Металдардың периодтық жүйедегі орны, қасиеттері, қосылыстары

 

Сабақтың тақырыбы:  Металдардың периодтық жүйедегі орны, қасиеттері, қосылыстары

Сабақтың мақсаты:

  1. Металдар және олардың қосылыстары туралы оқушылардың білімін жан-жақты тексеру.
  2. Қазақстан кендері мен металдардың маңызы туралы оқушылардың ізденімпаздығын, шығармашылықтарын дамыту.
  3. Оқушылардың іскерліктері мен қабілеттерін арттыру, өз деңгейлерінде жұмыс жасауға дағдыландыру.

Сабақтың типі:  Қайталау сабақ

Сабақтың көрнекіліктері: «Металдар» тақырыбы бойынша слайдтар, электрондық тест;

«Ионидтердің көмегімен судың кермектігін кетіру» және «Болатты  шынықтыру» бейнетаспалары, домна пешінің макеті; деңгейлік тапсырмалар жазылған қағаздар; есептер жазылған кеспе қағаздар; сәйкестендіру тестіне арналған ойын барабаны; лездік сұрақтары бар кеспе қағаздар.

Сабақ барысы:  1. Ұйымдастыру бөлімі

  1. Оқушылардың білімін тексеру

1) «Сен білесің бе?» сұрақтарға жауап (слайдтардан сұрақтар шығып тұрады)

— Металдардың периодтық жүйедегі орнына сипаттама

— Металдардың физикалық қасиеттері

— Металдық байланыс деген не?

— Металдардың кристалдық торы, оның түрлері

— Металдардың электрохимиялық кернеу қатары

— Металдардың жемірілуі, оның түрлері. Металдарды жемірілуден қорғау.

— Металлургия, оның негізгі салалары

— Судың кермектігі, оны жою жолдары

— Құймалар және олардың маңызы

— Шойын өндірісі. Домна пешінің жұмысы.

— Болат өндірісі. Мартен пешінің жұмысы.

2) «Өзіңді тексер» тесттік тапсырмалар орындау ( электрондық оқулықтан шығып тұрады)

3) «Кім көп біледі?»  Оқушылардың өзіндік ізденімпаздық жұмыстары

(Әр оқушы өз бетімен металдар туралы қосымша материалдар дайындап, ақпарат беру)

 4) «Құпия сан» ойынымен есептер шығару

 

 

                                                          Жауаптар

Есептер

3,1257,1442,8627,18
№1 Металдарды оксидтерінен алюминиймен тотықсыздандыру – алюминотермия әдісі металлургия өнеркәсібінде кең қолданылады. Массасы 43г марганец (ІV) оксидін алюминиймен тотықсыздандырғанда марганецтің қандай массасы түзілетінін есептеңдер. 

 

2

 

 

0

 

 

4

 

 

1

№2 Адам организміндегі барлық темірдің 65%-і қанның қызыл түйіршігі- гемоглобиннің құрамында болады. Адам массасының 8%-ін қан құраса, онда салмағы 60кг адамның қан құрамындағы темірдің массасын есептеңдер. 

 

8

 

 

5

 

 

7

 

 

9

№3 Алюминий мен магний ұнтақтарының массасы 4,2г қоспасын тұз қышқылы ерітіндісінде еріткенде 4,48л (қ.ж) сутек бөлінді. Осындай қоспаға натрий гидроксиді ерітіндісімен әсер еткенде 2,24л сутек бөлінді. Қоспа құрамындағы металдардың массалық үлестерін есептеңдер. 

 

7

 

 

6

 

 

5

 

 

3

 

 

«Орнын тап» сәйкестендіру тапсырмалары (тапсырмалар интерактивті тақтада орындары ретсіз орналастырылған түрде жазылып тұрады, оқушылар тиісті орындарына апарып қояды)

  1. Металдар:      Са, АІ, Ғе
  2. Электрондық құрылысы: 1s2 / 2s2 2p6 / 3s2 3p6 / 4s2   

                                                                                                   1s2 / 2s2 2p6 / 3s2 3p1

                                                                                                   1s2 / 2s2 2p6 / 3s2 3p6 3d6 / 4s2    

  1. Физикалық қасиеттері:
Күміс түстес ақ, жеңіл металл, тығыздығы 1,54 г/см3, балқу температурасы 8510С
Күміс түстес ақ, жеңіл металл, тығыздығы 2,7 г/см3, балқу температурасы 6500С
Жылтыр, күміс түстес ақ, ауыр металл, тығыздығы 7,87 г/см3, балқу температурасы 15390С

 

 

 

  1. Табиғи қосылыстары:

СаСО3 – бор, әктас, мәрмәр;                    АІ2О3·2SіО2·2Н2О – каолинит;      Ғе2О3 — қызыл теміртас

Са3(РО4)2 – фосфорит немесе апатит;     АІ2О3 – корунд;                               Ғе3О4 –магнитті теміртас

СаSО4·2Н2О – гипс (ғаныш)                    АІ2О3·nН2О – боксит                      ҒеS2 — пирит

СаҒ2 – флюорит                                                                                                   ҒеSО4, Ғе(НСО3)2

  1. Қолданылуы:
Бағалы,сирек металдарды

тотықсыздандырып алуда,

Құрылыста, медицинада,

әшекей бұйымдар мен

статуеткалар жасауда

Электротехникада, ұшақ, автомобиль, құрылыста, өнеркәсіптік аспаптар мен ыдыс-аяқтар және минералдары әшекейлер дайындауда
Тірі организмде қан құрамында болады. Электромагниттік құралдар тетіктерін даярлауда, трансформаторларда, электромоторларда құймалары қолданылады.

 

                  

 

 

5) Лездік сұрақтар:

  • Металдардағы байланыс түрі (металдық байланыс)
  • Металдардың сыртқы қабатында қанша электроннан болады? (1-3)
  • Ең иілімді металл (алтын)
  • Электр тогы мен жылуды ең жылдам өткізетін металл (күміс)
  • Ең қиын балқитын металл (вольфрам)
  • Ең оңай балқитын металл (сынап)
  • Ең жеңіл металл (литий)
  • Ең ауыр металл (осмий)
  • Ең қатты металл (хром)
  • Қоршаған орта факторларының әсерінен металдардың бүлінуі (жемірілу)
  • Өнеркәсіптік әдіспен металдар алынатын минералдар (кендер)
  • Табиғи шикізаттардан металдарды өнеркәсіптік жолмен өндіру әдістерімен айналысатын ғылым мен өндіріс саласы (металлургия)
  • Үңгірде мұз тәрізді салбырап тұратын кальций карбонатының кристалдары (сталактиттер)
  • Үңгір ішінде еденде өсіп тұратын кальций карбонатының кристалдары (сталагмиттер)
  • Темірдің құймалары (шойын мен болат)

 

  1. Бағалау. Үйге тапсырма

Металдар тарауын қайталау, бақылау жұмысына дайындалу