Тарауды бекіту. Химиялық алғашқы ұғымдар

 

Сабақтың тақырыбы: Тарауды бекіту.  Химиялық алғашқы ұғымдар

Сабақтың мақсаты:

  1. «Химиялық алғашқы ұғымдар» тарауы бойынша алған білімдерін тереңдету.
  2. Химиялық эксперимент кезінде сарамандық білігін қалыптастыру; химиялық формула, теңдеу құру дағдыларын, есеп шығару, химиялық тәжірибе жасау біліктерін дамыту.
  3. Өздігінен жұмыс жасап, ең негізгісін ала білу, қорытынды жасай білу; халықтық тәрбие беру, ғылымға, пәнге қызығуға тәрбиелеу

Пәнаралық байланысы: матем., физика, биология

Пайдаланатын көрнекіліктер: периодтық кесте, сабақтың жоспары, дидактикалық үлестірмелер, химиялық реактивтер, химиялық ыдыстар, жетондар

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: Ұжымдық әдіс; «Бақытты сәт», «Полиглот», т.б. ойын түрлерін қолдану

Сабақ барысы: Оқушыларды екі топқа бөлу

 

Оқушаларды бағалайтын кесте

 

Оқушылардың аты-жөніI

кезең

II

кезең

III

кезең

IV

кезең

V

кезең

1.

2.

3.

 

Сабақ мынадай өлең жолдарымен басталады:

Жер қойнауына химия,                                      Қызыр болып қазағыма,

Өткір назар салсаңшы                                        Қазына көзін ашсаңшы- деп химиядан алғашқы ұғымдар бойынша алған білімімізді жинақтау үшін бірінші сайысымызды бастаймыз.

I кезең    «Бақытты сәт» ойыны арқылы   «Химиялық алғашқы ұғымдар» тарауына шолу. Екі топ та қойылған сұрақтарға тез жауап беруі керек. Дұрыс жауап берген оқушыға ұпай қою үшін жетондар беріледі.

1-топқа қойылатын сұрақтар:

  1. Физикалық денелерді құрайтын нәрсе? (Зат)
  2. Заттардың бір-бірінен айырмашылығын көрсететін белгілер … деп аталады. (Қасиеттері)
  3. Құрамына кіретін заттардың бөлшектері микроскоп арқылы да көрінбейтін қоспа қалай аталады? (Біртекті)
  4. Көмірдің жануы қай құбылысқа жатады? (Химиялық)
  5. «Бөлінбейтін» ең ұсақ бөлшектер. (Атомдар)
  6. Екі жай зат бір-бірімен әрекеттесу нәтижесінде, бір күрделі заттың түзілуі қандай реакция типіне жатады? (Қосылу)
  7. Оттегінің салыстырмалы атомдық массасы. (16)
  8. Мыстың латынша аты? (Купрум)
  9. Плюмбум — … (Қорғасын)
  10. О әрпімен белгіленетін элемент. (Оттегі)
  11. Таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазылған реакциялар. (Химиялық теңдеулер)

2-топқа қойылатын сұрақтар:

  1. Заттардың агрегаттық күйлері? (Сұйық, газ, қатты)
  2. Заттардың өзара ұқсастығын көрсететін белгілер … (Қасиеттері)
  3. Құрамына кіретін заттардың бөлшектерін жай көзбен көруге болатын қоспалар қалай аталады? (Әртекті)
  4. Жаңбырдың жаууы қандай құбылысқа жатады? (Физикалық)
  5. Бір күрделі зат пен жай заттың әрекеттесуі, қандай реакция типіне жатады (Орынбасу)
  6. «Эс» таңбасы… (Күкірт)
  7. Кремнийдің латынша аты (Силициум)
  8. Мырыштың таңбасы (Zn)
  9. Химиялық теңдеуді теңестіру үшін қойылатын сандар? (Коэффициенттер)
  10. «Аргентум» … (Күміс)
  11. Темірдің салыстырмалы атомдық массасы? (56)

II кезең. Деңгейлік есептер шығару.

