Қатынас ыдыстар.

Сабақ тақырыбы:  §48. Қатынас ыдыстар.

  1. Оқушыларға қатынас ыдыстар, қатынас ыдыстардың қасиеттері туралы түсінік беру.
  2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

1ІІ. Жаңа сабақ.

Қатыныс ыдыстар

 

 

 

Кез келген пішінді қатынас ыдыстардағы тыныш тұрған біртекті сұйықтың еркін беттері бірдей деңгейде болады.

 

 

Егер қатынас ыдыстардың тармақтарына әр түрлі сұйықтар құйылса, бұл сұйықтардың деңгейлері  бірдей болмайды.

Қысымдары тең болғанда, тығыздығы үлкен сұйық бағанының биіктігі тығыздығы аз сұйық бағанының биіктігінен кем болады.

 

Қатынас ыдыстардағы әртекті сұйық бағандарының биіктігі олардың тығыздықтарына кері пропорционал.

ІV. Пысықтау.

  1. Қатынас ыдыстарға қандай мысалдар келтіре аласыңдар?
  2. Қатынас ыдыстардың үш тармағы бар. Оларға су, керосин және сынап құйылған. Осы әр текті сұйықтардың еркін беттері қалай орнаасады?
  3. Қатынас ыдыстардың қасиетері қандай қондырғыларда қолданылады?

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: §48. 47-тапсырма.