Сұйықтар мен газдардың қозғалысы.

 

Сабақтың тақырыбы:   Сұйықтар мен газдарың қозғалысы.

Сабақтың мақсаты:

    Білімділік:    Сұйықтар мен газдарың механикалық қасиеттерін, олардың және олардың ішіндегі қатты денелердің қозғалысын жан-жақты сипаттау.

Дамытушылық: Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін (тәндік, когнитивті, психо-әлеуметтік) дамыту. 

Тәрбиелік:  Теориялық білімін практикамен еркін ұштастыруда ұйымшылдықпен жұмыс істей алатын, кәсіби мамандыққа икемді азамат тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережелерін сақтауды назарда ұстау.

 Түрі:  Коучинг сабақ.

Типі: Топпен жұмыс

 Оқытудың әдіс-тәсілі: сұрақ – жауап, схемалармен жұмыс, сәйкестендіру,   іздену, талдау, шығармашылық еңбегін қорғау.

Сабақтың ұстанымы: «Көзге елестеткен мың ойдан, қолмен істеген бір іс артық». М.В.Ломоносов.

Пайдаланған технология: Интерактивті оқыту технологиясы – оқу-танымдық, коммуникативтік-дамытушылық, элеуметтік-бағдарланушылық міндеттерді шеше отырып, оқушы өз еңбегінің табысты болатынын сезетіндей, зияткер болатынына сенетіндей оқытуға жайлы жағдай туғызу.

Көрнекілік:Интерактивті тақта, компьютер, флипчарт, слайдтар, сызбалар.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Гидроаэромеханика – сұйықтар мен газдардың механикалық қасиеттерін, олардың қозғалысын және олардың ішіндегі қатты денелер қозғалысын зерттейтін физиканың бөлімі. Әуе және су көлігінің, зымыран техникасының дамуы физиканың осы бөлімімен байланысты.

 

 

 

 ІІ. Оқушыларды 3 топқа бөлу.

                1-топ. Гидромеханика.

     2-топ. Аэромеханика.

3-топ. Гидроаэростатика.

ІІІ. Топтардың өзін-өзі таныстыруы.

1-топ.  Гидромеханика.

Армандарға қол созумен келеміз,

Білім – теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

«Гидромеханика» тобына қол соғыңыз.

2-топ. Аэромеханика.

«Аэромеханика» биіктерде шарықтасын,

Жеңісіміз көк аспанда қалықтасын.

Жалын оты кеудемізде алауласын,

Жеңісті бізден ешкім ала алмасын!

 

3-топ.  Гидроаэростатика.

Шығып жүрген жақсы аты,

Жиналған ылғи дарындар.

Жүректе от, көздерінде жалын бар

«Гидроаэростатика» тобын

Қол соғып қарсы алыңдар!

 

 ІҮ. «Алтын ереже» қабылдау:

  1. Бірлесе жұмыс жасау;
  2. Қысқа және нақты көтеріліп отырған мәселе бойынша сөйлеу;
  3. Бірін – бірі сыйлау, сөздерін бөлмеу;
  4. Уақытты бағалау;
  5. Берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарау.

 

Ү. Бекітілген регламент

 

ТапсырмаларӘр топқа бөлінген уақытЖалпы уақыт
Таныстыру1 минут3 минут
І-айналым Бағыңды сынап көр»

1. Постерге дайындық

2. Постерді қорғау

 

 

3 минут

2 минут

 

 

9 минут

6 минут

ІІ-айналым

«Сырлы сауалдар»

 

2 минут

 

6 минут

ІІІ-айналым

«Кім жүйрік»

 

4 минут

 

12 минут

ІҮ-айналым

«6 ойлау қалпағы»

 

2 минут

 

6 минут

Қорытындылау3 минут

 

 

 

 

ҮІ. Әр топ белсенділерінің міндетімен таныстыру:

 Суретші – сурет салады.

Баяндамашы – постер қорғайды.

Бақылаушы – топ жұмысын бақылайды.

Интервьюер – сұрақ дайындайды.

Таймкипер – уақытты бақылайды.

Инженер – практикалық іс-әрекетті жасаушы.

 

ҮІІ. І-айналым «Бағыңды сынап көр» Ресурсты тарату. Әр топ өз топ аттарына байланысты тақырыптарын қорғап, постерге түсіріп,тапсырмаларды орындап, практикалық жұмыстарын қорғайды.

 

ҮІІІ. ІІ-айналым «Сырлы сауалдар» әр  топ қарсы топқа қызықты сауалдарын жолдайды.

 

ІХ. ІІІ-айналым. «Кім жүйрік» Әр топқа есептер:

 

  1. Құбыр бойымен мұнай 0,8 м/с жылдамдықпен ағады. Мұнай шығыны 210³т/сағ-ты құрайды. Құбырдың радиусын анықта.

 

  1. Горизонталь құбырдың кең бөлігіндегі су 1,510⁵ Па қысым кезінде 0,08 м/с жылдамдықпен ағады. Құбырдың тар жеріндегі қысым 1,4·10⁵Па. Құбырдың тар жеріндегі жылдамдықты табыңдар.

 

  1. Құбырдың кең жеріндегі судың ағыс жылдамдығы 10 м/с. Диаметрі осыдан 4

есе тар жеріндегі судың ағыс жылдамдығы қандай?

 

Х. ІҮ – айналым. Эдвард де Боно «6 ойлау қалпағы»

Ақ – фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру.

Қызыл – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру.

Қара – негативті ойлау.

Сары – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар.

Көк – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды білдіреді, қорытындылайды.

 

Х. Әр топтың жұмысы бағаланады.

 

Топтың атыІ-айналым «Бағыңды сынап көр»ІІ-айналым «Сырлы сауалдар»ІІІ-айналым. «Кім жүйрік»Қорытынды

ұпай

Гидромеханика.

 

    
Аэромеханика.   

 

 
Гидроаэростатика.   

 

 

ХІ. Үйге тапсырма. Тақырыпты мазмұндау.