Қышқылдардың, сілтілердің, тұздардың диссоциациялануы.

Сабақтың тақырыбыҚышқылдардың, сілтілердің, тұздардың диссоциациялануы.
МақсатыҚышқылдардың, сілтілердің, тұздардың диссоциациялануы туралы түсіндіру, теңдеулерін жаздыру. Есептеулерде еш кедергісіз оңай қолдана білуге дағдыландыру. Топпен жұмыстану дағдыларын дамыту, өз ойын еркін жеткізу қабілеттерін қалыптастыру т.б.
Күтілетін нәтижелерҚышқылдардың, сілтілердің, тұздардың диссоциациялануы химиялық теңдеулерін жаза алады, есептеулер кезінде теңдеулерді қолдана біледі. Топпен ұйымшылдықпен жұмыстанып, ортақ шешім қабылдап, ойларын еркін жеткізе алады.
Керекті жабдықтарИнтерактивтік тақта, Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық кестесі, Н.Бекетовтың металдардың электрохимиялық кернеу қатары, Ерігіштік кестесі, слайдтар, суреттер, постерлер, бағалау парағы, бояулар, есептеу құралдары, үлестірме қағаздар, қималар, қажетті реактивтер мен құрал — жабдықтар т.б.
Қолданылған әдіс — тәсілдерСөздік әдіс (баяндау, сұрақ –жауап,  диалог ), топтық, жұптық жұмыс, АКТ ( слайд арқылы, есептеу құралдары т.б.), СТО элементтері, көрнекілік әдіс т.б.
Сабақ барысы:
Сабақ кезең деріМұғалім әрекетіОқушы әрекеті
Кіріспе

 

Оқушылармен сәлемдесу, оқушылар зейінін сабаққа аудару. Класс оқушыларын түгелдеу, оқушылардың, кластың сабаққа даярлығын тексеру. Оқушылардың отырған қатарлары бойынша үш топқа біріктіреді. Үй тапсырмасын тексеру. Сабақтың бөлімдерін, мақсатын таныстыру.Мұғаліммен амандасады, Отырған қатарлары бойынша үш топқа бөлінеді. Кезекші сабаққа қатыспаған оқушыларды, үйге берілген тапсырма қандай екенін баяндайды.топтасады. Кезекшілер сабаққа қажетті құрал жабдықтарды таратады. Оқушылар мұғалімді зейін қоя отырып тыңдайды. Үй жұмысының орындалуын тексертеді.
Тұсау кесер

 

Үй тапсырмасын қайталап өтуге 3 минут уақыт беріледі.

Үй тапсырмасын жекелеген оқушыларға бағыттап, сұрақтар қою арқылы сұрап шығады. Сұрақтар интерактивтік тақтадан беріледі.

1.      Электролиттер дегеніміз не?

2.      Қандай  тәжірибе нәтижесінде электролиттер мен бейэлектролиттерді анықтады?

3.      Электролиттерде не себептен шам жанады, түсіндір.

4.      ЭДТ кім, қай жылы негізін салды?

5.      Электролиттік диссоциациялану дегеніміз не?

6.      Электролиттер диссоциацияланғанда қандай иондар пайда болады?

7.      Бейэлектролиттердің бөлшектері қандай заттардан тұрады, оған қандай заттар мысал болады.

8.      Дипольді молекула дегеніміз не?

9.      Гидратталған иондар қандай иондар?

10.  ЭДТ қазіргі заманғы қағидаларын ата. Оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып, бағалауға нұсқау береді, олардың жауаптарына сәкес мадақтап, ынталандырып отырады.

 Оқушылар жекелей үй тапсырмасын қайталап шығады. Интерактивтік тақтадағы сұрақтарға мұғалімнің бағыттауы бойынша оқушылар кезекпен жауап береді. Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда келесі оқушы қол көтеріп жауап беруіне болады. Топ жетекшілері оқушылардың жауаптарына сәйкес бағалау парағына ұпайларын қойып отырады.
 

 

Негізгі бөлім

 

 

 

 

Үй тапсырмасын пысықтап, еске түсіріп өткенен кейін үй есептерінің орындалуын тексереді. Дұрыс орындап келген оқушыны тақтаға шығарады. Қалған оқушыларға дәптерлеріне көшіруге нұсқау береді.

 

 

 

Жаңа сабақ тақырыбы интерактивтік тақтадан беріледі.

§6 Қышқылдардың, сілтілердің, тұздардың диссоциациялануы

Әр топқа тақырыпшаларды бөліп береді.

І топ.Қышқылдар

ІІ топ.Негіздер

ІІІ топ. Тұздар

Топтарға тақырыпшаларды оқып шығуға 5 минут уақыт беріледі.

