Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші. Басқа планеталардағы ауырлық күші.
Сабақ тақырыбы: §§38.39. Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші. Басқа планеталардағы ауырлық күші.
Сабақ мақсаты:
- Оқушыларға ауырлық күші, денеге әрекет ететін ауырлық күші мен оның массасы арасындағы қатынас, басқа планеталардағы ауырлық күші туралы түсінік беру.
- Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
- Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,
Техникалық құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды қалай меңгергендерін тексеру.
- Қандай күшті тең әрекетті күш деп атайды?
- Бір түзудің бойымен бір жаққа қарай бағытталған екі күштің тең әрекетті күші неге тең?
- Бір түзудің бойымен қарама-қарсы жаққа қарай бағытталған екі күштің тең әрекетті күші неге тең? Ол күш қай жаққа қарай бағытталады?
- Денеге бірнеше күштің әрекет етуіне мысал келтіріңдер.
- Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Әлемдегі денелердің бір-біріне тартылуы бүкіл әлемдік тартылыс деп аталады.
И.Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын тұжырымдады.
Денелердің Жерге тартылу күшін ауырлық күші деп атайды.
Ға – ауырлық күші. Бірлігі [Н]
g тұрақтының мәні тұрған орынның географиялық ендігіне байланысты.
- Солтүстік полюсте g=9,832 Н/кг
- Экваторда g=9,780 Н/кг
- 450 географиялық ендікте g=9,806 Н/кг
g тұрақтының мәні дененің Жер бетінен көтерілу биіктігіне байланысты.
Теңіз деңгейінде g=9,8066 Н/кг
Хан тәңірі шыңында g=9,78Н/кг.
|
Денелер тек қана Жерге емес аспан денелеріне де тартылады. Әр түрлі планеталарда массалары бірдей денеге әрекет ететін ауырлық күші де әр түрлі болады.
Мысалы:
Масса дененің негізгі сипаттамасы және дененің қай орында болатынына тәуелсіз болғандықтан, әр түрлі аспан денелері үшін тұрақты g-ның мәні де түрліше болады.
Жердегі —
Меркурийде —
Шолпандағы —
Марстағы —
Юпитерде —
Сатурнда —
Уранда —
Нептунда —
Плутонда —
Айда —
IV.Есептер шығару.
15-жаттығу. №1-№4.
VІ. Қорытындылау.
VІІ.Үйге тапсырма. §§38.39. 16-жаттығу. №1-№3.
VІІI. Бағалау.