғалам болса, екіншісі ядроның түпкі тамыры. Әлем деңгейінде қазақ физикасы да алдыңғы қатарлы болмақ. Шәкәрім Құдайбердиевтің де  «Үш анық» кітабынан оның физикадан хабардар екені анық. Абай шығармаларында да физикалық құбылыстар көп кездеседі. Әлемнің негізі молекулаға тірелсе, молекула атомға бөлінетіні белгілі. Бөлінбейді деген атом да бөлінеді екен деген түсініктен кейін Шәкәрім әлемді аралап шығып, кітабын жазып шығады. Шәкәрім әлемнің түп негізі  «нұр»  болады деген екен. Магнит өрісін электр тогы тудырады. Электр тогы дегеніміз зарядталған бөлшектердің бағытталып реттелген  қозғалысынан пайда болады. Магнит өрісінің пайда болуының түп тамыры элементар бөлшектер. Сондықтан бағалану үшін элементар бөлшектердің эмблемасын ұсынамыз. (электрон, протон, нейтрон).

(Оқушылыр үш топқа бөлініп, топ басшылыры сайланады. Әрбір ойынның қорытындысы бағаланып отырады. Әр бір тапсырма 5 ұпаймен бағаланады).

Мұғалім:  (Топ басшылары командамен ортаға шығып өздерін таныстырады).

1.Командалар танысуы.

Топтардың атаулары:  «Ампер»,  «Тесла»,  «Вебер»

1- команда:  «Ампер».

Ток күші сенің арқаң өмір сүргеніміз,

Сабақ оқып теледидар көргеніміз.

«Ампер» болған ток күшінің өлшемі

Біз мықты,  қуатты да  күштіміз.

2-команда:  «Тесла».

Ток бар жерде магнит өрісі туындайды.

Сан жағынан магнит өрісін сипаттайды.

«Тесла»  болған өлшем бірлігі

Бұл шама «Магнит индукция векторы»

3-команда:  «Вебер».

Өзгергенде жерді қоршаған магнит өрісі

Ағады ауада, жер қабығында — электр тогы

Индукцияның күш сызықтарының санын

Өлшейді «Вебермен»  магнит ағыны.

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Мұғалім:  Психологиялық  дайындық, қызғушылықты ояту кезеңі: әр командаға бес сұрақтан тұратын тест сұрақтары беріліді.  (Әр қатардағы оқушылар соңғы партадан бастап, алдыңғысымен аяқтайтындай етіп, бір-біріне жалғастыра, берілген сұрақтарға сауатты, әрі жылдам жауап берген команда жеңімпаз атанады.  Дұрыс жауабы тақтада көрсетіледі. Бағалану  «элементар бөлшектер белгісін»  тапсырумен бағаланады).

  1. Алау жағу – Физикалық тест эстафетасы. (Әр қатардағы оқушылар соңғы партадан бастап, алдыңғысымен аяқтайтындай етіп, бір-біріне жалғастыра, берілген сұрақтарға дұрыс әрі жылдам жауап берген команда жеңімпаз атанады.Алау жағу құрметіне ие болады.)

«Ампер»  командасының сұрақтары:

1.«Электр тогы ұғымын» физикаға енгізген ғалым?

А)Ампер В)Вольта С) Ом

2.Электр заряды қоршаған кеңістікте қандай өріс пайда болады?

А)гравитациялық өріс  В)электр өрісі  С)магнит өрісі

3.Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі кернеу тұрақты болады?

А)тізбектей  В)аралас  С)параллель

4.Металдарда негізгі заряд тасушылар қандай бөлшектер?

А)электрондар  В)кемтіктер  С)электрондар және кемтіктер

5.Шамнан 5 секунд ішінде 45 Кл заряд өткенде ток күші неге тең?

А)225 А  В)9 А  С)15А

«Тесла» командасының сұрақтары:

1.Электр заряды қозғалысқа түскен кеңістікте қандай өріс пайда болады?

А)гравитациялық  өріс  В)электр өрісі  С)магнит өрісі

  1. Үтік токтың қайсы әсеріне негізделген?

А)магниттік  В)жылулық  С)механикалық

3.Ток күшін қандай шамамен өлшейді және ол тізбекке қалай жалғанады?

А)амперметр, параллель  В)вольтметр, параллель  С)амперметр, тізбектей

4.Бейтарап бөлшек қайсы бірі?

А)ион  В) атом  С)электрон

5.Кернеуі 4В, кедергісі 2 Ом болатын өткізгіштегі ток күшін тап.

А)8 А  В)2В  С)2А

«Вебер» командасының сұрақтары:

1.Күш сызықтары тұйықталған өріс құйынды  өріс деп аталады. Құйынды өріске қайсы өріс жатады?

А)гравитациялықөріс  В)электр өрісі  С)магнит өрісі

2.Өткізгіштің меншікті кедергісінің өлшем бірлігі:

А)Ом/м   В)Ом*м   С)Ом

3.Кедергілері 3 Ом және 2 Ом резисторлар тізбектей жалғанғанда жалпы кедергі неге тең болады?

