Күш

 

Сабақтың тақырыбы:  Күш.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: өткен тақырыптарды қайталап, жүйелеп және бекіте отырып, «күш» ұғымымен

таныстыру, бірнеше мысалдар келтіре отырып  «күштің анықтамасын»

оқушылармен біріге отырып ашу, физикалық құбылыстың жүру процесін

көрнекі түрде оқушыларға жеткізу;

дамытушылық: қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды түсіну үшін сандық, сапалық

тапсырмалар беру арқылы оқушылардың  білімдерін, ой-өрістерін қалыптас-

тыру, дамыту;

тәрбиелік: пәнге қызығушылығын арттыра отырып, өзіндік ой қорытуға, байқампаз-

дыққа, мақсат қоя білуге баулу, Отанын сүюге тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, видеопроектор, интерактивті тақта, слайдтар, «Архимед шелегі»,

асықтар, қоржын, арба, серіппе, алма ағашы мен алмалардың суреттері, түрлі-

түсті жетондар, шелектер, әр түрлі тапсырмалар.

Сабақтың әдісі: проблемалық жағдай тудыра отырып, әңгіме, баяндау

Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс:дене тәрбиесі, әдебиет, тарих

Сабақтың жүрісі:               І. Ұйымдастыру

  • оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
  • оқушыларды түгендеу;
  • сынып оқушыларын үш қатарға байланысты үш топқа бөлу;
  • оқушылардың назарын сабақ барысында білім алуға бағыттап, бірыңғай талап қою.

                                               ІІ. Білімді тиянақтау (үй тапсырмасын тексеру)

  1. «Сиқырлы шаршы» ойыны (өтілген физикалық шамаларды өлшем бірліктерімен қоса айту)
  2. «Алма таңдау» ойыны (есептер шығару)-магнит тақтадағы алма ағашында өсіп тұрған алмаларды

таңдап, келесі бетінде берілген есептерді жылдам шығару, жауап реті бойынша шелекке салу.

Шелекті бірінші тапсырған оқушы жеңімпаз болып саналады.

Қызыл алмадағы есеп шарты: Массасы 59 г картоптың көлемі 50 см3.

Картоптың тығыздығын анықтап,

оны куб метрдегі килограммен (кг/м3)

өрнектеңдер.   (жауабы: 1180 кг/м3)

Қызғылт алмадағы есептің шарты: Көлемі 1 л өсімдік майының массасы

920 г. Майдың тығыздығын табыңдар,

оны куб метрдегі килограммен (кг/м3)

                                                                     өрнектеңдер. (жауабы: 920 кг/м3)

Сары алмадағы есептің шарты: Массасы 35 кг бензин құю үшін

сыйымдылығы қандай ыдыс алу керек?

Жасыл алмадағы есептің шарты: Ұзындығы 9 см, ені 55 см, қалыңдығы 40 см дененің массасы 40 кг.

Дененің тығыздығын анықтаңдар. (жауабы: 200 кг/м3)

  1. «Кім жылдам?» ойыны. Қоржыннан асық суыра отырып, бірліктерге есеп шығару.

№1 асық: а) 1кг=……….г

25 г=……….кг

4,5 т=………кг

ә) Жездің тығыздығы 8500 кг/м3.  Осыны г/см3-пен өрнекте.

№2 асық: а) 100л =……….м3

1 см3 =……….м3

49 кг =………т

ә) Парафиннің тығыздығы 0,9 г/см3. Осыны кг/м3-пен өрнекте.

№3 асық: а) 7 т =……….кг

270 г=……….кг

1 м3 =………см3

ә) Шойынның тығыздығы 7000 кг/м3. Осыны г/см3-пен өрнекте.

ІІІ. Жаңа тақырыпты ашу.

а) Кіріспе әңгімені «дененің m массасы  артса, онда υ жылдамдығы кемитіндігін» еске түсіруден бастап, өтілген тақырыптарға шолу жасау. Келесі кезекте оқушылардың назарын денелердің өзара әсерлесуіне емес, қарастырылып отырған дененің жылдамдығын қандай дене өзгертіп отырғанына аударта отырып, тағы да бірнеше мысалдарға тоқталу:

  • арбаны қолмен итере отырып, «неліктен арба жылдамдығы өзгерді?» деген сұрақ қою, оқушылардың жауабын толықтыру;
  • допты оқушыларға лақтыра отырып, бұл құбылыстан не түсінгендігін сұрау:

неліктен?

«Неліктен?» деген сұрақтың мәніне тоқталу, осы негізде «күш» ұғымын енгізу, анықтамасын шығарып алу, оның мәнін ашу.

