Тіршілік химиясы 9-сыныпқа арналған факультативті курс бағдарламасы Түсінік хат

 

Тіршілік химиясы

9-сыныпқа арналған факультативті курс бағдарламасы  Түсінік хат


Бұл бағдарлама 9 -сынып  оқушыларының жас ерекшеліктерін және химия пәні бойынша білім, біліктіліктерін есекере отырып  химия пәнін  қосымша оқытуға арналған.  Бағдарлама негізінде химиялық элементтердің тіршіліктегі орны туралы айтылмақшы. Негізгі оқу бағдарлама бойынша органикалық химияға «көміртектің органикалық қосылыс» тарауына барлығы 14 сағат бөлінген. Бұл сағат саны органикалық химияның негізін құрайды, ал ұсынылып отырған бағдарламада  химияны биологияға қолданудың маңызды нәтижелерін айқындап, тіршілік химиясы саласындағы көңіл аударарлық қандай болашағының бар екендігін көрсетеді.

Биологиялық актив молекулаларының біршама күрделі формулалары материалды баяндаудың алғашқы қадамдарына қиындық келтірмеу үшін курста жай қосылыстар мен микроэлементтер әрекетінің химизмін мұқият қарастырмай-ақ, олардың роліне шолу жасалды. Оқушылар  органикалық қышқылдардың, көмірсулар, ақуыздар және полинуклеин қышқылдар туралы мәліметтер алып олардың структуралық құрылымына шолу жасайды.

Қазіргі заманғы биохимия бірсыпыра шектес ғылымдарға, соның ішінде медицинаға, барған сайын ықпалын күшейте түсуде. Сондықтан, курс бағдарламасында дәрумендер әрекетінің механизміне, антителдер мәселесіне, химиотерапия міндеттеріне назар аударылды. Соңғы тарауларда фотосинтез процестері сипатталып, тіршіліктің Жерде пайда болу процестерінің химиялық жағы қазіргі кездегі көзқарас қарастырылды.

Бағдарлама Тасқала ауданының әдістемелік кабинетімен келісіліп, мақұлданды (хаттама №    2013 жыл)

Курстың принциптері мен міндеттері


Курс  негізіндегі  принциптер:

-«Химия мен биологияның бір тұтастығы»

-оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі.

Бағдарламаның міндеттері:     

-оқушының пәніне қызығуын арттыра отырып, тіршілікке қажет элементтердің сырын білдіру, ойды жинақтауды, өз бетімен ізденуін қалыптастыра отырып білімін дамыту;

-интелектуалды және практикалық білімі мен дағдысын қалыптастыру;

-ғылыми зерттеу ізденісін, коммуникативті дағдасын, топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту;

-химияның пәндік мүмкіндіктерін пайдаланып оқушыларға кәсіптік бағдар беру.

 

Оқу процесін ұйымдастыру

   Курс бойынша оқу процесті ұйымдастыруда келесі негізгі принциптер енгізілді:

  • Курсқа қызығушылықты арттыру;
  • Белсенді қатысу;
  • Еркіндік және диалогқа дайындық;
  • Өз ойына сеніммен қарау.

Әдістер:

  • Зерттеушілік – ізденіс;
  • Ғылыми жұмыс және бағдарламалар;

Жұмыс түрлері:

  • Әңгіме, семинарлар, конференция, теориялық сабақтар (дәрістер), есептер шығару.

Бағалау барасы:

  • Материалдың дұрыстығы, әрі сапалы баяндалу;
  • Ұғымдар мен заңдылықтардың толық ашылуы;
  • Химиялық терминдердің дәл қолданылуы;
  • Дербес жауап;
  • Материалдық логика;
  • Дәлелді баяндау және өзіндік икемділік.

 

Күтілетін нәтижелер:

  1. Сабақта алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана біледі.

2.Тіршілікке қажет элементтердің сырын біледі.

  1. Химиялық, биологиялық тақырыпта шығармашылық жұмыстарды орындай алады.
  2. Танымдық қабілеттері дамиды.
  3. Экологиялық мазмұны бар есептерді шеше біледі.