А) 6 Ом  В)5 Ом  С)1,5 Ом

4.Магнит өрісін сан жағынан сипаттайтын шама:

А) магнит индукция векторы  В)электр өрісі кернеулігі  С) ток күші

5.Ферромагнетиктерге жататын заттар:

А)алюминий, темір  В)темір, кобальт  С)мыс, шыны.

3.«Жұмбақ конверт» сұрақтары: (Бірінші және дұрыс жауап берген топтың оқушылары ойынды бірінші бастайды. «Жұмбақ конверт» сұрақтарын бір оқушы оқиды, жалпы топ жауап береді. Жауап бере алмаса екінші топ көмектеседі. Ең жоғарғы ұпай 5 балл).

1 топ:

1.Магнит индукция векторы дегеніміз не?

2.Лоренц күші деп нені атайды?

3.Ампер күшінің модулі неге тең? (формуласын тақтаға жазып түсіндіру)

4.Бұрғы ережесі бойынша магнит индукция векторының бағытын көрсет.

2 топ:

1.Ампер гипотезасын тұжырымда.

2.Магнит өтімділігі дегеніміз не?

3.Сол қол ережесі бойынша Лоренц күшінің бағытын қалай анықтайды?

4.Параллель тогы бар өткізгіштер қалай әсерлеседі?

3топ:

1.Магнит индукция векторының бағытын магниттік тілшенің көмегімен қалай анықтайды?

2.Магнит ағыны дегеніміз не?

3.Сол қол ережесі бойынша Ампер күшінің бағытын анықта.

4.Лоренц күші қай жерлерде қолданылады?

Сөзжұмбақ шешу. (Әрбір топ өздері дайындаған сөзжұмбақтарын қарсы командаларға береді. Екі оқушыдан тақтаға шығады. Біреуі сұрақты оқиды.Топ жауап береді. Екінші оқушы жауабын  жазады. 6 мин.)

Мақал айту және жұмбақ шешу: (2 мақал, 2 жұмбақ. Мақалдың физикалық мағынасын ашу. Жұмбақ та тақырыпқа сай болу керек.).

1.Физиканы білмейсің, дұрыс өмір сүрмейсің.

2.Кеңістікте тараған

Екі өріс табысқан  (электромагниттік өріс)

3.Пайдаланған мені жұрт

Отын және жарыққа

Қызмет етем әрқашан

Түсіне білген халыққа  (электр тогы)

  1. Трамплиннен секіру — «Кім жүйрік!» сайысы

(топ басшыларына тапсырма. 1 минут ішінде физикалық шамалардың өлшем бірліктерін атап шығу керек).     

 

 

 

 

 

  1. Мәнерлеп сырғанау — «Кім көп біледі?» (Әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Топтан бір оқушы шығады. Ол 30 секунда сұрақтарға дұрыс жауап беріп үлгеруі керек)

«Ампер»  тобына:

1.Зарядталған бөлшектердің бағытталып реттелген қозғалысы (электр тогы)

  1. Зарядтың уақытқа қатынасына тең шама (ток күші)

3.Тұрақты температурада өткізгіштің кедергісі қандай шамаларға тәуелді (меншікті кедергіге, өткізгіш ұзындығына, көлденең қимасының ауданына).

4.Ток күшінің кернеуге тәуелділік заңын кім ашты? (Ом)

5.Өткізгіштердегі токтардың бағыттары бірдей болса ол өткізгіштер қалай әсерлеседі? (тартылады)

6.Магниттік тілшенің қандай бағыты магнит индукция векторының бағытын көрсетеді? (оңтүстік полюсынан солтүстік полюсына қарайғы бағыты )

7.Токтың бағытын қандай заряд көрсетеді? (оң заряд).

8.Өткізгіштер параллель қосылса қандай шама тізбектің барлық бөлігінде бірдей болады. (кернеу)

  1. Магнит индукция векторының өлшем бірлігі (Тл)

10.Ток күшін қандай құрылғымен өлшейді? (амперметр)

«Вебер» тобына

  1. Заряд қоршаған кеңістікте пайда болатын өріс (электр өрісі)
  2. Металдарда негізгі заряд тасушылар (электрондар)
  3. Токтың жылулық әрекетін зерттеген ғалымдар (Джоуль-Ленц )
  4. 1 кВт сағат электр энергиясының құны қалай аталады? (Тариф)
  5. Өткізгіштерді тізбектеп жалғағанда қандай шама тізбектің барлық бөлігінде бірдей болады? (ток күші)
  6. Магнит өрісі тарапынан қозғалыстағы зарядталған бөлшектерге қандай күш әсер етеді? (Лоренц күші)
  7. Күш моментінің ток күші мен бет ауданына көбейтіндісінің қатынасына тең шама (магнит индукция векторы)
  8. Жартылай өткізгіштерде негізгі заряд тасушылар (электрондар мен кемтіктер)
  9. Заттың ішінде шыр айнала қозғалатын тұйықталған токтар болғандықтан, онда магниттік қасиет байқалады. Бұл кімнің гипотезасы: (Ампер)
  10. Токтардың бағыттары қарама-қарсы болса онда өткізгіштер қалай әсерлеседі? (тебіледі)

