Атом-молекулалық ілім

 

Сабақтың тақырыбы:Атом-молекулалық ілім
Сабақтың мақсаты:Атом-молекулалық ілім туралы түсінік қалыптастыру.

Физикалық және химиялық құбылысты атом-молекулалық  ілім тұрғысынан  қарастыра білуге уйрету

Әдіс -тәсілдер:-Жеке жұмыс:

-Диалогтік әдіс

-Топтық жұмыс

«Мәтінмен жұмыс»,

«Химиялық диктант»,

«Шеңбер әдісі»

Сабақта қолданылатын модульдер:1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. АКТ пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Күтілетін нәтиже:-Атом -молекулалық ілім туралы түсінік қалыптасады

— Атом, молекула ұғымын ажырата алады

-Атом –молекулалық ілім тұрғысынан химиялық реакцияларды түсіндіреді

 

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Сәлемдесу.

Үшбұрыш,төртбұрыш, шеңбер арқылы сынып оқушыларын топтастыру (4 минут)

Топқа бөлініп болған соң әр топ өз тобының бақылаушысын сайлайды

Топтың пікірлерін тыңдау, барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

Бағалау парағы                                             2,3,4,5 ұпай бойынша жүргізіледі

Бағалау критерийлеріІоқушы

 

ІІ оқушыІІІ оқушыІVоқушы
1Білуі    
2Түсінуі    
3Сөйлеу шеберлігі    
4Топтағы ынтымақтастық    
5барлығы    
6Қорытынды баға    

Өзін-өзі бағалау.           Жауабы: 13-15 — «5»            10-12  «4»           7-10 «3»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (диалогтік әдіс ) 1. Зат массасының сақталу заңын кім тұжырымдады?

2.Темірдің тат басқан кездегі массасы бастапқы күйдегі массасынан артық па, әлде кем бе? Мысалдармен дәлелдеңдер

3.Ағаш жанған соң аздаған ғана күл қалды, неге ағаштың массасы күлдің массасына тең емес? Қалған өнімдер қайда кетті?

4.Реакцияға кіріскен заттардың массасы неге  тең?

5.Химиялық реакция кезінде атомдардың саны өзгермей сақталады, ал атомдардың өздері өзгере ме?

Әр топ оқушыларының пікірін тыңдау

Жаңа сабақ : Түсіну, білу, қолдану

1-топ: Атом-молекулалық ілімнің бірінші, екінші, үшінші қағидаларын оқып, мысалдар келтіру

 

2-топ: Атом-молекулалық ілімнің төртінші, бесінші қағидаларын оқып, мысалдар келтіру

 

     3-топ: Атом – молекулалық ілімнің алтыншы, жетінші қағидаларын оқып, мысалдар  келтіру

 

Топтык жұмысты багалау критерилары:

— қагидаларга келтірілген  мысалдын түсініктілігі,                                                                                                                                                        — накты болуы

-сойлеу шеберлігі.

Топтағы  ынтымактастык

Әр топ мүшелері белгіленген тапсырмалар бойынша дайындалады, топтарында ортақ шешімге келіп, атом-молекулалық ілімнің қағидаларына мысалдар келтіреді

Атом-молекулалық ілімнің жетінші қағидасының дәлелі ретінде «магнийдің жануы»  тәжірибесін көрсету

Сергіту сәті: Топтағы ынтымақтастықты қалыптастыру үшін барлық оқушылар бір-біріне кезектесіп есімдеріне байланысты жылы сөздер айтады

Топтық жұмыс. Химиялық диктант  АКТ-ны қолдану

1топ : Барлық заттарды  ———————бөле беруге болмайды, оларды    ——————— мен —————дейін ғана бөлуге болады

Атом-молекулалық ілім ——————- мен ——————-жайындағы білімнің жиынтығы.

2топ:  Ол барлық ——————— ғылымдарына ортақ

Бір элементтің———————өзара бірдей , бірақ кез –келген басқа элементтің —————айырмашылығы болады

3топ:  Атом – молекулалық ілім біздің дәуірімізге дейін —————еңбегінен басталады

Химиялық реакцияға кіріскен бастапқы атомдар————және жаңадан пайда болмайды, тек қайта ———————

«Шеңбер» әдісін   қолданып, оқушыларға бүгінгі сабақтан не түсіндіңдер?-деп сұрақ  қою

Әр  топ бойынша оқушы кезектесіп,  сабақта не түсінгенін бір сөйлемнен айтып шығады, бірінің айтқанын бірі қайталамайды

Сабақ соңында оқушылар критерийлер бойынша бағаланады, сонан соң   стикерге рефлексия жазады

 

Үйге тапсырма:§16.Атом – молекулалық ілімнің жеті қағидасына әр оқушы жеті түрлі мысал дайындап келу

 

Бағалау өлшемдері                    5 ұпай бойынша есептеледі                                                                 8 сынып оқушысы ____________________

 

 

Бағалау критерилары

Өз бағамТоп жетекшісінің бағасыМұғалім бағасыҚорытынды баға
Топ ережесі бойынша     
Үй тапсырмасына дайындығы    
Мәтінмен жұмыс     
Флипчартпен жұмыс    
Қорытынды