1-топтың деңгейлік тапсырмасы

1-деңгейлік есеп: Мына химиялық элементтердің таңбаларын жазыңыздар: алюминий, кальций, фосфор, кремний, хлор.  (3 ұпай)

2-деңгейлік есеп: Валенттіліктері бойынша мына химиялық элементтерден формулалар құрастыр:                      I    II       IV           III              II       III

NaO,     C O,      PH,     HS,     AlO         (4 ұпай)

3-деңгейлік есеп: Элементтердің валенттіктерін ескеріп, мына сызба бойынша реакция теңдеуін құр және коэффициенттерін қой:

Al + Cl2 →                          (5 ұпай)

 

2-топтың деңгейлік тапсырмасы

1-деңгейлік есеп: Мына химиялық элементтердің таңбаларын жазыңыздар: азот, калий, темір, оттегі, мырыш.                  (3 ұпай)

2-деңгейлік есеп: Валенттіліктері бойынша мына химиялық элементтерден формулалар құрастыр:

 

 

I          IV             III          III           IV

KO,     S O,      NH,     FeO,     SiO         (4 ұпай)

 

3-деңгейлік есеп: Элементтердің валенттіктерін ескеріп, мына сызба бойынша реакция теңдеуін құр және коэффициенттерін қой:

Li + O2 →                          (5 ұпай)

 

III кезең  «Полиглот» ойыны. Сұрақтарда кездесетін элементтердің қазақ, орыс, латын тілінде айту керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпай, жартылай жауапқа 5 ұпай.

  1. Сұйық металл  (сынап – ртуть — гидраргирум)
  2. Ауаның негізгі құрам бөлігі  (оттегі – кислород — оксигениум)
  3. Қай элементтің жетіспеуітіс ауруына ұшыратады?  (фтор – фтор — фторум)
  4. Сүйек қатайтатын элемент  (кальций – кальций — кальциум)
  5. Қай элемент бактерияларды өлтіріп, денсаулығымызды қорғайды?  (хлор – хлор — хлорум)
  6. Ақыл арымас, алтын шірімес  (алтын – золото — аурум)
  7. Темірді қызған кезінде соқ  (темір – железо — феррум)
  8. Мысықтың кейінгі екі әрпін алып тастаса, қандай элемент шығады?  (мыс – медь — купрум)

 

IV кезең  Тестілермен жұмыс. Екі ұжымдық топқа жазбаша тест сұрақтары беріледі, топ оқушылары бір-бірінің жауаптарын тексереді. Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі

  1. Мына оксидтердің ішінде бір валентті металдарды көрсетіңіздер:

а) CaO, MgO                    ә) Fe2O3, H2O                б) K2O, Li2O                 в) NaCl, CO2

  1. Жай заттар:

а) O2, H2                  ә) CO2 , HCl      б) K2 SO4, NaCl               в) Cl2, Fe

  1. Француз ғалымы Куртуа 1811жылы    ашты. Ол теңіз балдырларының күлін зерттейтін-ді. Бір күні ол күлге байқамастан қышқылды көбірек құйып жіберіп еді, ыдыстың бетінде күлгін бу пайда болды. Бу суығаннан кейін металдық жарқылы бар қара кристалл түрінде ыдысқа шөкті. Бұл элемент гректің «күлгін»деген мағынадағы сөзі. Медицинада, шыны алуда, фотографияда, үй тұрмысында кеңінен пайдаланылады.

Бұл қай элемент:    а) хлор                ә) йод                б) бром

 

V кезең.  «Химик-экспериментшілер». Химияны жаңа бастаған жеткіншектердің химия лабораториясындағы топтық жұмысы.

1-топ    1-ші тапсырмасы

Тұз бен құмның қоспасы берілген. Екеуін бөліп алу керек. Бұл қандай қоспа? Мұндай бөліп алу әдісі қандай әдіске жатады?

2-ші тапсырмасы

Темір мен күкірттің қоспасы берілген. Екеуін бөліп алу керек. Бұл қандай қоспа? Мұндай бөліп алу әдісі қандай әдіске жатады?

2-топ     1-ші тапсырмасы

Тұз ерітіндісі берілген. Тұзды ерітіндіден бөліп алу керек. Бұл қандай қоспа? Мұндай бөліп алу әдісі қандай әдіске жатады?

2-ші тапсырмасы

Құм мен судың қоспасы берілген. Құмды судан бөліп алу керек. Бұл қандай қоспа? Мұндай бөліп алу әдісі қандай әдіске жатады?

Әр тапсырмаға 5 ұпайдан беріледі.

Сабақ соңында оқушылардың ұпай сандары саналып, бағаланады.

Үй тапсырмасы: Қайталау, бақылау жұмысына дайындық.