Күш, деформация, динамометр, Гук заңы

3 — сабақ

Сабақтың тақырыбы: Күш, деформация, динамометр, Гук заңы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға күш, деформация, динамометр, Гук заңын ойын арқылы меңгерту.

Тәрбиелік: Оқушыны сабақ барысында өз ойын дұрыс жеткізе білуге, ұйымшылдыққа, топпен жұмыс жүргізіп, бір-бірін тыңдай білуге үйрету, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Баланың ойын дамыту, есте сақтау қабілетін қалыптастыру, сөздік қорын молайту, ой қорытып, нақты шешім жасауға үйрету.

Сабақ типі: меңгерту

Сабақ түрі: ойын сабақ

Сабақ әдісі: Модульдік оқыту технологиясы

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, плакат, маркер, қарындаш, оқулық

Пән аралық байланыс: математика, информатика, сурет, қазақ тілі

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

*Оқушыларды түгендеп, сабаққа зейінін аудару.

*Оқушыларды 2 топқа бөліп, топ басшысын сайлау керек.

 

Ескерту: Әр ойыннан жеңген топқа 10 балл, жеңілген топ 7 балл беріледі.

 

ІІ. «Тірек белгілер» ойыны

 

Ойынның шарты: Әділқазылар алқасы сайланады. Тақтада түрлі түсті          6 кубик орналасқан, олардың астарында тақырыптар жасырылған. Әр топ       1 кубикті таңдап, жасырылған тақырыбын ашады. Таңдалған тақырыптың мәтінін мұқият оқып шығып, конспектілейді. Конспектіде сөздер немесе сөйлем болмайды, тек қана суреттермен, шартты белгілермен бейнелейді.

Мәтінді бөліктермен бейнелеуге болады.

Соңында әділқазыларға сызбаларды кезекпен көрсетіп, түсіндіреді. Бейнелеудің ерекше шешім тапқан бірегейлігі есептелінеді. Бағасын әділқазы алқалары қояды.

ІІІ. «Ойлан, тап» ойыны

 

Ойынның шарты: Берілген кестедегі формуланың атауын сәйкесінше сол формуланың жанына тиісті жауабы бойынша орналастыру керек.

 

 

ФормулаЖауабыФормуланың атауы
F = kxА) Бірқалыпты қозғалыс жылдамдығы
FR = F1 + F2Ә) Екі дененің массасының қатынасы
ρ =

 

Б) Заттың тығыздығы
m = ρVВ) Гук заңы
Г) Орташа жылдамдық
X = x0 + VtД) Дененің массасы
Vорт =

 

Е) Тең әрекетті күш
V =

 

Ж) Бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс жылдамдығы

 

 

ІV. «Сен – маған, мен — саған» ойыны

 

Ойынның шарты: Әр топ қарсы тобына 3 сұрақ қояды. (Сұрақ дайындауға 2 минут уақыт беріледі).

 

  1. «Жұмбақтас» ойыны

 

Ойынның шарты: Кестедегі әріптерді көлденең, вертикаль бағыттарда сыза отырып, физикалық термин сөздерді тауып жазады. Қай топ көп тапса, сол топ жеңімпаз атанады.

 

 

 

 

ДОРМАТЕРИЬГАШЫР
ЕФЦАРИСТЕЛАЛУКАМАҒ
АДИФТОҒЫЗАТЕЛАКӨ
МЛЯФДАЫДКОСМЖИЛ
ДЫУЗИЯСТРЫТМБОЛТЕ
ЫЖЕРАНПЕОҚИШНАВМ
ҚАУЙАМОМНКАҮНЗЕП
ЫТТЫСРАККОМИЯКААРМ
ОАБИАССАПЕРНИГРАМ
НТАҒКСЕЛЕТЕХЛОУТ
НААТЕАЖОР

 

Ойынды қорытындылау.