Сызықтық және бұрыштық жылдамдық. Центрге тартқыш үдеу.

Пәні: Физика

Сабақ тақырыбы: Сызықтық және бұрыштық жылдамдық. Центрге тартқыш үдеу.

Сабақ мақсаты:        а) сабаққа оқушылардың өз еркімен белсене араласуы, білімдерін                   көрсете алуы, топпен ұйымдасып жұмыс істеуі,өзін-өзі басқаруына ықпал ету

ә) Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып ой-өрістерін

дамыту

б) Оқушылардың сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар центрге

тартқыш үдеу тақырыбын игеру барысында алған білімдерін тереңдету.

Көрнекілігі:    Жүйелі білім «жедел пойызының жол схемасы» тайқазан» суреті. Негізгі                               ұғымды бекіту.

Сабақ түрі:       Кіріктірілген сабақ сайыс сабақ.

Сабақ әдісі:       Саяхат сабақ топтап оқыту әдістемесі.

Сабақ барысы:  1: Ұйымдастыру

                            2: Үй жұмысын тексеру.

  • 7 сұрау.

3: Жаңа сабақ.

Механикада бұрылу бұрышын  радионмен өлшеу келісілген.

Радиан- lдоғасының ұзындығы R радиусқа тең болатын φ центрлік бұрыш.

Бұрылу бұрышының уақыт өтумен өзгеруін бұрыштық жылдамдық арқылы сипаттайды.

Бұрыштық жылдамдық деп дененің бұрылу бұрышының  осы бұрылуға кеткен уақытқа қатынасымен өлшенетін шаманы айтады. Бұрылу бұрышы  φ рпімен белгіленеді.

Дененің бірқалыпты айналысы кезіндегі бұрыштық жылдамдығы.

ɷ=φ/t Дененің  бірқалыпты  айналысы кезіндегі  бұрыштық  жылдамдығы

                                                 [ɷ]=1рад/1с=1 рад/с

Шеңбер бойымен толық бір айналым 2П радианды құрайды. Нүктенің толық бір айналым кезіндегі уақыт t=T болғандықтан  бұрыштық жылдамдықты мына өрнектермен де  анықтауға болады.

ɷ=φ/t=2π/Τ=2πν

         υ=ɷR   Сызықтық жылдамдық

Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалатын дененің үдеуі шеңбердің кез келген нүктесінде радиус боиымен оның центріне қарай бағытталады. Сондықтанда оны центрге тартқыш үдеу деп атайды.

        ац.т.  = υ2  /R  

                              4 «Жүйелі  білім» пойыздары

Балалар осы тақырып бойынша алған білімімізбен жүиелі білім пайызына мініп, сонау қасиетті Түркістан шахарына қарай саяхат жасайық. Ондағы Қожа Ахмет Иассауй кесенесіне барып  Тайқазаннан өз үлесімізді алып қайтайық.

Тарихи мәдени мұраларды зерттеу игеру жөніндегі Президенттің 2003 жылғы айындағы жолдауында айтылған.Осыған байланысты үкімет мәдени мұра бағдарламасын  қабылдап оған 3 млрд теңге ақша бөлді. Енді біз бүгінгі сабағымызда осы бағдарламаға сай мәдени ескерткіштерге барып өз үлесімізді қосайық.

Сыныпты А және Б топтары екі пойыз  Жүйелі білім  жедел пойыздары. Қай пойыз мәреге бұрын жетеді.

А пойызының контролері тексерушісі-Аяпбергенова А

 

Б пойызының  контролері  тексерушісі – Муханбетжанова Қ

 

Ал осы  тексерушілердің  білімін  темір жол  торабының  бастығы  мен бағалаймын.

І бекет. Қазалыдағы  көне  Жанкент  қаласы. Бұл ертедегі  үлкен  мәдени  орталық  сипатына  лайықты  қала  болған. Ендеше бұл көне Жанкент қаласындағы  тапсырма  тест  түрінде болады.

ІІ  бекет. Қармақшыдағы Қорқыт  ата  ескерткіші. Қорқыт  атақты  қобыздан күңіреткен күйші болған. Бұл станциядағы тапсырма есептер  шешу. Бұл тапсырманы контролер – тексерушілер орындайды.

А тобына  6-жаттығу №4 есеп

В тобына 6-жаттығу №5 есеп

ІІІ бекет. Шиелідегі Оқшы ата мазары. Бұл күмбезді ескерткіштердің бірі болған. Ендеше бұл бекеттегі  тапсырма  формулалар сайысы.  Өткен тақырыптар бойынша  формулалар жазу.

ІҮ бекет. Соңғы бекет бұл «кіші Мекке» аталған Қожа Ахмет  Иассауи  кесенесі Бұл кесенені тұрғызуға  бұйрық берген Әмір Темір. Қазір көптеген адамдар онда барып, «Тайқазанды» көріп, саяхат жасайды. Ал біздер бұл жерден сабағымызды бекітіп, сұрақтарға жауап береміз.

 

Төрт бекеттен  өткен соң  «Тайқазандағы»  бізді  асықтырған  өнегелі  сөзді  оқып, сол топ бүгінгі өткен сабақта жеңіске жетіп «өте жақсы» деген баға алады.