«Тесла» тобына

1.Магниттік өтімділігі аса жоғары заттар  (ферромагнетиктер)

2.Ортаның магниттік қасиетін сипаттайтын шама (магнит өтімділігі)

3.Магнит күш моментінің өлшем бірлігі (Н*м)

4.Бұрғы ережесінде қайсы бағыт магнит индукция векторының бағытын көрсетеді? (бұрғы сабының айналу бағыты)

5.Сұйықтарда негізгі заряд тасушылар  (иондар)

6.Атом сөзі қандай мағынаны білдіреді? ( бөлінбейді)

7.Аса жоғары температурада қатты денелерден электрондардың ыршып шығу құбылысы (термоэлектрондық эмиссия)

8.Тұздар, қышқылдар, сілтілердің сұйықтардағы ерітінділері (электролиттер)

9.Магнит өрісі тарапынан тогы бар өткізгішке әсер ету күші (Ампер)

10.1 квТ сағат электр энергиясының тариф құны 10 теңге. Қуаты 40 кВт электр энергиясы үшін қанша теңге төлеу керек? (400 тг.)

  1. Шорт-трек — Кім зерек!  Мазмұнды есептер. (Әрбір топқа 3 деңгейдегі есептер беріледі).

А  деңгей:

1.Ток күші 3 А болған  ұзындығы 10 см өткізгіш магнит индукция векторы

0,2 Тл магнит өрісіне орналастырылған. Магнит индукция күш сызықтары перпендекуляр бағытталған. Өткізгішке әсер ету күшін тап.

2.Ток күші 5А тогы бар тұйық рамаға әсер етуші күш моменті 2Н*м. Раманың ауданы 4 см2 . Магнит өрісінің индукциясын тап.

3.Біртекті магнит өрісінде 2 мкКл электр заряды 10 м/с жылдамдықпен қозғалады. Зарядқа индукциясы 0,1Тл   магнит өрісі тарапынан күш әсер ету күшін анықта.

В  деңгей:

1.Заряды 10 мкКл және массасы 1 мг электр зарядының тозаңы біртекті магнит өрісінде шеңбер бойымен қозғалады. Өрістің индукциясы 1 Тл,  ал тозаңның жылдамдығының шамасы 5 м/с болса, шеңбердің радиусын анықта.

2.Актив бөлігінің ұзындығы 4 см өткізгіштегі ток күші 20А-ге тең.  Ол индукциясы 10 мТл біртекті магнит өрісінде орналастырылған.Егер өткізгіш сызықтарына перпендикуляр 10 см-ге орын ауыстырс, осындағы істелген жұмысты табыңдар.

3.Индукция сызықтарына перпендикуляр бағытта магнит өрісіне 10 Мм/с  жылдамдықпен электрон ұшып кіреді. Егер электрон өрісте радиусы 1 см шеңбер сызатын болса, онда өріс индукциясын табыңдар.

С  деңгей:

1.Зарядталған бөлшек  0,6Мм/с  жылдамдықпен  индукциясы 0,31 Тл біртекті магнит өрісінде радиусы 4 см шеңбер бойымен қозғалады.Бөлшектің кинетикалық энергиясы 1,2*10-15 Дж-ге тең. Заряд шамасын анықта.

2.Индукциясы  0,1 Тл біртекті магнит өрісінде электрон 2м жол жүргеннен кейінгі кинетикалық энергиясы қаншаға өзгереді? Электрон магнит өрісінде күш сызықтарына  перпендикуляр бағытта 10км/с жылдамдықпен қозғалады.

3.Зарядталған бөлшек потенциалдар айырмасы 15 В  индукциясы 0,5 Тл магнит өрісінде индукция күш сызықтарына перпендикуляр  бағытта қозғалады. Егер электрон радиусы 10 см шеңбер бойымен қозғалатын болса онда бөлшектің зарядының оның массасына қатынасын тап.

 

7.Коньки тебу — Ойлан тап! (формулада белгісіз шаманы анықтау).

 «Ампер» тобына:

 

 

 

  1. Шаңғы жарысы – Құрал-жабдықтар Спорттың бұл түрінен де біздің спортшыларымыз тек биік тұғырдан көріне білді.(құрылғылардың құрылысымен таныстыру , оның жұмыс принципін түсіндіру).

«Ампер»  тобы:  Электронды сәулелік түтікше.

«Вебер» тобы:  Амперметр мен вольметр

«Тесла» тобы:  Тогы бар катушка

9.Азиада ойындарының жабылу рәсімі – Сабақты қорытындылау

    Үйге тапсырма: Электр өрісі мен магнит өрісіне тараулары бойынша Венн диаграммасының сызбасын жасау.

10.Олимпиада әсерлері – Рефлексия 5 мин