Азот оксидтері, азот қышқылы және нитраттар

 

Сабақтың тақырыбы:      Азот оксидтері,  азот қышқылы және нитраттар

Сабақтың мақсаты: :   азот(ІІ) және (ІV) оксидтерінің алыну  тәсілдері, қасиеттері және азот қышқылын  өндіргенде олардың  атқаратын рөлімен таныстыру, сұйытылған және  концентрлі  азот қышқылының  қасиеттерін оқу, тәжірибе жүзінде нитрат-ионды анықтауды үйрену .

Сабақ түрі :  Жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың  әдіс -тәсілі : сөздік- көрнекілік

Қолданылатын көрнекіліктер:  интерактивті тақта, компьютер, электрондық  оқулық,  периодтық жүйе, кестелер, реактивтер,  жинақтамалар , бағалау парағы.

Күтілетін нәтиже:

  1. Азот оксидтерінің қасиетін сипаттай алады
  2. Азот қышқылының химиялық қасиетін талдай алады
  3. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын электрондық баланс әдісімен жаза біледі
  4. Нитраттардың ыдырау өнімдері мен нитрат-ионды анықтай алады

І. Қызығушылықты ояту         Ой қозғау стратегиясы           

  1. «Химиялық ой жинау»
  • Азоттың сутекті қосылысы қалай аталады?
  • Азот қосылыстарында қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
  • Аммиактың физикалық қасиетін сипаттаңыз
  • Аммиакты өнеркәсіпте және зертханада қалай алады?
  • Аммоний тұздары туралы не білеміз?
  • Азоттың қандай оксидтерін білесіздер?
  • Азот қышқылының тұздары қалай аталады?
  1. Семантикалық картаны толтыру
АзотNH4ClNO2HNO3NONaNO3HNO2KNO3NH4NO3NaNO2Ca(NO3)2
Оксидтері
Қышқылдары
Тұздары

 

ІІ. Мағынаны тану  Топтастыру стратегиясы

Оқушыларға топтар бойынша тапсырмалар беріледі.

І топ                     Азот оксидтері, алынуы, қасиеті

ІІ топ                    Азот қышқылының қасиеттері

ІІІ топ                   Нитраттар, қасиеті, қолданылуы

Оқулықтағы мәтінмен жұмыс орындалады

Өзіне тән иісі бар қоңыр түсті газ

І топ  Азот оксидтеріне сипаттама жазу

NO
Түссіз газ
Суда нашар ериді
Ауада жеңіл тотығады
Қиын сығылады
NO2
Суда ерігенде HNO3 және NO түзеді
Димерленіп, N2O4 түзеді
Буы улы

 

 

 

 

 

 

 

Электрондық оқулықтан NO2 газының тұзілуі және нитрат-ионды анықтау реакциясы көрнекі көрсетіледі.

ІІ топ

Азот қышқылының химиялық қасиетін тірек сызбалар арқылы талдап, реакция теңдеулерін жазады. «Патша арағы» туралы қосымша мәлімет беріледі.

Концентрлі қышқыл Fe,Cr,Al,Au,Pt,Ir әсер етеді
Концентрлі қышқыл басқа ауыр металдармен
NO2
Концентрлі қышқыл сілтілік және сілтілікжер металдармен
Сұйытылған қышқыл сілтілікжер металдармен, сондай-ақ  Zn және  Fe-мен
Сұйытылған қышқыл ауыр металдармен
N2O
NH3(NH4NO3)
NO

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Реакция теңдеулері  электрондық баланс әдісімен теңестіріледі. Мысалы, мыспен,мырышпен,магниймен сұйытылған және концентрлі азот қышқылының әрекеттесуі .

Ертедегі алхимиктер селитра NaNO3 , темір купоросы FeSO4 7H2O , алюмокалий квасц KAl(SO4)2 12 H2O  және мүсәтірді NH4Cl қосып қыздыру арқылы «металдардың патшасы» — алтынды  да еріте алатын сұйық алды. Сондықтан да оны aqua regia , яғни «патша суы» немесе «патша арағы» деп атады.

Патша арағы — үш көлем тұз қышқылы мен бір көлем азот қышқылын араластырғанда түзілетін сары түсті сұйықтық. Патша арағында платина сияқты қиын еритін металл да  оп- оңай ериді:        3 Pt + 18 HCl + 4HNO=  3H2[PtCl6] + 4 NO + 8 H2O

Патша арағының жоғары тотықтырғыштық қабілеті күшті тотықтырғыш — атомдық хлор мен нитрозил хлориді NOCl  түзіле жүретін қайтымды реакцияға негізделген.

HNO3 + 3HCl        2[Cl] + 2H2O + NOCl                                                                                       Соңғы өнім сұйықтыққа сары және сарғылт түс береді.

Патша арағында алтынның еруі:     Au + 3 HCl + HNO3  = AuCl3 + NO + 2H2O

Түзілген алтын( ІІІ ) хлориді HCl –дың артық мөлшерімен әрекеттесіп, комплексті қосылыс- ( ІІІ ) сутек тетрахлороауратын  — H[AuCl4] түзеді:

Au + 4HCl + HNO3 = H[AuCl4] + NO + 2H2O

ІІІ топ

Нитраттардың ыдырау өнімдері  тірек сызбамен жұмыс, реакция теңдеулерін жазады.

MeNO3
MeNO2 + O2
Me + NO2 + O2
MeO + NO2↑ + O2
Me   Mg
Me   Cu
мен  аралығында орналасады
нен оңға таман орналасады
ден солға таман орналасады
Me   Mg

 

 

 

 

 

 

Топырақтағы нитраттар, нитратжинағыштар туралы хабарлама жасайды.

Азот қышқылының тұздары  азот тыңайтқыштары ретінде қолданылады. Адам үшін нитраттардың өлімге әкелетін мөлшері 8-15 г аралығында болғанымен, тәуліктік қабылдау адамның дене салмағының бір киллограмына 5 мг артық болмау керек. Топыраққа  артық мөлшерде азот тыңайытқыштарын беру өте қауіпті жағдайға әкеледі. Көктемде қар ерігенде нитраттар топырақтан ауыз су көздеріне түсуі мүмкін. Сондай- ақ нитраттар кейбір көкөністердің тамыржемістеріне  (сәбіз,қызылша,қарбыз,қауын,картоп) жиналады. Мұндай көкөністерді қабылдаған адам қатты уланады, себебі, ағзада нитраттар анағұрлым улы нитрозаминдерге  R2N-N=O тотықсызданады.

ІІІ. Ой толғаныс

1)Жаттығулар мен есептер    шығару

№1, №6, №8 (оқулық бойынша) Дидактикалық тапсырмалар бойынша № 2

Қосымша тапсырмалар

  1. Азот қышқылын сұйылтқанда оның тотығу қабілеті қалай өзгереді? Сұйытылған азот қышқылы мен металдардың әрекеттесуінің ерекшелігі неде? Мысалдар келтіріңдер.
  2. Концентрлі азот қышқылы темірді, хром мен алюминийді енжарлайды. Бұл нені білдіреді және қалай түсіндіріледі?
  3. Оқ- дәрінің жануы мынадай жуықталған теңдеу бойынша жүреді:

2KNO3 + 3C + S = K2S + 3CO2 + N2

Массасы 100 г оқ- дәріні жаққанда қандай көлем ( қ. ж)  газ бөлінеді?

 

 

  • Танымдық ойын «Химиялық лото»
+
H2O
+
?
?
+
NaOH
+
?
AgNO3
NaNO3
Na2CO3
+
?
?
+
H2O
+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3)   Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма :  §8.16 №2, 7