“Миллион кімге бұйырады?” атты интеллектуалдық шоу (Физика)

 

“Миллион кімге бұйырады?” атты интеллектуалдық шоу
(Физика)

       Мақсаты:

а) Оқушылардың физика пәні бойынша    жалпы білімдерін толықтыру, жалпы курс                                         бойынша түсініктерін кеңейту.

                  б) Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға  оқушыларды дайындау, табыстың негізгі көзі –                       білім екенін түсіндіру.

                  в) Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін  дамыту. Пәнге қызығушылықтарын арттыру. Шектеулі уақыттта дұрыс шешім қабылдауға  үйрету.

Көрнекілігі:

«Миллион кімге бұйырады»   ойынының желісімен   құрылған арнайы авторлық  бағдарлама

Сабақтың әдісі: Ойын

Ойынның барысы:

Алдымен тестілеу әдісі көмегімен іріктеу тест өткізу арқылы залдағы оқушылардың ішінен бүгінгі ойынға қатыса алатын 3 оқушыны таңдап аламыз. Іріктеу тестінде бір сұрақ беріледі. Сұраққа алғаш болып дұрыс жауап берген 3 оқушы бүгінгі ойынға қатыса алады.

Ойынға қатысушы тақтаға шығып, әзірленген орынға отырады. Ойын барысында экранындағы бейне көрініп отырады.

Ойыншы компьютерге отырған соң, өзі туралы қысқаша мәлімет береді. Бұл мәліметтер: ойыншының туған жері, хоббиі, өмірлік ұстанымы, болашақта таңдаған мамандығы туралы.

Әрбір ойыншы шыққан сайын ойын ережесі толықтай таныстырылып отырады. Ойын ережесі:

Ойыншыға кезегімен 9 сұрақ қойылады.

1 сұрақтың құны 100  доллар,

2 сұрақтың құны 200 доллар,

3 сұрақтың құны 300 доллар,

4 сұрақтың құны 400 доллар,

5 сұрақтың құны 500 доллар,

6 сұрақтың құны 600 доллар,

7 сұрақтың құны 700 доллар,

8 сұрақтың құны 800 доллар,

9 сұрақтың құны 1 000 доллар,

тұрады. Сұраққа дұрыс жауап берілсе, сәйкес сома ойыншының шотына түседі. Байқап отырған боларсыңдар, мұнда 4 күймейтін сома бар. Бірінші күймейтін сомаға жетпей ойыншы бір сұрақтан қате жіберсе, оның ұтысы 0 теңге болады. Ал, қатені қандай бір күймейтін сомадан асып тұрып жіберсе, ойыншының ұтысы жеткен күймейтін сомасы болады. 9 сұраққа да дұрыс жауап берген оқушы ең үлкен ұтыс 1000 доллар  алады.

Әр сұраққа ойлануға 30 секунд уақыт беріледі. Уақыт өткен соң ойыншының жауабы сұралады. Ойыншы сенімді жауап берсе, жауап қабылданады. Санаулы секундтардан соң жауаптың дұрыстығын компьютер тексеріп, қорытындысы экранға шығады. Жауап дұрыс болса, ойын әрі қарай жалғасады. Қате болса, ойын тоқтатылады да ойыншы жеткен күймейтін сомасына байланысты ойын чек алады. Ойлану уақыты біткен соң ойыншы сұрақтың жауабын білмесе, ойыншыға үш жеңілдік беріледі. Ойын барысында жеңілдіктер тек бір реттен қолданылады.

 

 

 

 

 

 

Көмектер:

     Бірінші көмек 50х50

            Ойыншы бұл жеңілдікті таңдаса, жүргізуші     сұрақтың дұрыс емес екі жауабын алып тастайды.

     Екінші көмек Досыңа қоңырау шалу.

            Бұл жеңілдікті таңдау арқылы ойыншы сұрақтың      жауабын досынан көмек сұрау арқылы алады. 30

            секунд ішінде жауап алып үлгеруі керек.

     Үшінші көмек Залдың көмегі.

            Ойыншы бұл жеңілдікті таңдаса сұрақтың      жауабын залда отырған көрермендер жауап

            парағына өз нұсқаларын белгілейді.

 

 

 

Іріктеу сұрағы:

Мына жылдамдықтарды ең  кішісінен

бастап орналастыр

10 м/с       0,9 км/мин           18 км/сағ       1200 м/мин

Дұрыс жауабы:

С. 18 км/сағ

А. 10 м/с

В. 0,9 км/мин

  1. D. 1200 м/мин

 

Бірінші ойыншыға қойылатын сұрақтар:

  1. Заттың ұсақ бөлшегі:

А. Молекула   В. Атом    С. Диффузия    D. дене

 

  1. Физика …….. туралы ғылым

А. Табиғат   В. Техника    С. Зат    D. космонавтика

 

  1. Ток күшінің өлшем бірлігі

А. Ампер  В. Вольт   С. Кулон      D. Джоуль

 

  1. Қандай энергия өмір сүрмейді?

