Металлургия. Өндірісте металды алу әдістері

 

Cабақтытың тақырыбы:  Металлургия. Өндірісте металды алу әдістері

Сабақтың мақсаты:         1. Металдарды алудың негізгі тәсілдері және

металлургия туралы түсінік беру.

2.Металдардың алу жолдарын химиялық

реакция теңдеулермен сипаттай білу

және    өндірісті есептер  шығару

дағдыларын     қалыптастыру.

  1.   Өз бетімен жеке жұмыс жасуға,

бірін-бірі бағалауға  тәрбиелеу.Кәсіптік

бағдар         беру.

Сабақтың көрнекілігі:   слайдтар

Сабақтың пәнаралық байланысы:  Физика, география.

Сабақтың түрі :               аралас

Сабақтың әдісі:                Химиялық диктант, сұрақ-жауап,тірек- сызбамен   талдау, СТО стратегиясының элементтері.

Сабақтың барысы:           І.    Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ.   Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.  Жаңа сабақты түсіндіру

ІV.  Бекіту

Ү.Үйге тапсырма беру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1.Химиялық диктант.( оқушыларға  жеке парақтағы тапсырманы толтырады,  бірі-бірін бағалайды)

Химия өнеркәсіптің  ғылыми негізін химиялық технология құрайды. Технологиялық процеске өнеркәсіптік масштабта енгізілген химия ғылымын өндірістік химия деп атайды.Жалпы технологиялық принциптерге жатады: процестің үздіксіз принципі, қарсы ағыс принципі, жалға қайнайтын қабат принципі, реакция жылуын іске жарату принципі, өндірістік қалдықтарды қолдану принципі.Химиялық өнеркәсіп шикізаты болып есептеледі-бұл пайдалы қазбалар. Пайдалы қазбалардың жер қыртысында немесе бетінде жинақталуы-кен орындары деп атайды. Пайдалы қазбалар қатты, сұйық, газтектес болады.Пайдалы қазбаларды әр түрлі бөгде заттардан тазартып, бағалы компоненттердің үлесін арттыру процесін байыту деп айтады. Байыту процесі үш сатыдан тұрады.І саты-майдалау, ІІ саты-ұнтақтау, ІІІ сатысы-бөлу. Байытудың ең көп таралған жолы флотация. Флотацияның басты жетістігі кеннен кез келген минералды бөледі. Қоршаған ортаға бөлінген қалдықтарды міндетті түрде заласыздандыру қажет./12  сөйлем дұрыс-5, 11-8 сөйлем дұрыс-4, 7—5 сөйлем дұрыс-3/

2.Теориялық сұрақ-жауап:

*    Технологиялық принциптердің мағынасы неде?

а/ процестің үздіксіз принципі,

б/ қарсы ағыс принципі,

в/ жалға қайнайтын қабат принципі,

г/ реакция жылуын іске жарату принципі,

д/ өндірістік қалдықтарды қолдану принципі

*Ђ*Жердің қандай ресурстары қалпына келетін, қайсылары қалпына келмейтін ресурстарға жатады?

  • Қалдықтар, екіншілік ресурстар, техногендік кен орындары деген терминдерді қалай түсінесіз?
  • Егер сіз болашақта химиялық өнеркәсіппен айналассаңыз қандай принциптерді басшылыққа алар едіңіз?
  • Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қандай халықаралық және Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттары бар?

 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

1.«Металлургия» сөзіне ассоцияация құру.

Слайдта: Грекше metallon –кендік, металл және erqon-жұмыс.

Металлургия-кеннен металды жасанды балқыту (алғашқы)

Металлургия-бұл металдар, құймалар және олардан бұйымдар алудың барлық процестерін қамтитын ғылым мен техниканың және өнеркәсіптің саласы.

Металлургияның қара және түсті болып бөлінуі: қара металлургияда темірдін құймалары — шойын мен болот өндіру іске асырылады, ал тусті металлургияда темірден баска барлық металдар мен   олардың құймалары өндіріледі.(слайд)

Металдарды алу әдісі (слайд)

1.Пирометаллургия:

1.1.Металлотермия (алюмотермия, магнийтермия)

1.2. Сутекпен тотықсыздандыру

1.3. Кокспен немесе кремниймен тотықсыздандыру

1.4. Көміртек /ІІ/ оксидімен тотықсыздандыру

1.5. Оксидтерді ыдырату

1.6. Галогенидтерді ыдырату

2.Гидрометаллургия

3.Электрометаллургия:

1.1. Балқымалардың электролизі

1.2. Ерітінділердің электролизі

 

Пирометаллургиялық (грекше «пир» — от, металлургия метал­дарды өндеу) әдістер тобы. Оған металдарды жоғары температурада тотықсыздандыру процестері жатады.

1.Металлотермия / темір, хром, марганец, вольфрам/

Алюминтермия тотықсыздандыргыш ретінде алюминий қолданылса

Cr2O3+2AI=2Cr+AI2O3

Магнийтермия

MnO2+2Mq=2Mqo+Mn

2.Сутекпен тотықсыздандыру суте-термия деп аталады ( қорғасын, мыс, вольфрам, марганец, темір, кобальт, молибден, хром, титан)

WO3+3H2=W+3H2O

  1. Кокспен немесе кремниймен тотықсыздандыру (мыс, мырыш, қалайы, висмут, темір, кобальт, никель)
  2. Көміртек /ІІ/ оксидімен тотықсыздандыру ( темір, феррокұймалар)

Fe2O3+3Co=2Fe+3Co2

5.Оксидтерді ыдырату (сынып, күміс)

  1. Галогенидтерді ыдырату (титан, алтын, т.б галогентудырушы тұздар)

2.Гидрометаллургия Күміс, мыс, мырыш, кадмий, молибден, ванадий

3.Электрометаллургия

1.Балқымалардың электролизі / сілтілік, сілтілік жер металдар, алюминий, магний, мыс, т.б/

2NaCI=  2Na+CI2

  1. Ерітінділердің элетролизі ( э/х кернеу қатары бойынша магнийден күміске дейін)

 

Mn  Eu Ti AI  Li  La U  Ge  ( химиялық элементтердің бірінші әріпінен сөз құраңыз)

Металлург-бұл мамандықты Жұбанов атындағы Актөбе қаласындағы Мемлекеттік Университетте инженер-технолог факультетінде  оқып игереді. 240140 «Қара металдар металлургиясы» , 050709 «Металлургия» және Қарағанды қаласындағы металлургиялық институтта, мамандығы «Шойын металлургі» және «болатты және металдарды қысым арқылы  өндеу». ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мамандығы металлург.

 

  • ІҮ. БекітуЂЂЂЂЂллллӨндірістік

Өндірістік мағынасы бар есептер шығару:

1)1т магнетиті (Fe3O4) тотықсыздандырғанда 624 кг темір алынған болса, шығымын есептеңдер. (86,19%)

2)19,6 г мыс /ІІ/ гидроксидін термиялық жолмен айырғанда түзілген мыс /ІІ/ оксидін тотықсыздандыруға сутектің қандай көлемі ( қ.ж.) жұмсалады

3)Металдардың алу әдістеріне мысалдар келтіріңіз.

  • Ү. Үйге тапсырма: Сабақта қолданылған терминдерді орыс, ағылшын тіліне аудару
  • Параграф 9.3.
  • Өндірістік мазмұны бар 2-3 есептер шығару ҰБТ тестерінен