Су көлігі. Ауада ұшу.

Сабақ тақырыбы:  Су көлігі. Ауада ұшу.

 Сабақ мақсаты:

  • Оқушыларға шөгім, су ығыстырым, ватерсызық, , кемелердің жүзуі, көтеріші күш, ауада ұшу туралы ұғым қалыптастыру.
  • Өмірден мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту.
  • Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап,

Техникалық оқыту құралдары: компьютер, видеопроектор, экран

Демонстрациялар: «Гидростатика» жиынтығы бойынша сүңгуір қайықтың жұмысын демонстрациялау.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Денелердің жүзу шарттарын тұжырымдаңдар.
  2. Сұйық ішінде жүзіп жүрген денеге әрекет ететін ығыстырушы күштің шамасы неге тең?
  3. Дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан артық болса, дене сұйықта жүзіп жүре ме, әлде батып кете ме?
  4. Дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан кем болса, дене сұйықта жүзіп жүре ме, әлде батып кете ме?
  5. Ареометр деген не?
  6. Оның құрылысы мен жұмыс істеу принципі туралы айтып беріңдер.
  7. Лактометрлер деген не?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Кеменің төменгі бөлігі батқан тереңдік шөгім деп аталады. Рұқсат етілген шөгім кеменің корпусында қызыл сызық- ватерсызықпен белгіленеді.

Кеме ватерсызыққа дейін суға батқанда, кеменің жүгімен қоса есептегендегі салмағына тең ығыстырылған судың салмағы су ығыстырым деп аталады.

Сүңгуір қайықтардың жүзу шарттары.(Демонстациялау).

 

 

Ауа шарының

құрылысы:

1-қабық немесе баллон

2-аспалы жүйе

3-адам отыратын орын.

 

 

Ауада қалқып жүрген шарға ығыстырылған ауаның салмағына тең архимед күші әрекет етеді. Бұл күш тік жоғары бағытталған. Шарға әрекет ететін ауырлық күші шарды төмен қарай тартады. Осы күштердің айырымынан көтеруші күш пайда болады:

1783 жылы ағайынды

қағаз шар

1783 жылы ағайынды

Монгольфьелер үлкен қағаз

шар ойлап тапты. Шардың астына

жанған спирті бар ыдыс қойды.

Шар жанған ауамен толып,

2000 м биіктікке көтерілді.

Ұшу аппараттарының бір түрі –дирижабльдер. Дирижабль қозғалтқыш айналдыратын пропеллердің көмегімен қозғалады. Оны басқаруға болады. Басты жетістігі –үлкен жүк көтергіштігі.

 

Ұшу аппараттарының бір түрі –дирижабльдер. Дирижабль қозғалтқыш айналдыратын пропеллердің көмегімен қозғалады. Оны басқаруға болады. Басты жетістігі –үлкен жүк көтергіштігі.

V.Есептер шығару.

31-жаттығу.

№2, №3.

32-жаттығу.

№2.

  1. Қорытындылау.

VII. Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма: §58. §59.Су көлігі. Ауада ұшу. 31-жаттығу.