Химиялық реакция типтері. Қосылу және айырылу реакциялары

Сабақтың тақырыбы:Химиялық реакция типтері. Қосылу және айырылу реакциялары
Жалпы мақсаты: Химиялық    реакция    типтері және бір-бірінен  айырмашылығын ажыратуын  қадағалау   арқылы  реакцияны  теңестіру   әдісімен   таныса алады.

Химиялық реакцияға кіріскен және түзілген заттардың құрамына қарай  ерекшеліктерін анықтап, химиялық реакцияларды жіктей алады.

Қосылу, айырылу реакциялары арқылы табиғатта болатын құбылыстарды түсіне алады.

Оқу нәтижелері:Химиялық реакцияның типтерін ажырата алады.

 

 

2. Химиялық реакциялар  табиғатта

болатын құбылыс екенін біледі.

3. Химиялық реакция теңдеулерін жаза алады

 

Түйінді идеялар:Химиялық реакция типтері. Қосылу, айырылу реакциясы
Сабақ кезеңдері

Кіріспе

Уақыты: 3 мин

 

 

 

Тұсаукесер

Уақыты:7 мин

 

 

 

Негізгі бөлім

Уақыты:25 мин

 

 

 

Қорытынды

Уақыты:10 мин

 

 

Білімге қолма -қол ақша. Ой толғау үшін ломбард дегенді қалай түсінеміз ? Оқушылар өз ойларын айтады. Адамдар тұрмыстық қажетін өтеу үшін ломбардқа барып асыл тастарын, бағалы заттарын өткізіп ақша алады. Кейін материалдық жағдайы көтерілгенде пайызымен қосып ломбардтан алған ақшасын өткізіп өз заттарын қайтып алады. Оқушылар өз заттарын өткізеді. Ақша табу үшін бүгінгі сабаққтағы тапсырмаларды орындайды.

Оқушыларды химиялық элементтердің таңбалары таратып беру арқылы деңгейлеріне қарай 3 топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын сұрау. «Кім жылдам» Әр сұрақ 10 тенге тұрады. Неше сұраққа жауап берсе сонша теңге алады.

І деңгей.

1. Химиялық реакцияның белгілері (жарық, тұнба, газ, иіс, түсі).

2. Заттардың бір-бірінен айырмашылығын көрсететін белгілер. (қасиеттері)

3.Химиялық реакцияны химиялық таңбалармен формулалар арқылы шартты түрде жазу (химиялық теңдеу)

4. Химиялық әрекеттесуге кіріскен заттың массасы одан түзілген заттың массасына тең, бұл қай заң ? (зат массасының сақталу заңы)

5. Темір (ІІІ) валентті оксидінің салыстырмалы молекулалық массасы нешеге тең ? (160 г/моль)

ІІ деңгей

1. Бір элементтің екінші элемент атомдарын қосып алу қасиеті. (валенттілік

2. Бөлінбейтін ең кішкентай бөлшектер.(атом)

3. Атомдардың әр түрінен түзілген заттар (күрделі заттар)

4. Реакцияны теңестіру үшін қойылатын сандар (коэффиценттер)

5. Атомдардың бір түрінен түзілген заттар (жай заттар)

ІІІ деңгей

1. Темірдің тат басуы қандай құбылысқа жатады ? (химиялық)

2. Алюминий неше валентті ?  (ІІІ)

3. Реакцияға кіріскен заттар (реагенттер)

4. Реакциядан шыққан заттар (өнімдер)

5.Зат массасының сақталу заңын ашқан кім ?  (М.Ломоносов)

(Әр сұраққа 10 тенгеден алады.)

І. Қызығушылын ояту.

Балалар реакция дегенге қалай түсінесіңдер? Балалардан сұрау арқылы ассоциация құрып аламыз

ІІ. Мағынаны тану

Жаңа сабақ.

Тақырыбы. Химиялық реакцияның типтері. Қосылу, айырылу реакциялары.

Оқушылармен бірге  қосылу мен айырылу реакцияларының анықтамасын тұжырымдамасын шығару үшін тәжірибе жасау ұсынылады.

1 жұмыс. Тәжірибе. Күкірт пен темір ұнтағы арасындағы химиялық реакцияны жасау.

1. Күкірт пен темір ұнтағын араластыру,

2. Күкірт пен темір ұнтағын магнитпен сынау,

3.Күкірт пен темір қоспасын сынауықта қыздыру,

4. Шыққан заттарды магнитпен сынау.

Оқушылар өздерінің бақылаулары нәтижесін қорытынды жасау үшін төмендегі сұрақтарға жауап береді.

1. Күкірт пен темірдің қасиеттері қандай ?

2. Күкірт пен темірдің қоспасын қыздырғаннан кейін не байқадыңыз ?

3. Күкірт пен темірдің қасиеттері өзгере ме?

4. Химиялық реакцияның белгісі бар ма ?

5. Тәжірибені теңдеумен жазыңыздар.

Оқушылар өз ойларын айтады реакция теңдеуін тақтаға жазады.

2 -жұмыс. Газды судың қақпағын ашып, қандай өзгеріс болып жатқанын оқушылардың бақылап отыруы тапсырылады.

Сұрақ.

1. Қандай өзгеріс болды ?

2. Химиялық реакцияның белгілері байқалды ма?

3. Реакция теңдеуін тақтаға жазып қоямын.

3- жұмыс. «Салыстыру»

Оқушыларға екі реакцияны салыстыруға тапсырма беріледі.

Оқушылар шешім айта алмаса түйін сөздер қолданылады. Түйін сөздер: Қанша? Қосылу, Айырылу.

Анықтама айту ұсынылады.

2 мысал жазылады.

CaO + CO2 = CaCO3      2H2O = 2H2 + O2   Сұрақ: Қандай реакцияның типіне жатады, алдынғы жазылған реакциялардан қандай айырмашылығы бар ?

Критерий: Реакцияны толық жазса -50 т

Реакция жартылай жазылса-20 т

(Дұрыс тұжырымдама жасаған оқушыларға 50 тенгеден беріледі.)

Оқушылар ізденіс жұмысы арқылы химиялық реакцияларды типтерге жіктеуде негізгі белгілері етіп әрекеттесуші заттар мен түзілген заттардың құрамының өзгеруіне сүйенеміз деген қорытындыға келді.

ІІІ. Ой толғаныс. (жаңа сабақты бекіту)

 

Дереккөздер:8 сынып оқулығы