 

 

Оқушылардың орындауларын мұқият қадағалап, жіберілген қателіктерді дер кезінде түзетіп, айтылмай қалған жерлерін толықтырып, пысықтап шығады. Дәптерлеріне жазып отыруға кеңес береді. Оқушыларды ынталандырып, қолпаштап отырады. Барлық оқушыларды сабаққа қатыстыруға, тартуға тырысады.

 

 

 

 

 

 

 

40 беттегі 5,6 кестені түсіндіріп дәптерге жазып алуға кеңес береді.

ЭлектролиттерСапалық сипаттау
H+OHКатионАнион
Қышқыл+
Негіз+
Тұз++

 

ИндикаторларӘртүрлі ертіндідегі индикатордың түсі
БейтарапҚышқылСілті
ЛакмусКүлгінҚызылКөк
МетилоранжҚызыл сарыҚызғылтСары
ФенолфталейнТүссізТүссізТаңқурай түсті

 

Тақырыптың соңындағы А,В деңгейіндегі тапсырмаларды оқушылардың деңгейлеріне байланысты бөліп береді.  Оқушыларға орындарынан өз беттерімен орындауға кеңес береді. Орындау барысын қадағалап, оқушыларды аралап жүреді. Орындап болған оқушыларды орындарынан тексеріп, қателіктерін тексереді. Дұрыс орындаған және мүлде түсінбей отырған оқушыларға тақтаға шақырып орындатады. Оқушылардың орындауынша сәйкесінше бағалап өтеді.

Бір оқушы есепті магниттік тақтаға орындайды. Шығарып келген оушылар өздерінің орындауымен салыстырады, қателіктері болса түзетеді. Орындамаған оқушылар дәптерлеріне көшіріп алады. Тақтадағы оқушыда қателік жіберілсе, қол көтеріп түзетеді.

Жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазып алып, әр топ өздеріне берілген тақырыпты жекелей оқып шығады, топта өзара ой бөлісіп, берілген тақырыпты келесі топтарға түсіндіру үшін баяндайды, химиялық теңдеулерін тақтаға жазып, түсінддіріп өтеді.

І топ Қышқылдар

HCl=H+ +Cl

H3PO4=3H+ +PO43- Қышқылдар катион ретінде сутек (протон) ионын бөледі. Сутегі қышқылдық қасиет көрсетеді.

ІІ топ Негіздер

NaOH=Na+ +OH

Ba(OH)2=Ba2+ + 2OH

Негіздер анион ретінде гидроксид ионын бөледі.  OH анионы негіздік қасиет көрсетеді.

ІІІ топ тұздар

Орта тұздар         MgSO4=Mg2+ + SO42- Орта тұдар металл катионы мен қышқыл қалдығының анионына диссоциацияланады

Қышқыл тұздар                                           NaHPO4=2Na+ + H+ +PO43- Қышқыл тұздар метелл, сутек катионына және қышқыл қалдығының анионына диссоциацияланады.

Негіздік тұздар                                  MgOHCl=Mg2+ +OH +Cl негіздік тұздар металл катионына және қышқыл қалдығы мен гидроксид иондарының аниондарына диссоциацияланады.

Топ басшылары оқушыларды сәйкесінше бағалап отырады.  Қарсы топтардың баяндауларын тыңдап, қосымша сұрақтар қойып, ұсыныстар мен тілектер айтады.

Оқушылар кестелерді дәптерлеріне сызып алады.

Деңгейлік тапсырмаларды оқушылар жекелей орындарынан орындайды. Жұптарымен ақылдасады, бірін — бірі тексереді. Мұғалімге тексертеді. Мұғалімнің нұсқауымен әр топтан әр тапсырмаға бір-бір оқушыдан тақтаға шығап есепті орындайды. Қалған оқушылар өздерінің орындауларымен салыстырып, қателіктерін түзетеді.

А-1.  K2SO4=2K+ + SO42-,

H2SiO3=2H+ + SiO32-

              NaH2PO4=Na+ + 2H+ + PO43-

 

 

Қорытынды

 

 

 

      Топ басшыларына сөз береді. Кейбір оқушылардан сабақтан алған әсерлерін сұрайды. Тақырыпты сұрақтар қою арқылы пысықтап, қорытындылап өтеді. Рефлексия парақтарын таратып, толтыруға береді. Тақырыпты үйге орындауға береді. Үлгермеген есептерді  үйден аяқтауға және есепер жинағынан  тақырыпқа сәйкес есептер береді. Топ басшыларынан  бағалау парақтарын алып оқушыларды бағалайды. Оқушылармен қоштасады. Топ басшылары топ мүшелерінің сабаққа қатысын, белсенділігін баяндайды. Бағалау себептерін түсіндіреді. Сұрақтарға жауап береді. Сабақтан алған әсерлерін баяндайды. Рефлексия парақтарына өз пікірлерін жазып, тапсырады. Үй тапсырмаларын жазып алады. Мұғаліммен қоштасады.
Сабақтың өзіндік талдауы:
Сабақ бойынша өзгертулер