Есептер шығару.
Есептер шығару.
Сабақ мақсаты:
- Оқушылардың «Қысым» тарауы бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығару барысында қолдана білуге дағдыландыру.
- Оқушыларды өз бетінше ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
- Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: бекіту
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: карточкалар, В.И.Кем, Б.А.Кронгарт. Есептер мен жаттығулар жинағы,
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен формулаларды еске түсіру.
ІІІ. Есептер шығару.
№566. Массасы 6000 кг жер тегістегіш машина тіреуінің ауданы 2000 см2. Оның топыраққа түсіретін қысым қандай?
№569. Төменде санмен берілген қысымдардың қайсысы үлкен, қайсысы кіші: 6 кН/м2, 60 Н/см2, 600 Па?
№575. Массасы 78 кг спортшы шаңғыда тұр. Әр шаңғының ұзындығы 1,95 м, ені 8 см. Спортшы қарға қандай қысым түсіріп тұр?
№586. Көлемі 6 м3, табанының ауданы 1,5 м2 гранит бағананың топыраққа түсіретін қысым қандай?
№611. Деңгейі 10 см, тығыздығы 1800 кг/м3 сұйықтың цилиндр пішіндес ыдыстың түбіне түсіретін қысымын есептеңдер.
№627. Гидравликалық престің кіші піскегінің көлденең қимасының ауданы 10 см2 және оған түсіретін күш 200 Н. Үлкен піскегінің ауданы 200 см2. Оған қандай күш әсер етеді?
№632.Аквариум ернеуіне шейін суға толтырылған. Ұзындығы 50 см, биіктігі 30 см аквариумның қабырғасына шамамен қандай күш түседі?
№716. Өлшемі 3,5х1,5х0,2 м3 темір бетонды тақта толық суға батырылған. Тақтаға әсер ететін архимед күшін есептеп шығарыңдар.
№712. Судағы көлемі 100 м3 ағаш кесек пен көлемі сондай темір затқа әсер ететін кері итеруші күштері бірдей ме?
IV.Карточкамен жұмыс жасаған оқушылардың жұмысын тексеру.
- Қорытындылау.
VII. Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма: тест жұмысына дайындық.