Химиялық элементтер қайталау сабағы

Сабақтың тақырыбы:   Химиялық элементтер қайталау сабағы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Оқушыларды  химиялық элементермен және олардың таңбаларымен

таныстыру.

Дамытушылық : Оқушылардың    ой-өрісін дамыты отырып, білім тереңдетуге  ізденіс қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Ғылым құштарлыққа тазалыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  периодтық кесте, интерактивті тақта,шар, плакаттар

Сабақтың пәнаралық байланысы:  Физика, шет тілі

Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, есептер шығару, бағдаршам

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ.Қайталау

А)топқа бөлу

Б)тапсырмалар

IV.Бекіту .Кестені толтыр

V.Бағалау

1.Оқушылармен амагдасып, түгелдеу

2.Өткен тақырыптардан сұрақтар қою

1.Құбылыстар дегеніміз не?

2.Заттар нешеге бөлінеді

3.Жай және күрделі заттар дегеніміз не?

4.Атомдар мен молекулалар дегеніміз не?

3.Жаңа сабақ

1.Оқушыларды шаңырақ әдісі арқылы топқа бөлу 12 оқушы (шаңыраққа  үш түрлі түсті (қызыл, сары, жасыл, ) ленталарды байлаймыз, оқушылар өздері ұнаған түстерін таңдап алып сол бойынша 3 топқа бөлінеді.)

2.Осы топтарға тапсырмалар беру

1 тапсырма: Адасқан элементтер (1 қорапқа 20 элемент таңбаларын салып оны араластырып оқушыларға таңдату. Таңдалған элементтеріне периодтық жүйе бойынша жалпы сипаттама беріп, қазақша , латынша аттарын айту.)

Ca,Fe,F,Na,K,Mg,Mn,Cl,S,Si,Hg,Ba,O,H,Br,I,Ag,Au,C,Cu,Zn,P

2 тапсырма: 3 топқа үш тақырыпқа байланысты тапсырма беріледі (үрілген шарлардың ішіндегі тапсырмаларды орындау, шарларды жару арқылы.).Оқушыларға берілетін тақырыптар: 1.Қоспалар    2.Физикалық және химиялық құбылыстар   3.Химиялық реакция типтері.(қысқаша түсінгендерін айту)

3 тапсырма: Әр топқа есептер беру.(есептің шығару жолын түсіндіру, және формулаларды түсіндіру)

1 топқа :

№1

Алюминий гидроксидінің салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.

№2

Массасы 49 г күкірт қышқылының зат мөлшерін есептеңдер.

№3

1,5 моль натрий сульфатының массасын табыңдар.

№4

Массасы 10г неон газында қанша атом саны болатының табыңдар.

№5

Зат мөлшері 10 моль көмірқышқыл газының молекула санын есептеңдер

№6

Зат мөлшері 1,5 моль оттек газының көлемін (қ.ж) есептеңдер.

№7

Көмірқышқыл газының 66 грамында қанша молекула болатынын табыңдар.

№8

Көміртек оксидінің СО2 салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар

№9

Аммиактың NH3 салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар

№10

Құрамында 42,8% көміртек және 57,2% оттек бар қосылыстың қарапайым формуласын табыңдар.

№11

Судың 5 молінде қанша молекула болатының есептеңдер

№12

Судың 2 молінде қанша молекула болатының есептеңдер

 

4.Бекіту

1.Кестені толтырыңыз:

Химиялық элементтаңбасыОқылуы

 

1.натрий
2.К
3.аргентум
4.фосфор
5.хлор
6.алтын
7.Zn
8.цезий
9.оттегі
10.Mg
11.темір
12.күкірт

 

5.Бағалау.