Күш. Деформация.
Сабақ тақырыбы: §§33.34. Күш. Деформация.
Сабақ мақсаты:
- Күш, күштің өлшем бірлігі, күшті өлшейтін құралдар, деформация туралы түсінік беру.
- Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
- Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,
Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды қалай меңгергендерін тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Күш – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.
Әр түрлі денелердің қозғалыс жылдамдығын бірдей шамаға өзгерту үшін оған әр түрлі күштер түсіруіміз керек. Мысалдар:
Күш сандық мәнімен және бағытымен сипатталатын физикалық шама.
Сызбада күш ұшында бағыты көрсетілген түзу кесінді түрінде беріледі.
Күш өлшем бірлігі 1 Н.
Дене пішінің немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация деп атайды.
Деформация түрлері: пластикалық және серпімді.
IV.Пысықтау.
V.Қорытындылау.
VІ. Үйге тапсырма. §§33.34. Күш. Деформация.
VІІ. Бағалау.