Жас физик
Сыныптан тыс жұмыс.
Тақырыбы: Жас физик
Мақсаты:
Білімділік: 7-сынып оқушыларының «Физика және астрономия, заттың құрылысы, қозғалыс,масса және күш» тарауларынан алған білімдерін пысықтау,тексеру,тиянақтау.
Дамытушылық: Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, зейінін шоғырландыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, өз бетінше ізденуге, мейірімділікке баулу. Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың типі: Қайталау, қорытындылау, білімдерін жинақтау.
Сабақтың әдісі: ойын элементтері, сұрақ-жауап, тест сұрақтары, есептер шығару, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, интерактивті тақта, электронды оқулық,слайдтар,физикалық құралдар, тест сұрақтары, викториналық сұрақтар, есептер жинағы, суреттер,
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, астрономия, химия
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Топтардың сәлемдесуі,белгісін қорғау, ұраны.
Сабақтың өтілуі:
1-сайыс. «Бәйге» Әр топ өздерінің дайындап келген викториналық сұрақтарын кезектесіп қояды.
2-сайыс. «Ойлан тап» Төмендегі сөздердегі әріптерді физикалық шамалардың аттары мен өлшем бірліктері шығатындай етіп, кестеге орналастыру керек.
3-сайыс. «Кім жүйрік» Есептер шығару.
4-сайыс. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
5-сайыс. «Кім мықты» , «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар»
Топ басшыларының сайысы. Тест сұрақтарын шешу.
1-сайыс. «Бәйге» Әр топ өздерінің дайындап келген викториналық сұрақтарын кезектесіп қояды.
/10сұрақтан/ Әрбір дұрыс жауапқа 1ұпайдан беріледі.
2-сайыс. «Ойлан тап» Төмендегі сөздердегі әріптерді физикалық шамалардың аттары мен өлшем бірліктері шығатындай етіп, кестеге орналастырыңдар:
шкү,дықмаджыл,лож,қауты, самас, дықзытғы,лөмке,үйкісел шіүк, лықауры шіүк, мақалс,сықмы, дауан,тоньюн,ермт,ундкес, гк,ермт куб,калсапь, ермт , пімліксерді шіүк.
№ | Физ шама/ң аттары | Физ.шама/ң белгіленуі
| Физ. шама/ң өлшем бірлігі | формуласы |
1 | ||||
2 | ||||
3 | ||||
4 | ||||
5 | ||||
6 | ||||
7 | ||||
8 | ||||
9 | ||||
10 | ||||
11 | ||||
12 | ||||
13 |
Әрбір дұрыс жауапқа 1ұпайдан беріледі.
3-сайыс. «Кім жүйрік» Есептер шығару.
I –топ . «И.Ньютон»
1.Мына жылдамдықты метр секундына (м/с) есебімен өрнектеңдер.
72км/сағ =………… м/с
- 8кг керосин сиятын құтының көлемі неге тең? Керосиннің тығыздығы 800кг/м3.
- Массасы 70кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті =0,3
II-топ. «Б.Паскаль»
- Тығыздықтың осы мәнін кг/м3-пен өрнекте:
2,5 г/см3 = ……….. кг/м3
- 4т мұнай тасу үшін цистернаның сыйымдылығы қандай болу керек?
Мұнайдың тығыздығы 800кг/м3.
- Массасы 2кг денеге қандай ауырлық күші әсер етеді?
Жанкүйерлерге қойылатын физикалық жұмбақтар:
Пайдаланған мені жұрт,
Отын және жарыққа.
Қызмет етем әрқашан
Түсіне білген халыққа ( Электр тогы –электрический ток)
Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньютонға ол келеді. ( Күш- сила)
Көкке қараған, жұлдыз санаған. (Телескоп)
Қара бұлтты жамылып, Сыр тұнған алқа.
Алуан түске малынып,құлпырған алқа.(Кемпірқосақ- радуга)
Дамыл таппай жұтқаның,
Өмір нәрі,ұққаным. (Ауа-воздух)
Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды. (Масса)
Дұрыс жауаптарын тапқан оқушы өз ұпайын қалаған тобына беруге болады.
4-сайыс. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
«Мың рет естігенше,бір рет көзіңмен көрде, қолыңмен жаса»
«Табиғатты зерттеудің ғылыми әдісі — эксперимент»
Тапсырмалар
А) Дененің көлемін анықта.
Берілген құралдар: мензурка, су құйылған ыдыс,пішіні дұрыс емес дене.
Ә) Дененің ауадағы және судағы салмағын анықта.
Берілген құралдар: динамометр, жүк,су құйылған ыдыс
Б) Мыс сымның массасын анықта.
Берілген құралдар: сызғыш,мыс сым,мыс сымның тығыздығы.
5-сайыс. «Кім мықты» , «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар»
Топ басшыларының сайысы. Тест сұрақтарын шешу.
I –топ . «И.Ньютон»
- Зат түрінде, жарық толқындары түрінде бізді қоршаған барша болмыс.
А) Материя В) Зат С) Табиғат құбылысы
- Химиялық элементтің қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлшегі
А) Молекула В) Атом С) Дене
- Сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шама
А) Зат көлемі В) жылдамдық С) зат тығыздығы
- Денелердің жерге тартылу күші
А) Үйкеліс күші В) Серпімділік күші С) Ауырлық күші
- Физикалық құбылыстарды, олардың өзара байланыстарын түсіндіретін жүйелі білім А) физикалық білім В) физикалық теория С) эксперимент
- Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүретін қозғалыс
А) Бірқалыпты қозғалыс В) Механикалық қозғалыс С) Бірқалыпсыз қозғалыс
- кг/м3 – қандай физикалық шаманың өлшем бірлігі?
А) Тығыздық В) Масса С) көлем
- Берілген көлемді түгел қамтып орналасады. Заттың қай күйіне тән қасиет?
А) қатты В) сұйық С) газ
- Дене массасының формуласын көрсет.
А) m = p/V В) m= p*V С) m = F*k
- Сұйықтың көлемін өлшейтін құрал А) спидометр В) мензурка С) сағат
II-топ. «Масса»
1.Пішіні мен көлемін сақтау – заттың қай күйіне тән қасиет?
А) Газ В) сұйық С) қатты
- Қозғалыстағы дененің бастапқы орны мен келесі орнын қосатын бағытталған кесінді А) орын ауыстыру В) жол С) жылдамдық
- Берілген уақыт ішіндегі орын ауыстырудың сол уақыт аралығына қатынасы А) орын ауыстыру В) жол С) жылдамдық
- Дененің тірекке немесе аспаға түсіретін күші
А) серпімділік күші В) салмақ күші С) ауырлық күші
- Бір зат молекулаларының екінші заттың молекулааралық бос орындарына өзара өтуі А) броундық қозғалыс В) диффузия С) инерция
- Жылдамдықты өлшейтін құрал. А) спидометр В) динамометр С) таразы
- м/с – қандай физикалық шаманың өлшем бірлігі?
А) жол В) орын ауыстыру С) жылдамдық
- Серпімділік күшінің формуласы: А) F = m*g В) F = k*x С) F = P*S
- k – қандай физикалық шама? А) серіппенің қатаңдығы В) серіппенің ығысуы С) үйкеліс коэффициенті
- Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым
А) Б.Паскаль В) Э. Торричелли С) И.Ньютон