«ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы
Құрметті Ұстаздар , оқушылар «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайысымызды құрметті қонағы болыңыздар. 10-11 сыныптар арасында өтеді.
Қатысушыларды таныстыру: 11 сынып оқушылары
- Сапарғалиев Еркебұлан
- Капашева Тоғжан
- Көшербай Мерей
10 сынып оқушылары:
- Ескендиров Әділбек
- Мұқаш Ғалия
- Ешімбаев Нұрбол
Әділ қазыларды таныстыру: Исмагулова А.Қ.
Бейсембаева С.Б.
Шаханова Б.Қ.
БІРІНШІ КЕЗЕҢ
«БӘЙГЕ»
дей келе біз келесі кезең БӘЙГЕ кезеңін бастайық. Алты адам қатысады.
1. Жүргізуші қатысушыларға қарапайым сұрақтар қояды, әр сауалға жауаптың үш нұсқасы ұсынылады.
2. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 10 ұпай иеленеді.
3. Жауапқа он бес секунд уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар қабылданбайды.
ЕКІНШІ КЕЗЕҢ
«ДОДА» енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.
Алты адам қатысады. Бірінші турда жиналған ұпай екінші турда сақталады. Екінші турда мектеп бағдарламасына сай 6 пәннен сұрақтар қойылады.
1. Қатысушыларға 6 тақырып ұсынылады. Белгіленген блок бойынша ойыншы тақырыпты өзі таңдайды. Таңдау кезегі ойыншының бірінші турда алған орнын
2011 -2012 оқу жылы
«21 – ғасырдың көшбасшысы»
интеллектуалдық сайысынан көрініс
10 — сынып оқушысы
Ешімбаев Нұрбол «21 – ғасырдың көшбасшысы»
сәйкес жүзеге асырылады. Бірінші (соңғы) орын алған ойыншы бірінші болып таңдайды, әрі қарай осылай кезекпен кете береді.
2. Әр тақырыптың ішінде бес сұрақ болады, сұраққа дұрыс жауап берген ойыншының бірінші турда жинаған ұпай санына он балдан қосылып отырады.
3. Жауап ауызша беріледі.
4. Екі тур барысында барынша көп ұпай жинаған үш ойыншы үшінші турға шығады.
ҮШІНШІ КЕЗЕҢ
”ЖОРҒА”
- Турға үш адам қатысады. Екінші турда жиналған ұпай есептелмейді.
2. Қатысушыларға мектептен тыс 4 тақырып берілген. «Салт-дәстүр», «Спорт», «Тұлғалар», «Еркін тақырып» Олардың әрқайсысында күрделілігі бойынша бағаланатын сұрақ жасырылулы. Оған сәйкес 10;20;30;40 балл беріледі.
3. Қатысушылар кезек бойынша тақырып пен сұрақ бағасын таңдайды. Таңдалатын сұрақ саны – 4, әркім өзі таңдаған сұрағына жауап береді. Ойлануға 10 секунд уақыт беріледі.
4. Сұрақтарды ойыншылар кезек бойынша таңдайды және сол кезекпен жауап береді.
5. Дұрыс жауап берген жағдайда ойыншы сұрақ бағаланған мөлшерде ұпайға ие болады.
6. Ойыншы дұрыс жауап бермеген жағдайда, оның қарсыластары өз кезегінде қол көтеру арқылы дұрыс жауап беруге талпыныс жасай алады.
7. Егер екінші ойыншы дұрыс жауап бере алмаса, жауап беру құқығы үшінші ойыншыға өтеді. Ол екінші ойыншы тәрізді ойланбай жауап беруге міндетті.
8. Кез келген жағдайда сұрақта көрсетілген ұпай дұрыс жауап берген ойыншыға өтеді.
9. Турдың (ойынның) жеңімпазы болып үшінші турда барынша мол ұпай жинаған ойыншы танылады.
10. Ұпай саны тепе-тең түсетін болса төртінші тур (овертайм) өткізіледі.