А. Жылулық    В. Атомдық    С. Электрлік   D. техникалық

 

  1. Францияда Пулье заңы деп кімнің заңын оқиды?

А. Кулон    В. Джоуль    С. Ом      D. Ленц

 

  1. Ток күшін басқаратын құрал

А. Амперметр    В. Вольтметр    С. Реостат   D. гальванометр

 

  1. Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама

А. Цельсий   В.температура   С. Кельвин       D. диффузия

 

8.Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында  өлшемдерін елемеуге болатын дене?

А. механикалық қозғалыс

В. қозғалыс траекториясы

С. материялық нүкте

  1. D. Инерция құбылысы

 

  1. “Деформация” қай елдің сөзінен алынған?

А. Орыс   В. Латын        С. Грек          D. неміс

 

Іріктеу сұрағы:

Мына ғаламшарларды күнге жақынынан бастап орналастыр

Шолпан      Нептун         Есекқырған               Қоңырқай

 

Дұрыс жауабы:

А. Шолпан

С. Есекқырған

  1. D. Қоңырқай

В. Нептун

 

Екінші ойыншыға қойылатын сұрақтар:

  1. Сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінің дәлелдеген ғалым?

А. Паскаль    В. Архимед      С. Ньютон       D. Галилей

 

  1. 1961 жылы 12-сәуірде не болды?

А. Бірінші космонавт  дүниеге келді

В. Адам космосқа ұшты

С. ЖЖС ұшырылды

  1. D. аң космосқа ұшырылды

 

  1. Кернеудің өлшем бірлігі

А. Ампер    В. Вольт    С. Кулон      D. Джоуль

 

  1. 1785 жылы электростатиканың негізгі заңдарын ашқан, оған иірілмелі таразыны пайдаланған

ғалым?

А. Ампер   В. Ленц     С. Кулон      D. Джоуль

 

  1. Кез келген дене сырттан әсер болмағанда өзінің Жермен салыстырғандағы тыныштық күйі

А. Жылдамдық

В. Орын ауыстыру

С. Инерция құбылысы

  1. D. Бірқалыпты қозғалыс

 

6.Аспан денелерінде және олардың жүйелерінде орын тебетін құбылысты зерттейтін ғылым?

А. Физика    В. Материя      С. Астрономия      D. Гипотеза

 

  1. Жұтылу жарықтың қай заңына бағынады?

А. Сыну   В. Шағылу   С. түзу бойымен   таралу    D. көлеңке

 

  1. Алыстан көрушілерге қандай линза керек?

А. Ойыс    В. Дөңес    С. дөңес-ойыс     D. жазық-дөңес

 

9.Жүк көтергенде айналу осі не жоғары,не төмен қозғалмайтын блок?

А. Блок

В. Жылжымайтын блок

С. Жылжымалы блок

  1. D. Механизм

 

Іріктеу сұрағы:

 

Мына массаларды атауларына сәйкес орналастыр: 1 ширек шай, 1 әшімөңке шай, 1 таймөңке шай, 1 қайнатым шай

25 г            125 г          12,5 г            250 г

 

Дұрыс жауабы:

  1. D. 250 г

В. 125 г

А. 25 г

С. 12,5 г

Үшінші ойыншыға қойылатын сұрақтар:

  1. Кімнің күші кері итеруші  деп аталады?

А. Ньютон    В. Архимед    С. Фарадей      D. Галилей

 

  1. “Алтын ереже” физиканың қай бөлігінде?

А. Электр   В. Оптика    С. Механика     D. молекулалық физика

 

  1. Кедергінің өлшем бірлігі

А. Ампер    В. Вольт    С. Ом    D. Джоуль

 

  1. Өткізгіштерді қалай қосқанда кернеу тұрақты?

А. Дұрыс   В. дұрыс емес   С. Параллель   D. тізбектей

 

  1. Қарапайым механизмдерді пайдалану кезінде күштен қанша есе ұтсақ, қашықтықтан сонша есе ұтыламыз

А. Механикалық энергия

В. Механиканың алтын ережесі

С. Потенциалдық энергия

  1. D. Кинетикалық энергия

 

  1. Инерция заңын ашқан кім?

А. Ньютон   В. Архимед     С. Галилей     D. Паскаль

 

  1. Темірқазық деп қай жұлдызды атайды?

А. үлкен аю   В. кіші аю    С. полярлық  жұлдыз     D. күн

 

  1. Қай линза сәулелерді жинайды?

А. Жазық   В. Ойыс    С. Дөңес     D. жазық-ойыс

 

9.Серпімді дененің ұзаруы мен оған  түсірілген күштің арасындағы байланысты  анықтаған ғалым?

А. И.Ньютон   В. Архимед    С. Р.Гук     D. Н.Коперник