МАБ майталмандары.

Сабақ тақырыбы: МАБ майталмандары.

 

Сабақ мақсаты:Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып,


7, 8-сыныптарда өткендерін еске түсіру. Алда үлкен сын күтіп тұрғанын еске түсіру

 

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

 

Сабақ түрі: жарыс түріндегі сабақ


 

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап.

 

Сабақ барысы:

 

  • Ұйымдастыру бөлімі (сабақ мақсатымен таныстырып, оқушыларды топтарға бөліп, әділқазы алқасын тағайындау)

Жарыс 5 бөлімнен тұрады:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Таныстыру (топ атын айтып, команда мүшелерін таныстырады)

 

  • Біліміңді тексер (100-500 балға дейін берілген сұрақтарға жауап беріп, қандай деңгейлі балл алса сонша балдық жүйемен бағаланады. Ойлануға 15 секунд)

 

 

 

СұрақЖауабы
I.Космос
1Қандай уақытта Жер Күнді толық бір айналым жасайды?365 тәулік
2Бізге ең жақын жұлдыз?Күн
3Бірінші ғарышкер Ю.А.Гагариннің орбитаға ұшу сапарындағы космостық кемесі қалай аталды?Восток
41969 жылы 21 шілдеде Айдың бетіне алғаш қадам басқан, мына американдық астронавт.Н. Армстронг
52006 жылы өткен ассамблеяның III Халықаралық астрономдар бірлестігінде ол планета деген статусынан айырылды, бірақ көптеген астрономдар ол шешіммен келіспей өз наразылығын білдірген болатынПлутон
I I.Ғалымдар
1Классикалық механиканың негізін салушы?И. Ньютон

 

2Ваннадан шыға сала, “ЭВРИКА” деп айқайлаған ғалым?Архимед
3Самос аралында дүниеге келген ұлы математик және философ, сонымен қатар Олимпиада ойындарының жеңімпазын ата?Пифагор
4Физика тарихына енген ғалым, ағылшын ботанигі?Броун
5Оның “бастамаларында” геометрия және теориялық арифметиканың негізгі заңдылықтары туралы айтылған?Евклид
I I I.Физика табиғатта
1Аса қажет өмірге халық үшін, пайдаланамын күн сайын жарық үшінЭлектр тогы

 

2Грек тілінен аударғанда “электрон” қандай мағынаны білдіреді?Янтарь
3Ағаштардың қайсысы орнықты тепе-теңдік қалыпта бола алады шырша немесе емен?Емен
4Адамның қан айналым жүйесіндегі қысымы  мм.сын.бағ. нешеген тең?Жоғарғы қан айналым қысымы 100-120 мм сын.бағ.

 

5Мына жануарлардың қайсысы жылқы немесе сиыр тапталған және батпақты жерлерде тез жүреді?Сиыр
IV.Жылу
1Шеңбер ұзындығының диаметріне қатынасы?Пи саны
2Мұзда тайғанамау үшін не себеді?Тұз, құм
3Космоста салқын ба? Сіз кемені тастап, ашық космоста термометрді алдым деп ойлаңыз. Ол нені көрсетеді?Температураны вакуумде өлшеуге болмайды
4Шетін көргенмен,

Қусаң жете алмайсың

Көкжиек
5Қалайыны суда балқытуға болама?Иа , егер ішкі қысымды ұлғайтсақ
V.Өлшем бірліктер
1СИ жүйесіндегі ұзындықтың өлшем бірлігі?Метр
2Қуаттың өлшем бірлігі?Ватт
3Алғашқы болып Ньютонның бірінші заңын ашқан кім?Галилей
4Зат мөлшерінің СИ жүйесіндегі өлшем бірлігіМоль
5Олар векторлықта скалярлықта бола аладыФизикалық шамалар
VI.Физика жұмбағы
1Күннен де күшті, желден әлсіз, аяғы жоқ жүреді, көзі жоқ, жылайды?Бұлт
2Жерде жатады: бояй алмайсын, құлата алмайсын, баса алмайсын?Көлеңке
3Бар-жоғын оның білмейсің, онсыз өмір сурмейсіңАуа
4Мамықтай ұлпа, қанттай аппақ,

Қыста жер бетін басады.

Жазда сайға қарай қашады

Қар
5Аяғы жоқ, қолы жоқ, бірақ үйге кіредіЖылу мен суық

 

 

  • Кім жылдам (тақтаға берілген сөздің әріптерін пайдаланып сөз құрау. Бір әріпті екі рет қайталауға болмайды (әрбір дұрыс сөз 10 балдық жүйемен бағаланады)) төмен балл жинаған 3 команда ойынды жалғастыра алмайды, яғни финалға тек 2 команда шығады.

 

 

  • Сұрақ-жауап (10 сұрақ беріледі (әрбір дұрыс жауап 10 балдық жүйемен бағаланады))

10-сұрақ

  1. Кеменің төменгі бөлігі бататын тереңдіктің аталуы? (Ватер сызығы)
  2. Ватт ненің өлшем бірлігі? (Қуат)
  3. Физика нені зерттейді? (физикалық құбылыстарды)
  4. Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне былтыр неше жыл болды? (19 жыл)
  5. Астрономия пайда болды? (уақытты өлшеу үшін және аспан денелерінің қозғалысын бақылау үшін)
  6. Қазақстанда қолданылатын күнтізбе? (григориан)
  7. м/с-ненің өлшем бірлігі? (жылдамдық)
  8. Сұйықтың көлемін өлшеуге арналған құрал? (мензурка)
  9. Сүрінген адам қалай қарай құлайды? (алға)
  10. Денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, не түзусызықты және бірқалыпты қозғалысын жалғастырады. Бұл Ньютонның нешінші заңы? (1 заң)

 

10-сұрақ

  1. Күшті өлшейтін құрал? (динамометр)
  2. Физика нені зерттейді? (физикалық құбылыстарды)
  3. м/с2-ненің өлшем бірлігі? (үдеу)
  4. Күн жүйесіндегі планеталардың орбитасы не тәріздес болып келеді? (эллипс)
  5. Адам жоғары қарай биіктеген сайын не әсер етеді? (қысым)
  6. Изопроцестердің неше түрі бар? (3-түрі)
  7. Булануға кері процесс? (конденсация)
  8. Ньютон заңдары орындалатын санақ жүйесі? (инерциялық санақ жүйесі)
  9. Заттың 3 күйін ата? (қатты, сұйық, газ)
  10. Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал оның массасына кері пропорционал. Бұл Ньютонның нешінші заңы? (2 заң)

 

  • Қорытындылау (сөз әділқазы алқасына беріледі)

 

Құрметті  оқушылар!
Алдарыңда тұрған үлкен сыннан сүрінбей өтулеріңе тілектеспін. Қандай сын болмасын, қасқая қарсы тұра біліңіздер!!!