Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру

 

Сабақтың тақырыбы: Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру.

Сабақтың мақсаты:

Тұрмыста және күнделікті өмірдегі үйкеліс күшінің маңызын анықтау

Үйкеліс күшінің табиғатын анықтау

Үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянын дәлелдеу

а)Білімділік: Оқушыларға үйкеліс күшінің қандай күш екенін, оның табиғат заңдарындағы маңызын, өмірмен байланыстырып түсіндіру.

 ә) Дамытушылық  сабақ барысында алған білімін пысықтау және қабылдаған ақпаратты салыстыруды үйрету.

б)Тәрбиелік: Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың техникалық құралы:  Компьютер, документ камера,   интерактивтік тақта, экран.

Сабақтың көрнекілігі: Динамометр, білеуше, әртүрлі денелер, электрондық

оқулық,  слайдтар  .

І.Ұйымдастыру   (оқушылармен амандасу, тексеру)

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру;

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау;

ІІІ.Жаңа сабақ;

IV.Бекіту;

V.Үйге тапсырма;

VI.Сабақты қорытындылау (бағалау).

ІІ.Үй тапсырмасын қайталау

Күш және ауырлық  күші тақырыптарын қайталау

а) Күш дегеніміз не ?

б )Күштің өлшеу бірлігі

в ) Ауырлық күші дегенімз не ?

г)Ауырлық күші қандай формуламен өрнектеледі

ІІІ.Жаңа сабақ

 

Сабақтың барысы:

Оқушылар  алдарына сабақ барысында шешетін сұрақтарды қою :

  • Үйкеліс күшінің физикалық табиғатын анықтау
  • Оның пайда болу себептерін
  • Үйкеліс күшін азайтатын және көбейтетін тәсілдер
  • Үйкеліс күштерінің түрлерін
  • Үйкеліс күшінің табиғатта байқалуы және практика жүзінде пайдалануы

Оқушылар мұғалім көмегімен тіреу  конспект орындайды

Тең  күш  түскенде   Fдомаалау< F сырғанау

Пайда болу себептері                          жанасатын беттердің тегіс болмауы

Молекулалардың өз-ара тартылысы

Үйкеліс күштерін өзгерту  тәсілдері               Көбейту (жолдарға құм төсеу,

доңғалақтарға шиптар орнату)

Азайту (материалдары майлау,

Подшипниктер пайдалану)

                IV             Эксперименттік тапсырма       

Мұғалім : Эксперименттік тапсырманы зерттеу үшін келесі тапсырманы орындау керек :

  • Эксперименттік тапсырманы орындау
  • Сұрақтарға жауап беру
  • Қорытындысын дәптерге жазу

а)  Кітапты қолыңмен басып стол бетімен сырғанат . Қандай күштің әсерімен кітап қозғалды?

Оқушы : Кітап және қол арасындағы үйкеліс күші әсерінен

Мұғалім : ә) Білеушені көлбеу жазықтықтың үстіне қоямыз. Аз бұрышта білеуше орнында қалады. Неге ?

Оқушы :      Көлбеу жазықтықта білеушені үйкеліс күші ұстап тұрады

Мұғалім : Динамометр көмегімен білеушені қозғалтамыз ,тыныштықтағы үйкеліс күші сырғанау үйкеліс күшіне айналады және ол қозғалыс бағытына қарсы бағытталған.Үйкеліс күші неге тәуелді ?

Оқушы :      1.Жанасатын бетердің тегіс еместігіне.

2.Заттар материалының тегіне

 

Мұғалім : Білеушенің үстіне бір, екі ,үш жүк қойып үйкеліс күшін  өлшеңдер

(Оқушлардың үстелінде білеуше,динамометр,жүк, трибометр және кестесі бар бланктер)

Білеуше салмағы, Р (Н)Сырғанау үйкеліс күші  Fүйк (H)
1
2
3

Тәжірибені орындағанан кейін оқушылар келесі қорытындыға келеді :

Дененің салмағы көбейген сайын , сырғанау үйкеліс күші көп болады.

 

 

 

 

V   БІЛІМДІ ЖҮЙЕЛЕУ ЖӘНЕ ПЫСЫҚТАУ

Үйкеліс күші дегеніміз не ,ол қалай бағытталған ?

Үйкеліс күшінің табиғаты қандай?

Үйкеліс күшінің қандай түрлерін білесіңдер?

Үйкеліс күшін қандай аспаппен өлшеуге болады ?

 

 

VI      РЕФЛЕКСИЯ

Мен сабақтан қандай жаңалық алдым ……….

Мен сабақтан нені үйрендім ……….

Сабақтан алған білімімді пайдалана алам ………………

 

VII. Үйге тапсырма: §41,42 оқулық. 18-жаттығу.