 

      

 

 

Бағдарламаның тақырыптық толықтыруы

 

І тарау. Тіршілік химиясы (8 сағат)

Химияның негізгі сатылары. Жаңа ғасырдағы химия. Атомдар және молекулалар. Реакциялар және тіршілік. Организмдер құрлысының биохимиялық тұрғыдағы бірлігі. Организмдердің элементтік құрамы. Микроэлементтер мен олардың өсімдіктер мен жануарлардың дамуындағы ролі.

 

ІІ тарау.Тіршлік элементтері (13 сағат) Күкірт .Тіршілікке маңызы. Фосфор. Азот. Тіршілікке маңызы .Тіршілікке маңызы. Темір. Тіршілікке маңызы Мыс. Тіршілікке маңызы. Натрий .Алу жолдары, тірі ағзалардың дамуына  натридің маңызы Калий .Алу жолдары, тірі ағзалардың дамуына калий маңызы. Кальций. Маңызы. Жерде тіршіліктің пайда болуы, ағзаға кальций қажеттілігі. Магний .Маңызы. Жерде тіршіліктің пайда болуы, ағзаға  магнийдің қажеттілігі. Кобальт. Тіршілікке маңызы. Хлор. Тіршілікке маңызы. Иод. Тіршілікке маңызы. Марганец. Тіршілікке маңызы.

 

ІІІ  тарау. Құрамында сутек, көміртек және оттек болатын тіршілік үшін маңызды молекулалар (8 сағат)

Химиялық байланыс. Биологиялық маңызды қосылыстардың көпшілігі неліктен үлкен молекулалы қосылыстар қатарына жатады? Су-тіршілік заты. Органикалық заттар, майлар. Көмірсулар.  

 

ІҮ тарау. Көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт бес элементтерінен не алуға болады?(  7 сағат )

Амин қышқылдарының құрамы, мен құрылысы. Амин қышқылдарының қасиеттері. Ақуыздар. Ақуыздардың жіктелуі.«Аминқышқылдар.Ақуыздар»  жоба қорғау.

 

 Ү тарау. Тірі табиғаттың химиялық тілі (4 сағат)

Нуклеин қышқылдары. Липидтер. «Нуклеин қышқылдары .Липидтер»   жоба қорғау

 

Ү І тарау. Ферменттер. Дәрумендер (5 сағат)

Ферменттер. Дәрумендер. « Ферменттер. Дәрумендер»   Жоба қорғау

 

ҮІІ. Жасуша  және ағзадағы химиялық процестерді реттеу  ( 5 сағат)

Техникадағы және тірі табиғаттағы реттегіштер.Гормондар.

«Жасуша  және ағзадағы химиялық процестерді реттеу» жоба қорғау

 

 

ҮІІІ. Жасушаның структуралық құрылымы , бейімделуі (5 сағат)

Жасушаның структуралық құрылымы . Жасуша органеллалары. Жасушаның физикалық-химиялық бейімделуі .Жүйке жасушасы

 

ІХ. Медицина және биохимия (8 сағат)

Химияның медицина саласындағы алғашқы қадамы.

«Молекулалық» аурулар. Вирустар. Антигендер және антителдер. Иммунитет .Антбиотиктер. Химиялық терапияның жұқпалылармен күресу. «Медицина және биохимия» жоба қорғау

 

Х. Жарық және тіршілік. Тіршілік пайда болуының химиялық мәселелері (85сағат)

Фотосинтез химиясы. Хлорофилл және фотосинтез. Тіршілік пайда болғанға дейінгі .Жер химиясы«Биохимиялық машиналар детальдары» қалай пайда болды.  Тіршілік химиясы. Конференция

 

Тіршілік химиясы

9-сыныпқа арналған арнайы курс бағдарламасы

Барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағат

 