б) Күштің физикалық шама екендігін, оның сан мәнін өлшеуге болатындығын көрсету, «Архимед

шелегі» мен серіппені ала отырып, дене орын ауыстыру үшін оған біршама күшпен әсер ету керек

екендігін анықтау. Денеге қандай жағдайда күштің көп жұмсалатындығын қалай білуге

болатындығын сұрау: «денені орнынан қозғағанда ма, жоғары көтергенде ме, әлде арбамен

қозғағанда ма?»  Оқушылар серіппенің созылу шамасына қарап, күш туралы айта алады.

«Екі дененің қайсысын қозғау оңай, егер жүкті арбаға салса, түсірілетін күш өзгере ме?»

деген сұрақтар қоя отырып, оларға қозғау салу.Бұл әдіс оқушылардың «күш»  ұғымына

ықылас қоюына көмектеседі, күш пен серпімді денелердің деформациясын байланыстыруға

мүмкіндік береді, динамометрдің құрылысын түсіндіруге дайындайды.

в) Сызбада күшті ұшында бағыты көрсетілген түзу кесінді түрінде берілетіндігін слайд бойынша түсіндіріп, күштің сандық мәні мен бағыты туралы айта келіп, оның белгіленуімен және өлшем бірліктерімен таныстыру;

г) Күштің табиғатта кездесетін кейбір түрлеріне шолу жасап, алдағы уақытта олармен жеке-жеке танысатындығымызды ескертіп өту:

 

д) «Күш» сөзіне әдеби балама ретінде «бірлік», «ынтымақтық» деген ұғым тұрғысында қарай отырып, оқушыларға  «күш» сөзін қолданып мақал-мәтелдерді айтқызу, егеменді еліміздің  ынтымақтастығы мен ауызбіршілігіне  басты әсер етуші күш екендігін, оның жемісі -бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойы болып отырғандығын әңгімелету.

20 жыл болды Тәуелсіздік төрімде,

Бақыт құсы самғай ұшты көгімде.

Қиындықтың қандайын-да өткердік,

Жарқын біздің бал жүзіміз бүгінде…-деп, Төле бидің бірлік туралы әңгімесін айту, сынып оқушылары арасындағы ұйымшылдық, ауызбіршілік туралы әңгімелеу.

  • Оқушылар, Тәуелсіз Қазақстанымыздың жарқын болашағы сендердің қолдарыңда, оған сендер үлгілі оқуларыңмен, сапалы білім және саналы тәртіптеріңмен үлес қоса аласыңдар,-дей келіп, оқушыларға бата-тілек беру:

Оқуда зейінді бол!

Еңбекке бейімді бол!

Күштерің біріккен,

Тек жеңіске жететін

Ынтымағы жарасқан,

Топ жаратын сынып бол!

ІҮ. Тірексызбаны тақтаға іліп, тақырыпты шапшаң қайталап шығу

Ү. Жаңа сабақты бекіту

  • Ребус шешу

  (жауабы: күш-физикалық шама)

  • Тест тапсырмаларын орындату
  1. Күш дегеніміз  …………….

А) дененің көлем бірлігіндегі массасына тең шама

В) денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама

С) қашықтыққа байланысты уақыттың өзгерісіне тең  шама

  1. Күшті қандай әріппен белгілейді?

А) m                              В) t                              С) F

  1. Күш бірлігі ретінде ……. қабылданған.

А) килограмм

В) Ньютон

С) метр

  1. Күш сызбада қалай кескінделеді?

А) ұшында бағыты көрсетілген түзу кесінді

В) бөліктерге бөлінген шеңбер

С) пирамида тәрізді

  1. 1,5 кН=……Н

А) 0,015 Н                    В) 15 Н                                   С) 1500 Н

  1. Бірдей екі дене өзара әсерлескенде төмендегі физикалық шамалардың қайсысы өзгереді?

А) жылдамдық            В) масса                     С) тығыздығы

  1. Қандай күш 1 Н-ға тең?

А) тыныштық күйдегі массасы 1 кг денеге 1 с ішінде 1м/с жылдамдық беретін күш

В) массасы 1 кг дененің көлемін  1 м3-ке өзгертетін шама

          С) бірлік уақыт ішіндегі орын ауыстырудың сол уақытта қатынасына тең шама

 

ҮІ. Сабақты қорытындылап, оқушыларды бағалау.

(Оқушылар жинаған жетон сандары мен түстеріне байланысты бағаланады)

 

ҮІІ. Үйге тапсырма §33. Тірексызба

(Оқулықтың соңындағы 206-беттегі «Кейбір есептердің шығару үлгілерінен» №1 есепті талдау)