Химиялық формулалар бойынша есептеулер
| Сабақ тақырыбы: | Химиялық формулалар бойынша есептеулер | |
| Мақсаты: | Күрделі заттар құрамындағы химиялық элементтердің қатынастарын, массалық үлестерін және формулаларын келтіріп шығару арқылы теориялық білімдерін практикамен ұштастыра отырып салыстыру, есеп шығару арқылы логикалық қабілеттерін дамыту, білімдерін жүйелеу. | |
| Оқыту нәтижелері: | — элементтерді жаттайды, салыстырмалы атомдық және молекулалық массаларын есептейді, формулаларды есте сақтап қалады; — есеп шығару арқылы логикалық қабілетін дамытады; — шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады, өзбетінше ізденеді; — білімдерін жүйелейді, жетілдіреді. | |
| Әдіс-тәсілдері: | «Өткен сабақтан ұнаған сәттер …», «Атомдар⇄молекулалар», «Білім баспалдағы», «Сенесің бе, сенбейсің бе?», «Мен тыңдағым келеді …». | |
| Сабақтың түрі: | Білімді жүйелеу сабағы | |
| Көрнекі құралдары: | Интерактивті тақта, постерлер, таратпа қазғаздар, карточкалар, оқулық. | |
| Негізгі ресурстар: | Химия оқулығы 8 сынып Н.Нұрахметов, К,Сарманова, К.Жексембина 2012ж, Д.И. Менделлевтің периодтық жүйесі. | |
| Негізгі идеялар: | Бастапқы химиялық ұғымдар жайлы білімдерін жүйелеу, ерекшеліктерін саралай білуге үйрену, есеп шығару дағдылары қалыптасады. | |
| Қамтылған модульдер | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, АКТ, ОүБ, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылық. | |
| Кезеңдері, уақыты және ескертулер | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | 1. Амандасу, түгелдеу, ынтымақтастық ортаны қалыптастыру үшін мұғалім мынадай сұрақ қояды. | 1. Оқушылар амандасады. Кезекші сабақта неше оқушы жок екенін айтады. |
| 2. «Өткен сабақтың ұнаған сәті …….» Топқа бөліну: «атомдардан молекулалар» бойынша 6 топқа бөлу.
| 2. Шеңбер бойында тұрады, мұғалім сөйлемін оқушылар жалғастырады.Оқушылар атомдар дегенде тәртіпсіз қозғалады, «молекулалар төртеуден» дегенде ( 4 кісіден ) топқа бөлінеді. | |
| Қызығушылықты ояту , үй тапсырмасын сұрау. (8 мин)
| 3. «Бұл қандай формула?» оқушыларға тапсырмалар беріледі. | 3. Оқушылар элементтердің химиялық таңбасы арқылы формуласын келтіріп шығарады, салыстырмалы молекулалық массасын есептейді. І – топ. “барий – екі – эс – о – төрт” II – топ. «ферум – екі – о – үш» III – топ. «аш – эн – о – үш» IV— топ. «аш – екі – эс – о төрт» V— топ. «натрий – о – аш» VI – топ. “плюмбум – о – екі” |
| 4. Тапсырманы қорғауға топтан бір оқушы тағайындайды. Бір топ екінші топты ауызша формативті бағалап отырады. | 4. Тапсырманы бір оқушы қорғайды, ол оқушыны әр топ өздері тағайындайды. Осы топтың жұмысын келесі топ ауызша формативті бағалайды. | |
| Мағынаны тану (20 мин)
| 5. Есеп шығару жолдарын, формулаларын көрсетеді. Әр есепті шығару үшін 3 критериден құрады. 1. Күрделі заттардың молекуласындағы элементтердің массалық қатынастарын есептеу § Берілген күрделі заттың формуласы; § Элементтердің Аг табу; § Аг өзара қатынастарын шығару. 2. Күрделі заттың құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестерін табу § Күрделі заттың формуласы; § Күрделі заттың Мг табу; § Әрбір элементтің қосылыстағы массалық үлестерін есептеу. 3. Заттың құрамына кіретін элементтердің белгілі массалық үлестері бойынша олардың химиялық формулаларын қорытып шығару. § Қандай элементтерден тұрады; § Массалық үлесі берілген болу керек; § Белгісіз заттардың өзара қатынастарын табу. | 5. Оқушылар дәптерлеріне жазады, түсінбегендерін сұрайды.
|
| 6. «Білім баспалдағы» тапсырмалар береді. | 6. «Білім баспалдағы» деңгейлік тапсырамаларды критерилер бойынша орындайды, топта талдайды, тақтаға шығарып қорғайды, теориялық білімдерін жетілдіреді. Күрделі зат құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестерін табыңдар. І – топ. Ba2SO4 II – топ. Fe2O3 III – топ. HNO3 IV- топ. H2SO4 V- топ. NaOH VI – топ. PbO2 | |
| 7. Формативті бағалау. | 7. Топтар бір-бірін «5 баллдық жүйе» мен бағалайды. | |
| Сергіту сәті (2 мин) | 8. «Сенесің бе, сенбейсің бе?» 1. Na массасы 11 тең. 2. Су жай зат. т.б. | 8.Оқушыларға сұрақ қойылады, егер сұрақ дұрыс болса «ия» деп қолын алға созып эмоциямен жауап береді, ал «жоқ» болса басын шайқап қолын оң, солға сермейді. |
| Бағалау (2 мин) | 9.Сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауымен қорытынды бағасы | 9.Топтардың бір бірін бағалаған бағаларын ескере отырып, мұғалімнің суммативті бағасы. |
| Үйге тапсырма (1 мин) | 10.§10.оқу. № 1, 2. 29-33 беттер. | 10.Тақырыпты оқып, жаттығуды орындайды. |
| Рефлексия (4 мин) | 11. Кері байланыс. «Мен тыңдағым келеді …» әдісін пайдаланып, оқушылардың ой-пікірін білу. | 11.Мұғалім 1- топтан ойын тыңдағысы келген 1 оқушыға қалпақ кигізеді, ол өз ойын айтып келесі топтан кімді тыңдағысы келеді сол оқушыға қалпақты кигізеді. |