№ сабақСабақ тақырыбыСағат саны
І тарау. Тіршілік химиясы8
1 Химияның негізгі сатылары .Жаңа ғасырдағы химия1
2Атомдар және молекулалар1
3Реакциялар және тіршілік1
4Организмдер құрлысының биохимиялық тұрғыдағы бірлігі1
5-6Организмдердің элементтік құрамы2
7-8Микроэлементтер мен олардың өсімдіктер мен жануарлардың дамуындағы ролі2
ІІ тарау.Тіршлік элементтері13
9Күкірт .Тіршілікке маңызы.1
10Фосфор. Тіршілікке маңызы1
11Азот. Тіршілікке маңызы1
12Темір. Тіршілікке маңызы1
13Мыс. Тіршілікке маңызы1
14Натрий .Алу жолдары, тірі ағзалардың дамуына  натридің маңызы1
15Калий .Алу жолдары, тірі ағзалардың дамуына калий маңызы1
16Кальций. Маңызы. Жерде тіршіліктің пайда болуы, ағзаға кальций қажеттілігі.1
17Магний .Маңызы. Жерде тіршіліктің пайда болуы, ағзаға  магнийдің қажеттілігі.1
18Кобальт. Тіршілікке маңызы1
19Хлор. Тіршілікке маңызы1
20Иод. Тіршілікке маңызы1
21Марганец. Тіршілікке маңызы1
ІІІ тарау. Құрамында сутек, көміртек және оттек болатын тіршілік үшін маңызды молекулалар.8
22-23Химиялық байланыс2
24Биологиялық маңызды қосылыстардың көпшілігі неліктен үлкен молекулалы қосылыстар қатарына жатады1
25-26Құрамында сутек  және оттек болатын тіршілік үшін маңызды молекулалар. Су-тіршілік заты2
27Көміртегі-қосылыстардың химиясы1
28-29Биологиялық маңызды қосылыстар. Майлар.Көмірсулар.2
ІҮтарау. Көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт бес элементтерінен не алуға болады?7
30Амин қышқылдарының құрамы, мен құрылысы1
31Амин қышқылдарының қасиеттері1
32-33Ақуыздар2
34-35Ақуыздардың жіктелуі2
36Аминқышқылдар.Ақуыздар. Жоба қорғау1
 Ү тарау. Тірі табиғаттың химиялық тілі4
37-38Нуклеин қышқылдары2
39Липидтер1
40Нуклеин қышқылдары .Липидтер. Жоба қорғау1
ҮІ тарау. Ферменттер. Дәрумендер5
41-42Ферменттер.2
43-44Дәрумендер2
45Ферменттер. Дәрумендер. Жоба қорғау1
ҮІІ. Жасуша  және ағзадағы химиялық процестерді реттеу5
46-47Техникадағы және тірі табиғаттағы реттегіштер2
48-49Гормондар2
50Жасуша  және ағзадағы химиялық процестерді реттеу.Жоба қорғау1
ҮІІІ. Жасушаның структуралық құрылымы , бейімделуі5
51Жасушаның структуралық құрылымы1
52-53Жасуша органеллалары2
54Жасушаның физикалық-химиялық бейімделуі1
55Жүйке жасушасы1
ІХ. Медицина және биохимия8
56Химияның медицина саласындағы алғашқы қадамы1
57«Молекулалық» аурулар1
58Вирустар1
59-60Антигендер және антителдер. Иммунитет2
61Антбиотиктер1
62Химиялық терапияның жұқпалылармен күресу1
63Медицина және биохимия.Жоба қорғау1
Х. Жарық және тіршілік. Тіршілік пайда болуының химиялық мәселелері5
64Фотосинтез химиясы1
65Хлорофилл және фотосинтез1
66Тіршілік пайда болғанға дейінгі Жер химиясы«Биохимиялық машаналар детальдары» қалай пайда болды1
67Тіршілік химиясы. Конференция1
68Қайталау1

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.Л.А. Николаев. Тіршілік химиясы. «Мектеп»  баспасы-Алматы, 1979

2.Химия мектепте. Республикалық әдістемелік журналдар.

  1. Химик анықтамалығы. Республикалық әдістемелік журналдар.
  2. Ғаламтордан материалдар